12. ШАТАСҚАН СЫЗЫҚТАР
Балаға қарындашсыз, тек көзбен басқа сызықтармен шыр-
малып кеткен сызықты басынан аяғына дейін қарап шығуды
ұсыныңыз.
Суреттерді төмен қаратып, жайып, жақсылап араластырыңыз.
Оларды қатар-қатар етіп, тікбұрыш түрінде жинаңыз. Ойыншы-
лар кезектесіп, кез-келген екі суретті ашады, суреттер бар-
лығына жақсы көрінуі тиіс. Егер бірдей екеуі табылса, ойыншы
оларды өзіне алады, ал суреттің сыңары болмаса, суретін төмен
қаратып, орнына қайтарады. Келесі ойыншының жүрісі бастала-
ды. Кім көп сыңар сурет жинаса, сол жеңімпаз атанады.
Бірте-бірте ойынды күрделендіре түсуге болады: мысалы, су-
реттің сыңарын тапқан ойыншының қосымша жүрісі болатыны
туралы келісіп алуға болады: немесе, егер ойыншы екінші
суретті ашып қателессе, бірақ, кейін қажетті суреттің орны есіне
түссе, ол үшінші суретті аша алады: қателессе, кезек келесі
ойыншыға өтеді.
13. АҢШЫ ҮНДІС ТАЙПАЛАРЫ АРАСЫНДА КЕҢ ТАРАЛҒАН ОЙЫН
Балаларға қысқа уақытқа тыныш отырып, айналадан шығып
жатқан шуды естуге тырысып, қайдан шығып жатқанын (кейбір
шуды арнайы ұйымдастыруға болады) табуды ұсыныңыз. Бұл
ойынды жарыс түрінде өткізуге болады: кім көбірек шу естиді
және қайдан шыққанын табады.
14. СЫҢАР СУРЕТТЕР
Бірнеше бірдей суреттер жұптарын дайындаңыз – сіз оларды
қатты қағазды шаршыларға бөліп, балаңызбен бірге салсаңыз
болады. 5-6 жасар баламен ойынды 12 жұп суреттен бастауға
болады, бірақ, кейін ойынды күрделендіру үшін және баланың
қызығушылығын арттыру үшін суреттер санын көбейтіңіз (кіші
жастағы жасөспірімдер елу шақты сыңар суреттермен ойнай
алады).
ҰСЫНЫЛҒАН ОЙЫНДАРДЫ БАЛАЛАРЫҢЫЗБЕН
ОЙНАҒАНДА, РӨЛДЕРДІ АУЫСТЫРЫП ОТЫ-
РЫҢЫЗ, БАЛА ТЕҢ ҚҰҚЫЛЫ СЕРІКТЕС БОЛУЫ
ҮШІН ЖҮРГІЗУШІ БОЛЫП, СІЗГЕ ТАПСЫРМА
БЕРІП КӨРСІН. БАЛА СІЗДІҢ КӨҢІЛ-КҮЙІҢІЗДЕН
БІРГЕ ОЙЫН ОЙНАУ СІЗГЕ ҰНАЙТЫНЫН СЕЗІН-
СІН. БАЛАНЫ «ЗЕЙІН ҚОЮҒА ҚАТЫСТЫ ҚИЫН-
ДЫҚТАРЫ БОЛҒАНДЫҚТАН» ОСЫ ОЙЫНДАРДЫ
ОЙНАУҒА МӘЖБҮРЛЕМЕҢІЗ.
12
ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУҒА
АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР
2
БАЛАЛАРДЫҢ
ТАМАҚТАНУДАҒЫ
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
3
13
Міне, сондықтан, ерте бала-
лық шақтан бастап, баланың
«дұрыс», сау тамақтану мі-
нез-құлқын қалыптастыру және
оның артық тамақтану, аз та-
мақтану, «әбден тойғанша жеу»,
тамақ мөлшерін үлестіре білмеу,
қандай да бір өнім түріне
әуестік, тамақтануда қандай да
бір өнімнің болмауы, тамақта-
нудағы қорқыныштар сынды
ауытқушылықтардың туындауын
болдырмау маңызды.
A
Адамның тамақтанудағы мінез-құлқы – тамақтануға
қатысты әдеттердің және әрекет ету тәсілдерінің жиын-
тығы. Оған тамақ талғау, емдәмдік тамақтану (диета),
тамақтану тәртібі кіреді. Тамақтанудағы мінез-құлық
адамның өмірі бойында мәдени, әлеуметтік, отбасылық,
биологиялық факторлар әсерімен қалыптасады. Дұрыс
тамақтану мықты денсаулықтың және сәйкесінше, өмір
сапасының кепілі болып табылады. Екі жастан бастап-ақ,
бала алғашқы тамақтану әдеттерін иелене бастайды, атап
айтқанда, екі жастан бес жасқа дейін ол тамаққа қатысты
тым талғампаз болады. Ерте жастан бастап тамақтануда
қалаулар, тамақтануға қатысты мінез-құлық қалыптасады.
Мамандардың пікірінше, тамақтанудағы мінез-құлықтың
бұзылуы негізінде көбінесе қорқыныш, күйзеліс сияқты
психологиялық сипаттағы мәселелер жатады, олардың
туындауы ата-ананың, құрдастардың, бұқаралық ақпарат
құралдарының теріс әсерімен байланысты. Тамақтың
сапасы және тіпті ананың жүктілік кезінде қалай та-
мақтанғаны маңызды рөлге ие. Батыс ғалымдары зерттеу
жүргізіп, оның барысында әйелдерді жүктілігінің екінші
және үшінші триместрінде белгілі «пайдалы» өнімдерді
тұтынуы мен кейін балаларының тамақ талғауы арасын-
да сөзсіз байланыс бар екені анықталған.
Көп жағдайда баланың тамақтану мінез-құлқындағы бұ-
зылушылықтар үшін ата-ана жауапты. Баланың тамақта-
нудағы мінез-құлқын қалыптастыру барысында қате
жіберу мүмкіндіктері – орасан зор, олар ата-аналарды
әр қадам басқан сайын аңдып тұрады. Бірақ, тамақта-
нуда бұрыс мінез-құлық қалыптастыру қауіп-қатерінің
тууына ықпал ететін кейбір негізгі факторларды атап
көрсетуге болады:
14
БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУДАҒЫ
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
3
1. Үлгі болу. 4 жасқа дейінгі кезеңге дейін аталмыш факторлар
арасында бас орынды отбасы ықпалы, ең бірінше кезекте, ана-
ның ықпалы иеленеді. Ананың қандай да бір азық-түлік өніміне
эмоционалдық, сондай-ақ, рационалдық көзқарасы көбінесе
баласының осындай тағам түріне көзқарасын анықтайды. Ана-
ның тамақ талғауы баласына ұсынылатын өнім түрлерін шектей
алады. Анасы сан рет дәмсіз деген, өзі жеуден бас тартатын
тағамды баланың ұнатуын күту айтарлықтай таңданарлық. Бала
ата-анасынан өзінің тәуелсіздігін толығымен сезінбейінше,
«дәмсіз, бірақ пайдалы» тамақты өзін мәжбүрлеп жейтін шығар,
ал өтпелі жаста бірқатар жағымсыз тосын сый күтуге болады.
Егер қапаланған анасы уайым-қайғысын бір тілім торт жеп
басуға әдеттенген болса, қызы осындай жағдайда спортзалға
баратынын күту тіпті оғаш.
2. Балалар әсерге берілгіш, тым
сенгіш және иланғыш. Сондықтан,
егер отбасының ересек мүшелері
әңгімелерінде «бала ештеңе жемейді,
аз тамақтанады», «көкөністер жегенді
ұнатпайды» дей беретін болса, олар
баланы тамақтануда тым талғампаз
болуға өздері итермелейді, ал бұл
оның тәбетіне теріс әсер етеді.
3. Балаға өз басындағы мәселелерді артып қою. Өкінішке орай,
тұрмыста жиі орын алып тұратын келесі жағдайды басқаша
атауға келмейді: бала орындықта отыр, жанында анасы қолына
тәрелкені алып, баланың аузына мейлінше көп ботқа салып
жіберуге тырысып отыр, әрі бұл әрекетін бір жаққа асығып бара
жатқандай, балақайды қайта-қайта асықтырып жасайды. Бала
қақалады, шашалады, анасының жылдамдығына ілесе алмайды,
анасы, сәйкесінше, ашуланады, баласының қажеттіліктеріне
мұқият болудан қалады. Тамақтандыруды бар ынтамен дайын-
далған ботқаның немесе езбенің қажетті көлемін балаға жегізу
мақсатын орындау деп қабылдамаған өте маңызды. Кейде тіпті
анасы баласын езбе жемей қойғаны үшін ұрып-соғатын да
жағдайлар кездеседі, себебі, тамақты қоқысқа тастайтынына
кейиді.
4. Балаларды шамадан тыс
тамақтандыру бірқатар
жағымсыз салдарға алып келуі
ықтимал: шапшаң (құсу, іш ке-
буі) және кейінгі қалдырылған
(анорексия (тәбетсіздік), були-
мия (мешкейлік), семіру, жүйке
жүйесінің бұзылушылықтары,
ішек құрылысының аурулары).
15
БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУДАҒЫ
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
3
Достарыңызбен бөлісу: |