Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет17/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   363

35 

 

2. басқа ересектер тобымен байланыста болғанда 



3. мектепке дейінгі оқыту мекемесінің ішінде 

4. отбасымен байланыста 

5. мәдени мекемелерімен бірге 

6. қоғамдық ұйымдармен 

в) қатысушылардың саны бойынша: 

1. жеке 


2. жұппен 

3. жаппай 

г) жалғасуы бойынша: 

1. қысқа мерзімде 

2. орташа ұзақтықта 

3.  ұзақ мерзімде 

 Өз Отанын, өлкесін, халқын сүюге тәрбиелеу – педагогтың алдына қойған міндеттерінің 

бірі болып саналады. Қоршаған орта баланы адамдармен, туған өлкемен байланыстырып, жеке 

тұлға болып қалыптасуына шешуші ықпал етеді. «Бұл ықпалдың түп тамыры баланың өмір 

сүріп  отырған  ортада  өз  халқының  ана  тілін  сүюінде,  халық  әндеріне,  ойын  ойнауға 

қызығуында, туған өлкесінің табиғатын  аялауға, тұрмыс, салт-дәстүрлерін меңгеруде болып 

отыр». 


Адам  бала  кезден  қалыптасады.  Мектепке  дейінгі  жастан  бастап,  өз  елінің  азаматы 

болуға  тұлғаның  іргетасын  қалайды.  Балаларға  Қазақстан  туралы,  оның  тарихын,  осы  елде 

тұрып  жатқан  халықтардың  мәдениеті  мен  дәстүрін  меңгеруге  географиялық  және 

өлкетанушылық білім қажет. 

Біз, өз ұлтымыздың мәдени- мұраларымен қоса, өзге ұлт өкілдерінің мәдени-мұраларын 

да ұмытпаймыз. 

Қазақстан адамдарды өзіне шексіз даласымен, биік тауларымен, мөлдір өзен- суларымен, 

орман алқаптары мен шөлдерімен тартып тұрады. 

Ал,  біздің  балалардың    табиғатты  сүюі,  дәстүрдің  дамуына  үлес  қосуы  мына  бүгінгі 

біздерге байланысты. 

Бұл жобаны жасаудағы мақсатым: балалардың туған өлкесінің, қаласының тарихы мен 

мәдениетін  білуіне,  қазақ  ұлтының  мәдениетіне  деген  сүйіспеншілігін  арттыруға,  өзге  ұлт 

өкілдеріне құрметпен қарауына ықпал жасау. 

Ал, міндетім: баланы рухани-адамгершілікке және туған үйіне, отбасына, балабақшаға, 

өз  халқының  мәдениетіне  тәрбиелеу;  Отанын  сүюге,  мемлекеттік  рәміздерді  қадірлеуге, 

қоғамдық мерекелерге баулу; жобаның негізінде олардың сана-сезімін ашу, ойлау, елестету, 

тілдік құрамын дамыту; 

Бұл жобаның өзектілігі, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен бөлек, тәрбиеленушілердің 

мәдени- ұлттық мұра негізінде білімдерін тереңдетуге және кейбір орыс тілді ата-аналардың 

бұл тақырып аясында білетіндері жеткіліксіз болғандықтан көмегін тигізетінінде болып отыр. 

Жобалау технологиясы арқылы, ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінен тыс, ұлттық мәдени 

– мұра негізінде, болашақ жоспар құрып,тәрбиеленушілердің білімдерін жетілдіріп отырдым. 

Мысалы,  «Қазақстан  -  республикам  менің»  модулі  бойынша,  балаларға  Елбасының  өмір 

жолын, Елордамыз Астананың көркеюі туралы және еліміздің рәміздерін қастерлеу жайында 

әңгіме  жүргіздім.  «Ойыншықтар»  модулі  бойынша,  баланың  негізгі  құралы  ойыншық 

болғандықтан,  ойыншықтың  маңызы  мен  түрлерін  балаларға  түсіндіріп,  ойын  сабағын 

жүргіздім. Машина- ұлдардың, ал қуыршақ қыздардың ойыншығы деген сияқты. «Бабалардың 

мекені»  модулінде,  балаларға  ұлттық  баспанамыз  киіз  үй  туралы  әңгіме  жүргіздім. 

«Жиһаздар» модулі бойынша әңгіме- бақылау жүргіздім. Ол жерде балалалар киіз үйдің ішкі 

жабдықтарымен: сандық, ағаш төсек, сырмақ, ағаштан жасалынған ыдыстар, дөңгелек үстел, 

диірмен, келімен таныс болды. Ұлттық киімдердің үлгісімен танысты. Ұлттық оюға да жеке 

тоқталып өттім. «Жайлауда» модулі бойынша, қазақ халқының тіршілігін үй жануарларынсыз 

елестету  мүмкін  еместігін  және  олардан  алынатын  жүн  бұйымдары,  еттен  жасалынатын 



36 

 

ұлттық  тағамдар  ,  сүт  өнімдерінен  жасалынатын  азықтар,  оның  адам  ағзасына  пайдалы 



екендігі туралы әңгіме-серуен өткіздім. «Көктемгі мерекелер» модулінде, Ұлыстың Ұлы күні 

– Наурыз туралы кеңінен тоқталып,әңгіме- серуен жүргіздім. Балалар бұл модуль бойынша, 

қазақ халқының ұлттық  мәдени- мұраларға бай екендігіне көз жеткізді. 

Осы  жұмыстардың  негізінде,  балаларда  Қазақстан  республикасының  Президентін, 

Астана  және  рәміздер  жайында,  ұлттық    мәдени-  мұраларды  меңгеру  туралы  білімдері 

қалыптасады.  Балалар  ұлттық  ойындар  туралы  мәлімет  алып,  қызыға    ойнайды.  Киіз  үйдің 

құрылымымен,  оның  басқа  үйлерден  айырмашылығы  және  жабдықтары  туралы 

танысады.Қазақ  халқының  халық    ауыз  әдебиетімен  танысып  қоймай,  жадыларына    терең 

сіңіре біледі.  

Қорыта келгенде, балаларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, 

дербес іс- әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау- жобалау технологиясының негізі. Нақты 

тақырып төңірегінде баланың алдына әр кезеңде мақсат қоя біліп, сол мақсатқа қол жеткізудегі 

іс-әрекеті. Конфуцийдің «Естігенімді – ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, өзім істегенімді 

меңгеремін» дегені , бұл технологияның негізгі ұстанымы.  

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8- бабында «Білім беру жүйесінің 

басты  міндеттерінің  бірі-  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 

ақпараттандыру,  халықаралық  ғалымдық  коммуникациялық  желілерге  шығу  деп  атап 

көрсеткен». 

Оқытудың  жаңа  педагогикалық  технологияларын  меңгеру  мұғалімнен  орасан  зор 

іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген  

жүйелі  ізденістер  мұғалімнің  жаңа  технологияны  меңгеруіне,  инновациялық  жетілуіне 

мүмкіндік береді. 

Жалпы технологияны меңгеруде мұғалімнің жан- жақтылығы және білімі қажет. 

 

 



 

Қолданылған әдебиеттер: 

1.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010 . 52 б. 

2.  Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан 

халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2011. 44 б. 

3. Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы: Оқу құралы:- Алматы; 

РБК, 1999. 

4.  Клипатрик  У.Х.  «Метод  проектов.  Применение  целевой  установки  в  педагогическом 

процессе» (1928).- цит. по «педагогическая лекция» 

2003/2004 учебный год. 



 

 

 

БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУДАҒЫ БАЛАБАҚШАНЫҢ МАҢЫЗЫ 

 

 

А.К.Айбасова 

тәрбиеші 

«Балбөбек» балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 

 

 

Мектепке дайын болу –  



оқи білу, жазу, санай алу емес.  

Мектепке дайын болу –  

осының барлығын үйренуге дайын болу. 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау