31
Бала бақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың
қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта
көруге мүмкіндік алады. Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған
таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге,
ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.
Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде
дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.
Оқытуда интерактивті кешендерді пайдалану сапалы, қызықты және оңтайлы болып
келеді. Электрондық мультимедиялық бағдарламаларды дәстүрлі оқыту және педагогикалық
инновациялармен қатар, оқыту үрдісінде үнемі қолдану дайындығы әртүрлі деңгейдегі
балаларды оқыту тиімділігін көтереді. Бірнеше технологиялардың пайдаланудың әсері, оқыту
нәтижесінін сапасын күшейтеді.
Электрондық жүйеде оқытуда мультимедияны пайдалану, балаларға ақпаратты беру
жылдамдығын, оны түсінуді көтеріп ғана қоймай, соңымен қатар мынандай маңызды
сапаларды интуиция, образдық ойлауын дамытады.
Мектепке дейінгі мекемеде интерактивті тақтаны пайдалану тәсілдері өте көп. Бұлар
презентациялар, интерактивті оқыту бағдарламалары, графикалық, бағдарламалық
орталықтарда жобалар құрастыру.
Интерактивті тақтаны пайдалануда қандай дағдылар болу қажет:
Компьютерді қолдана білудің бастапқы білімі
Word, Power Point бағдарламаларымен жұмыстану
Интернет жүйесінде жұмыстану практикасы (бейнелерді, әзір презентациялар мен оқыту
бағдарламаларын тауып алу).
Өздігінен даму технологиясы (Монтессории мектебі) - бұл баланы жан-жақты дамыту,
дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуіне, мұнда
оқыту бала дамуына сәйкес болуы керек, сонда ғана бала өзін де, тілін де дамыта алады.
Итальян психологі М.Монтесори түсіндіруінше баланың туғаннан азамат болғанға дейін
барлық өмірі - оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады.
Проблемалық оқыту технологиясы- баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық
және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Яғни, балалардың белсенділігі арттыру, оқу
материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім
мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру
мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады.
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы - білім, білік, дағдыны меңгерту болып
табылады. Әр баланы қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, балалардың әр түрлі топ
ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды бейімдеу, ыңғайлау.
Модульдік оқыту технологиясы-оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған
мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық процесті ұйымдастыру, тәрбиешіге нәтижені
талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Балалармен жүргізілетін
жұмыстарда кездесетін қиыншылықтардың алдын-алу және түзету жұмыстарының жүйесін
құру.
Қорыта келіп айтатын болсақ аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық
құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың
қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау
қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап,
көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне
көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.
Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жаңашыл тәрбиеші даярлауға
қойылатын талаптар балаларды оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі
уақыттағы кәсіптік дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді
көздейді.
32
Қолданылған әдебиеттер:
1. Отбасы және балабақша №2.2013ж. 71 бет
2. Бала мен балабақша
3. Мектепке дейінгі тәрбие №5 (18) 2013ж.
4. Ғаламтор жүйесі
ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ
Адилова Т.К.
Корғанбаева Н.О.
№8 НОМ ішіндегі шағын орталық.
Егеменді елдің ертеңі оқу білімінің тереңдігімен өлшенеді.Егер ұрпақтарымызды
парасатты да білікті,мәдениетті да білімді етіп тәрбиелеп,олардың дүниетанымын жалпы
адамзаттық деңгейде дамытамыз десек,бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ
өсіргіміз келетін болса,онда бүгінгі қоғамның барлық күшін қазақ балабақшасындағы оқу-
тәрбие саласына жұмылдыруымыз қажет.Адамзат бойына жинақтаған ең асыл қасиетті
мұраларын қастерлеп,аялап,күтіп ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде, соның ішінде халықтық құнды
мұралармен өзіне ғана тән ерекшелігі,әдет-ғұрпы ұрпағынан жалғасын тапты.
Халық педагогикасы негізін салт-дәстүр,қуыршақ театры,пікірлесулер,өнер сайыстары
арқылы қолдану,көрнекі құралдар бойынша,көрмеге қойылған заттар,фотоальбом (суретті
альбом).Халық педагогиканың құдіретті қаситеті-азаматтылыққа, адамгершілікке, еліне,
жеріне, тіліне,халқына,дәстүріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелейді.Біздің қазіргі алдағы
үлкен мәселелеріміздің бірі қазақ балабақшаларындағы бүгінгі таңда тәрбиеленіп отырған
бүлдіршіндер бойына,санасына адамгершілік қасиетін себу,тәрбиелеу.Адамгершілік қасиет-
тәрбиенің жүйелілігінің жемісі,адамзаттың жан-дүниесінің айнасы,оның ойы мен әрекетінің
сөзі мен ісінің бірлігі.Жас кезінен бастап бесік жырын естіп,аңыз-әңгімелерді әбден құлағына
сіңіріп өскен жас ұрпақ қайда жүрсе де,мекендесе де Ананы,Отанды,Еңбекті,Тілін сүюді
ешқашан жадынан шығармайды. Сондықтан мейірімділік пен адалдық,үлкенді құрметтеу,
ардақты қадір-қасиет Халықтық әуендер,билер,ауыз әдебиетінің туындылары,әдет-ғұрыптар-
халықтық педагогиканың құралдары.Егер біздер халықтық педагогиканы тиімді пайдалана
білсек,онда қазіргі балабақшалардың түр сипаты түрленіп,бала тәртібі,мінез құлқы
өзгереді.Баланың жан дүниесі,мейірімділігі сусындап,ақыл-ойы кемелденеді .
Халық даналығы арқылы адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында тіл дамыту сабағында
мынандай тақырыптарда жұмыстар жүргізіледі:қазақтың салт-дәстүрімен таныстыру,киіз үй
құрылысымен таныстыру,ою-өрнектермен таныстыру,нақыл сөздерді үйрету.Бүгінгі жас
ұрпақтың перзенттік парызы-батыр бабалардың рухына бас ию,ар-намысын биік ұстау,елге
тағзым ету,ұлттық тілімізді, ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік рәміздерді сыйлау.Қай
заманда, қандай қоғамда болсын алдымызда тұрған зор міндеттердің бірі-болашақ ұрпақты
тәрбиелеу.Жан-жақты жетілген,ақыл-парасаты мен мәдениеті мол,саналы ұрпақ тәрбиелеуде
халықтың салт-дәстүрін,ел дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы
балаларды адамгершілікке тәрбиелеуге болады.Халық педагогикасының қағидалары
ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса отырып,бірте-бірте сұрыпталып,қордаланған бай тәжірибемен
кемелденіп, «халық айтса,қалт айтпайды»дегендей дәрежеге жетіп үнемі дамып
келеді.Жаңару заманы қоғамдағы ірі өзгерістермен бірге ұлттық сананы,халықтық қадір-
қасиетімізді,әдет-ғұрып,
салт-дәстүрімізді,психологиялық
,табиғи,тарихи
даралық
белгілерімізді жандандыруымызға жол ашты.