Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін


 Дайындалатын тамақ да әртүрлі болғаны дұрыс



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет6/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

8. Дайындалатын тамақ да әртүрлі болғаны дұрыс. Тамақтану-
да ата-анасының емес, баланың талғамы және қалауы ескерілуі 
тиіс – баланы әс мәзірінде тек өзіңізге ұнайтын тағамдармен 
ғана шектемеңіз. Тағамды әрлеуде де тапқырлық танытыңыз. 
Бала жеуден бас тартқан тағамдарды қайта-қайта дайындай 
бермеңіз, бұл оны тек дастархан басында жанжал шығаруға 
итермелейді.
9. Балаға дастархан басында ұрыспаңыз. Тамақтану орны 
ұнамды сезімдермен байланысты болуы тиіс. Егер ескерту 
жасау қажет болса – дастархан басынан шығу керек, дұрысы 
көрші бөлмеге шығып кеткен жөн.
10. Баланың еркелігіне көне беруге болмайды. Бала тамақ 
ішуден бас тартса, ересектердің жасайтын үлкен қателігі – оған 
бірден тамаққа балама ұсыну. Баланың еркелігін көніп, сіз оған 
жуырда бөлек тамақ дайындайтын боласыз. Ал егер сіз бала-
малардан бас тартсаңыз, еркелік ішінара және тіпті толығымен 
тыйылады. Тамақтанудағы алғашқы қиындықтар көбінесе бала 
бір және екі жас аралығында туындайды. Бұл кезеңде ата-анаға 
баланың қиқарлығына дұрыс жауап қайтару өте маңызды. Егер 
анасы ашулана немесе үрейлене бастаса, бұл тек отқа май құя-
ды. Анасы неғұрлым көп ашуланса және өз дегенінен қайтпаса, 
бала да соғұрлым аз тамақ ішеді. 
4. Баланы күштеп тамақтандыруға, тамақты аз жейтіні үшін 
жазғыруға болмайды.
5. Тамақты ортақ дастархан басында ішу керек – отбасылық 
дәстүрлер бала үшін маңызды. Бірлесіп тамақтану пайда-
сының тағы бір себебі бар. 4-5 жасқа толғанда балалар 
тамақтануда тәжірибе жасай бастайды. Бұрын ұнатпағаны 
кенеттен ұнай бастайды және сүйікті тағамына айналады. Бәрі 
қызылша салатын жеп отыр, маған неге жеп көрмеске?
6. Бала сізден тамақтанудағы теріс әдеттеріңізді үйреніп 
алмауын қадағалаңыз (тоңазытқыштан ала салып, алдында 
тұрып жемесін, телебағдарламалар көру барысында тамақ 
ішпесін, тамақты өзін-өзі жұбату үшін ішпесін және т.б.).
7. Тамақ тартымды және дәмді болуы тиіс – балаға әрбір істе 
ойын маңызды. Ол ас мәзірін әзірлеуге, азық-түлік сатып 
алуға және тіпті тамақ әзірлеуге, мысалы, жеміс-жидектерді 
және көкөністерді жуу тәбетін аша түсуі мүмкін, қатысуы тиіс.
19
БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУДАҒЫ
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
3


ЕГЕР БАЛАҢЫЗ АЗ ТАМАҚТАНАДЫ ДЕП АЛАҢДАСАҢЫЗ, 
ЖЕГЕН ТАМАҒЫНЫҢ КӨЛЕМІН НАҚТЫ ЕСЕПТЕП 
КӨРІҢІЗ, ТАҒАМДАРДЫҢ ТҮРІН ЖӘНЕ КҮНІНЕ, АПТА-
СЫНА ЖЕЛІНГЕН ҚАСЫҚ САНЫН ЖАЗЫП ОТЫРЫҢЫЗ. 
ЖАЗБАЛАРЫҢЫЗДЫ ПЕДИАТРҒА КӨРСЕТІҢІЗ, ТАЛҚЫ-
ЛАҢЫЗ, КҮМӘНДАРЫҢЫЗДЫ СЕЙІЛТІҢІЗ. ҚАНДАЙ 
ЖАҒДАЙ БОЛМАСЫН, БАЙБАЛАМ САЛМАҢЫЗ.
Егер балалар ас ішетін құралдарды пайдалана алатындай есей-
ген болса, оның тамақты қолмен жеуін қоштамаған жөн. Бала 
ересектерге еліктеп, әдептілік ережелерін сақтағаны дұрыс 
болады.
11. Тамақты баланы басқару құралы ретінде пайдалануға 
болмайды. Тамақ арқылы мақтау білдіруге немесе жазалауға 
болмайды. Баланы көкөніс немесе ет жегізу үшін тәтті беріп, 
алдарқатпаңыз, әйтпесе, жуық арада тәтті тағам ең қалаулы 
тамағына айналып кетеді. 
12. Тамақтан бас тарту сырқат немесе әртүрлі үрей түрлерінің 
салдары болуы мүмкін. Бала көптеген қиындықтардан тәбеті-
нен айырылуы мүмкін - мысалы, ауырып жатқанда. Әдетте, тәбет 
осындай кезеңнің аяғында жоғалады. Аналар балаларының 
аузына «бар пайдалыны» тыққыласа, тез жазылып кетеді деп 
ойлайды, бірақ баланың ағзасы сырқаттан әлі айыққан жоқ, 
оған күш-қуатын да, тәбетін де қалпына келтіру үшін уақыт 
керек. Тамақтан бас тарту әрқилы үрей түрлерінің салдары 
болуы мүмкін: мысалы, өзінен кіші інісінен немесе қарында-
сынан (сіңілісінен) қызғану, балабақшаға бару, қандай да бір 
қорқыныштар. Түпкі себебі жойылса, тәбет те міндетті түрде 
пайда болады.  
20
БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУДАҒЫ
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
3


БАЛАЛАР 
АШУШАҢДЫҒЫ
4
21


АШУШАҢДЫҚ БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНАН 
ҚАЛАЙ КӨРІНЕДІ?
Зар еңіреп жылап жатқан нәрестенің ашуы мен нараз-
ылығының себебі қарапайым: баланың физиологиялық 
қажеттіліктері қанағаттандылырмаған. Бұл жағдайда 
ашушаңдық – өмір сүру үшін күресу әрекеті.
1,2-5 жасар баланың долылығы және құрдасына шабуыл 
жасауы, ойыншықты иелену үшін жанжал шығаруы.
Егер ата-анасы осы жаста баласының мінез-құлқына 
төзімділікпен қараса, нәтижесінде ашушаңдықтың ны-
шандық түрлері қалыптасуы ықтимал: қыңқылдау, тілазар-
лық, қыңырлық және т.с.с.
3 жасар баланың айғайлауы, тістеленуі, аяғымен жер 
тепкілеуі оның «зерттеу түйсігін» шектеумен, тойымсыз 
білімқұмарлық пен ата-анасының үнемі тыйым салуы 
арасындағы қарама-қайшылықпен байланысты болуы 
мүмкін.
Мектепке дейінгі жастағы ұл баланың сотқарлығы, қыз 
баланың жылаңқылығы, шаңқылдауы. Бұл жаста ұл 
балалардың бойында қыздарға қарағанда ашушаңдық 
үрдістері көбірек байқалады, себебі, қыздар жазалану-
дан қорқатындықтан, ашушаңдығын көрсетуге жүрексі-
неді, ал ұл балалардың ашушаңдығына айналадағылар 
мақұлдағандай болып, төзімділікпен қарайды.
Кіші мектеп жасында ұл балалардың өзгелерге ша-
буылдау жайттары, ал қыздарда «әлеуметтендірілген» 
ашушаңдық белгілері: кемсіту, келемеждеу, бәсекелестік 
жиі байқалады.
Жасөспірім ұл балаларда физикалық ашушаңдық 
(шабуылдау, төбелесу), ал қыз балаларда негативизм 
(теріске шығару) және ауызша ашушаңдық (өсек, сын, 
қоқан-лоқы, балағаттау) басым болуын жалғастыра 
береді.
22
БАЛАЛАР АШУШАҢДЫҒЫ
4
i
АШУШАҢДЫҚ – БІРЕУГЕ ЗИЯН КЕЛТІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН 
ФИЗИКАЛЫҚ НЕМЕСЕА АУЫЗША (СӨЗБЕН ЖЕТ-
КІЗІЛЕТІН) МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ.


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау