Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет14/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   363

29 

 

- күнделікті балаға қанша рет «жоқ» деп, бетін қайтаратыныңызға мән беріңіз, шыққан 



қорытындыдан  шешім  жасаңыз.  Отбасында  бала  ата  -  анасына  түгелдей  тәуелді  екенін 

ұмытпаңыз; 

- ата - ана баланы қиындықтардың құрсағында жалғыз қалдырмауға тырысқаны жөн. 

Бала тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер, бұл - үлгі - өнеге, бірлікті еңбек, әңгіме - 

сұхбат, баланы қолдау мен қуаттау және қорғау. Бала ата  - аналар арасындағы байланысқа, 

басқа  адамдармен  қарым  -  қатынас  орнатуына,  отбасы  ішіндегі  тұрмыс  -  тіршілігіндегі 

жағдайларға,  барша  отбасылық  іс  -  әрекеттерге  қатысады.  Сондықтан  да  баланы  тәрбиелеу 

үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ, тек қана ата  - ана мен отбасы 

мүшелері тарапынан дұрыс, инабатты, адамгершілік әдебі сақталған қарым - қатынас арқылы 

баланы тәрбиелеп, өз болашағында осы қасиеттерді  басты ұстаным етіп алуын ұғындырған 

жөн. 

Ендеше бала тәрбиесінде «ұсақ - түйек» деп атап, мән бермей қалдыра салатын ешнәрсе 



жоқ  және  еш  қателесуге  қақымыз  да  жоқ.  Бала  -  әр  отбасының  бақыты.  Олай  болса,  өз 

бақытымызды бағалай білейік! 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1.  Базарбаева Н.А. Педагогикалық кеңес, 2009. №1 

2.  Бала мен балабақша.   2011 

3.  Дүкенбаева Г. Мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарының 

отбасындағы тәрбиесі. Алматы. 1994 

4.   Нысанбаева Ә. Ақыл. Адамгершілік. 1994 

5.   Отбасы және балабақша. 2003 

 

ЗАМАНАУИ БІЛІМ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ 

БАҒЫТЫНДА ПАЙДАЛАНУ 

 

 

ҚМҚК №134 «Гауһар» балабақшасы 

Адамбекова Айгуль Нургалиевна 

 

 

                                                           «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,  



                                                        ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» 

                                                                                                                  (Н. Ә. Назарбаев) 

МДМ – де балалардың тілін дамыту өзекті мәселе екені баршылыққа таныс. Міне, осыған 

орай  өз  тәжірибем  бойынша,  балалардың  тілін  дамытуда  әртүрлі  педагогикалық 

технологиялардың ерекше маңызы бар екенін айтып өтпекшіміз. Әрине, заман өзгерген сайын 

әдіс  –  тәсілдер  де  өзгеріп,  жаңарып,  толығып  отырады.  Әр  түрлі  жаңа  технологияларды  өз 

тәжірибемізде қолданып отырамыз. 

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына және 

тілінің дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. 

Қоғамда  болып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  мен  еліміздің  білім  беру 

саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі 

тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.  

Қазіргі  кезеңде  білім  ғылым    саласында  инновациялық  педагогикалық  технологиялар 

қаншалықты    маңызды  болса,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуде  де 

педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.   

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  тілін  дамыту  мәселесі  мемлекеттік  саясаттың 

ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің 

негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. 



30 

 

Жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, 



дамыту  үшін,  тұлғаның  ішкі  дүниесі  мен  оның  қыр  сырын  анықтап,  мүмкіншіліктері  мен 

қабілетінің және тілінің дамуына жағдай туғызу қажет.  

Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының 

қалыптасуы  мен  дамуында  педагогтардың  педагогикалық  технологияларды  қолдана  білу 

сауаттылығына да байланысты. 

Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде 

оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру - басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке 

дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып 

енгізілуде. 

Әрине мұндайда педагогикалық технологияға анықтама берген ғалымдардың бірін атап 

өтсек  те  болады.  Олар:  В.П.Беспалько,  В.М.Монахов,  В.М.Кларин,  П.И.Третьчков, 

И.П.Сенновский, Г.А.Монахова, М.А.Чошанов т.б. өз еңбектерінде қарастырып өткен. 

Білім  беру  жүйесінде  педагогикалық  технологияны  қолдану  келешек  ұрпақтың  еркін 

дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді тілінің дамуына, шығармашыл болуына жағдай 

жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген 

педагогикалық  технологиялар:  ойын  арқылы  оқыту,  проблемалық  оқыту,  модульдік  оқыту, 

дамыта оқыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, деңгейлеп – саралап  оқыту т.б. 

Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты - мектепке дейінгі 

білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді  қамтамасыз ету. Кез келген 

оқыту  технологиясы  тәрбиешіден  терең  теориялық,  психологиялық,  педагогикалық 

әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, бабалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны 

ұғына білуді талап етеді. 

Қазіргі  таңда  өз  балабақшамызда  қолданылатын  педагогикалық  технологиялардың 

бірнеше түріне тоқталайық. 

 Ойын  арқылы  оқыту  технологиясының  мақсаты  -  дидактикалық,  тәрбиелік, 

дамытушылық,  әлеуметтендірушілік  мақсатқа  жету.  Ойын  технологиясының  ерекшелігі 

ойындық  іс-әрекеттің  психологиялық  механизмі  жеке  бастың  өзіндік  талап-талғамдарына 

сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді 

көздейді.  Ойын  -  балалар  үшін  оқу  да,  еңбек  те.  Ойын  айналадағы  дүниені  танудың  тәсілі. 

Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана 

қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады. 

Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай тілін дамытуға және өзін қоршаған 

ортаны танып білуге  құштарлығын арттырады. Тәрбиеші ойын әрекетін ұйымдастыруда өзі 

жетекші  бола  отырып,  балаларды  ойнай  отырып  ойлануға  бағыт  беріп,  қиялын  және  тілін 

дамытады.  Мысалы:  Балалар  «Дауысынан  ажырат»  т.б.  ойындарын  аудио  таспадан 

жануарлардың,  құстардың,  көліктердің  т.б.  дауысын  ажыратып,  одан  кейін  суреттерін 

көрсетіп, олардың адамзатқа әкелетін пайдалары туралы әңгімелейді.  

Дамыта оқыту технологиясы - баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында еркіндік

мақсаткерлік,  ар-намыс,  мақтаныш  сезім,  дербестік,  адамгершілік,  еңбексүйгіштік, 

белсенділік т.б. қасиеттер дамыту. 

Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын 

қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, 

компьютер,  интерактивті  тақта,  ғаламтор,  мультимедиялық  құрал,  электрондық  оқулықтар, 

мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы 

басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы 

объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, 

қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда 

кеңінен  пайдалану.  Бұл  жағдайда  тәрбиеші  әр  оқу  іс-әрекеттерін  бастар  алдында  жиі 

көрнекіліктер  ауыстырмаған  болар  еді.  Ал,  мультимедиялық  оқулықтар  арқылы  тәрбиеші 

уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді. 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау