Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
22
Кешенді емтихан:
- магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға дейін 1 ай бұрын;
- докторлық диссертацияны қорғауға дейін 3 ай бұрын қабылданады.
Кешенді емтихан нәтижелері магистратура мен докторантурада әрбір білім
алушыға жеке толтырылатын хаттамамен ресімделеді.
Кешенді емтихан тест түрінде ӛткен жағдайда жеке хаттама ресімдеуге емтихан
ведомосы негіз болады.
Алынған оңды бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта
тапсыруға рұқсат етілмейді.
Кешенді емтиханның нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан
ӛткізілгеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляция береді.
Апелляция ӛткізу үшін білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен біліктілігі
аталған мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылардан
апелляциялық комиссия құрылады.
Кешенді емтиханнан қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушы №
289
бұйрығымен
бекітілген білімі аяқталмаған тұлғаларға берілетін анықтама беріле
отырып ЖОО басшысының бұйрығымен ЖОО-дан оқудан шығарылады.
Кешенді емтиханнан "қанағаттанарлықсыз" баға алған магистратура мен
докторантурада оқитын тұлғаларға қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде кешенді
емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Кешенді емтихан тапсырған магистрант немесе докторант магистрлік
диссертацияны (жобаны) немесе докторлық диссертацияны қорғауға жіберіледі.
Магистрлік диссертацияны (жобаны) немесе докторлық диссертацияны қорғауға
жіберу кешенді емтиханды тапсыру туралы МАК тӛрағасының ұсынуы және бітіруші
кафедра меңгерушісінің қолы қойылған докторлық диссертацияны қорғау туралы
кафедра отырысы шешімінен үзінді негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен
ресімделеді. Магистрант диссертация (жоба) тақырыбы бойынша ғылыми
басылымдарда, журналдарда, немесе халықаралық немесе республикалық ғылыми
конференцияларда жарияланған кемінде бір мақаласы бар болған жағдайда қорғауға
жіберіледі.
Магистрлік диссертацияларды (жобаларды) ЖОО ӛз бетінше плагиат мәніне
қатысты тексеруден ӛткізеді.
Магистрлік диссертацияның (жобаның) ғылыми жетекшісі ЖОО-ның ғылыми
кеңесінің шешімі негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен тақырыптың атауы
кӛрсетіле отырып, әр магистрантқа дербес бекітіледі. Магистрлік диссертациялардың
(жобалардың) рецензенттері ЖОО басшысының бұйрығымен жұмыс орны, лауазымы
және білімі (мамандығы бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі, жоғары білім
туралы дипломы бойынша базалық білімі) кӛрсетіліп тиісті бітіруші кафедра
меңгерушісінің ұсынысы бойынша жалпы тізіммен бекітіледі.
Магистрлік диссертацияларды (жобаларды) рецензиялау ғылыми дәрежесі,
ғылыми атағы, философия (PhD) докторы, бейіні бойынша доктор немесе магистр
академиялық дәрежесі бар, біліктілігі қорғалатын диссертация (жоба) бейініне сәйкес
келетін, басқа ұйымдардың мамандары тарапынан ғана жүзеге асырылады.
Ғылыми жетекшісінің оң пікірі және қорғауға ұсынылатын диссертация (жоба)
бейініне сай келетін маман тарапынан бір рецензиясы болғанда магистрант магистрлік
диссертацияны (жобаны) қорғауға шыға алады. Егер ғылыми жетекші "қорғауға
жіберілмейді" деген жағымсыз қорытынды берген жағдайда, магистрант магистрлік
Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
23
диссертацияны (жобаны) қорғауға жіберілмейді. Магистрант рецензенттің оң
қорытындысы сияқты, жағымсыз қорытындысы болған жағдайда да магистрлік
диссертацияны (жобаны) қорғауға жіберіледі.
Кешенді емтихан мен магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғаудың
нәтижелері бойынша білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық
дайындықтарын, сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензенттің пікірлерін назарға ала
отырып, білім алушылардың білімін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша
баға қойылады.
Қорытынды аттестаттаудан ӛткен, магистратураның тиісті білім беру
бағдарламасын меңгергендігін растаған магистранқа МАК-тың шешімімен тиісті
мамандық бойынша "магистр" академиялық дәрежесі тағайындалады және
академиялық күнтізбеге сәйкес қорытынды аттестаттау ӛткен күннен кейін бес күн
ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28
қаңтардағы
№
39
бұйрығымен
бекітілген
нысан
бойынша
(Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №
10348 тіркелген) мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен тегін беріледі.
Транскрипте барлық оқу пәні, тапсырылған курстық жұмыстар (жобалар),
ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмыстары, кәсіптік тәжірибе
түрлері, қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша кӛлемі кредит және академиялық
сағат түрінде кӛрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білім бағалау жүйесі бойынша
соңғы бағалар жазылады.
МАК-тың жұмысы аяқталған күннен кейін оның тӛрағасы магистранттарды
қорытынды аттестаттау жӛнінде есеп жазады және бір ай мерзім ішінде ЖОО-ның
ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады және бекітіледі.
МАК тӛрағасының магистранттарды қорытынды аттестаттау жӛніндегі есебіне
осы Қағидалардың
4-қосымшасында
келтірілген кестелер мен түсіндірме жазба енеді.
Түсіндірме жазбада мыналар кӛрініс табады:
1) аталған мамандық бойынша магистрлардың дайындық деңгейлері;
2) кешенді емтиханда анықталған магистранттардың біліміне мінездеме;
3) магистрлік диссертацияларды (жобаларды) орындаудың сапасы;
4) магистрлік диссертация (жоба) тақырыбының ғылымның, техниканың,
мәдениеттің қазіргі жай-күйіне және ӛндірістің сұранысына сәйкестігі;
5) аталған мамандық бойынша магистрларды даярлау сапасына талдау;
6) магистрларды даярлаудағы кемшіліктер;
7) магистрлік диссертацияларды (жобаларды) қорғау деңгейінің кафедра шешіміне,
ғылыми жетекшісінің пікіріне, рецензиясына сәйкестігі;
8) магистрларды даярлауды одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсынымдамалар.
Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі негізінде ЖОО басшысының бітіру туралы
бұйрығы шығарылады, магистратураның тиісті білім беру бағдарламасы бойынша
оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті ӛткен магистрантқа тиісті
мамандық бойынша "магистр" дәрежесі тағайындалады.
Білім беру бағдарламасының талаптарын орындамаған магистрант ЖОО
басшысының
бұйрығымен
ЖОО-дан
оқудан
шығарылып
№ 289
бұйрығымен
бекітілген нысан бойынша білімі аяқталмаған азаматтарға
берілетін анықтама беріледі.
Тиісті білім беру бағдарламаларын оқып бітірген магистратура бітірушілерінің
тізімі олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мамандығы және білім