Қымбатты студенттер!


Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет9/21
Дата15.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#26646
түріАнықтамалық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы

 

 



18 

 

 



МАК  жұмысының  кестесін  офис  регистратор  құрады,  жұмыс  кестесін  ЖОО 

басшысы  бекітеді  және  МАК  жұмысы  басталуына  дейін  екі  аптадан  кешіктірілмей 

кӛпшіліктің назарына жеткізіледі. 

 

Студенттерді  қорытынды  аттестаттауға  жіберу  осы  Қағидалардың  62-тармағы 



негізінде  студенттердің  тізімі  тегі,  аты,  әкесінің  аты  (болған  жағдайда),  мамандығы 

(білім  беру  бағдарламасының)  кӛрсетіле  отырып,  қорытынды  аттестаттауға  дейін  екі 

аптадан  кешіктірілмей  ЖОО-ның  тиісті  құрылымдық  бӛлімше  басшысының  ӛкімімен 

ресімделеді. 

 

Қорытынды  аттестаттау  басталуына  дейін  үш  жұмыс  күнінен  кешіктірілмей 



МАК-қа ұсынылады: 

      1) студенттерді қорытынды аттестаттауға жіберу туралы ӛкім; 

      2)  оқытудың  барлық  кезеңіндегі  студенттер  үлгерімінің  орта  салмақ  баға 

ӛлшемдері GPA есептелген транскрипт; 

 

Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  қорғалуына  дейін  бес  жұмыс  күнінен 



кешіктірілмей МАК-қа ұсынылады: 

      1)  дипломдық  жұмыс  (жобаның)  ғылыми  жетекшісінің  "қорғауға  жіберіледі" 

немесе "қорғауға жіберілмейді" деген дәлелді қорытындысы берілген пікірі; 

      2)  қорғауға  ұсынылған  дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  жан-жақты  мінездемесі 

және  білімді  бағалаудың  балдық-рейтингтік  әріптік  жүйесі  бойынша  бағасы 

кӛрсетілген  дәлелді  қорытындысы  және  тиісті  мамандығы  бойынша  "бакалавр" 

дәрежесін немесе біліктілігін беру мүмкіндігі туралы рецензия; 

      3)  бітіріп  шығарушы  кафедраның  қорғауға  ұсынымдамалары  туралы  шешімі 

(кафедра отырысы хаттамасының кӛшірмесі); 

      4)  дипломдық  жұмысты  (жобаны)  плагиаттық  мәніне  қатысты  тексеруден  ӛткізу 

туралы анықтама. 

 

МАК-қа,  қажет  болған  жағдайда  орындалған  дипломдық  жұмыстың  (жобаның) 



ғылыми және практикалық құндылықтарын сипаттайтын басқа да материалдар, ресми 

емес  пікірлер,  диплом  жұмысының  (жобаның)  бейіні  бойынша  практикалық  қызметті 

жүзеге  асыратын  ұйымның  жазбаша  қорытындысы,  ғылыми-зерттеу  нәтижелерін 

енгізу  анықтамалары  немесе  актілері,  макеттер,  ауылшаруашылық  ӛнімдері 

материалдарының,  бұйымдарының  үлгісі,  минералдар  коллекциясы,  гербарийлер 

ұсынылады 

 

МАК отырыстарының ұзақтығы күніне 6 (алты) академиялық сағаттан аспайды. 



 

Мамандық  бойынша мемлекеттік  емтихан  ЖОО  пәндердің  оқу  бағдарламалары 

негізінде әзірлеген бағдарлама бойынша жүргізіледі. 

      Мамандық  бойынша  мемлекеттік  емтихан  бағдарламасы  ЖОО-ның  ғылыми 

кеңесінің шешімімен бекітіледі. 

 

Ғылыми жетекшісінің оң пікірі және  қорғауға ұсынылатын жұмыс бейініне  сай 



келетін  маман  тарапынан  бір  рецензиясы  болғанда  білім  алушы  диплом  жұмысын 

(жобасын) қорғауға шыға алады. Егер ғылыми жетекші "қорғауға жіберілмейді" деген 

жағымсыз  қорытынды  берген  жағдайда,  білім  алушы  дипломдық  жұмысты  (жобаны) 

қорғауға жіберілмейді. Білім алушы рецензенттің оң қорытындысы сияқты, жағымсыз 

қорытындысы болған жағдайда да дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жіберіледі. 

 

Дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  ғылыми  жетекшісі  ЖОО-ның  ғылыми 



кеңесінің  шешімі  негізінде  ЖОО  басшысының  бұйрығымен  тақырыптың  атауы 

кӛрсетіле  отырып,  әр  білім  алушыға  дербес  бекітіледі.  Дипломдық  жұмыстардың 

(жобалардың)  рецензенттері  ЖОО  басшысының  бұйрығымен  жұмыс  орны,  лауазымы 



Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы

 

 



19 

 

және білімі (мамандығы бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі, жоғары білім 



туралы  дипломы  бойынша  базалық  білімі)  кӛрсетіліп  тиісті  құрылымдық  бӛлімше 

басшысының ұсынысы бойынша жалпы тізіммен бекітіледі. 

 

Дипломдық  жұмысты  (жобаны)  рецензиялау  біліктілігі  қорғалатын  жұмыс 



бейініне сәйкес келетін ұйымдардың мамандары тарапынан жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік  емтихан  мен  диплом  жұмысын  (жобасын)  қорғаудың  нәтижелері 

бойынша  білім  алушының  теориялық,  ғылыми  және  практикалық  дайындықтарын, 

сондай-ақ  ғылыми  жетекшісі  мен  рецензенттің  пікірлерін  назарға  ала  отырып,  білім 

алушылардың білімін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша баға қойылады. 

 

Мемлекеттік  емтихан  тапсыру  және  диплом  жұмысын  (жобасын)  қорғаудың 



нәтижелері  олар  ӛткізілген  күні  МАК  отырысының  хаттамасына  қол  қойылған  соң 

жарияланады. 

 

МАК-тың барлық отырыстары хаттамамен ресімделеді. 



 

МАК  отырысының  хаттамалары  әр  бітірушіге  жеке  толтырылады.  Мемлекеттік 

емтихан  тест  түрінде  ӛткізілген  жағдайда  хаттама  толтыруға  емтихан  ведомосы  негіз 

болады. Хаттаманы комиссия құрамына бекітілген және дауыс беру құқығы жоқ МАК 

хатшысы толтырады. 

 

Мемлекеттік  емтихан,  диплом  жұмысын  (жобасын)  қорғау  бағалары  туралы 



сондай-ақ,  академиялық  дәреже  тағайындау  және  біліктілік  беру  және  мемлекеттік 

үлгідегі  (үздік  емес,  үздік)  диплом  беру  туралы  шешім  МАК  отырысына  қатысушы 

мүшелерінің  кӛпшілік  дауысымен  жабық  отырыста  ашық  дауыс  беру  арқылы 

қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда МАК тӛрағасының дауысы шешуші 

болып табылады. 

 

Қазақстан  Республикасының  "Ұлттық  мұрағат  қоры  және  мұрағаттар  туралы" 



заңына сәйкес МАК-тың хаттамалары ЖОО-ның мұрағатында сақталады.  

 

Қорытынды  аттестаттауға  дәлелді  себеппен  келмеген  білім  алушы  МАК 



тӛрағасының атына еркін нысанда ӛтініш жазады, дәлелді себепті растайтын  құжатты 

ұсынады  және  оның  рұқсатымен  МАК-тың  басқа  отырысы  болған  күні  емтихан 

тапсырады немесе дипломдық жұмысты (жобаны) қорғайды. 

 

Білім  алушы  қорытынды  аттестаттаудың  нәтижелерімен  келіспесе,  аттестаттау 



ӛткізілгеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляция беруіне болады. 

 

Апелляция  ӛткізу  үшін  ЖОО  басшысының  бұйрығымен  біліктілігі  аталған 



мамандықтың  бейініне  сәйкес  келетін  тәжірибелі  оқытушылардан  апелляциялық 

комиссия құрылады. 

 

Қанағаттанарлықсыз  баға  алғаннан  кейін  МАК-қа  ұсынылған  денсаулық 



жағдайы туралы құжаттар қарастырылмайды. 

 

Бағаны  жоғарылату  мақсатында  мемлекеттік  емтиханды  қайта  тапсыруға  және 



дипломдық жұмысты (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді. 

 

"Қанағаттанарлықсыз"  деген  баға  алған  тұлғаларға  мемлекеттік  емтихандарды 



қайта  тапсыруға,  сондай-ақ  диплом  жұмысын  (жобасын)  қайта  қорғауға,  қорытынды 

аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді. 

 

Диплом 


жұмысын 

(жобасын) 

қорғау 

барысында 



диплом 

жұмысы 


"қанағаттанарлықсыз"  деп  есептелгенде,  МАК  сол  жұмысты  пысықтап  қайтадан 

қорғауға  ұсынуға  немесе  жұмысты  (жобаны)  жаңа  тақырыппен  әзірлеуге  мүмкіндік 

береді. МАК-тың бұл шешімі мәжіліс хаттамасына жазылады. 



жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау