Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
44
Абонементтерді пайдалану ережелері
Оқырмандар абонементтерде әдебиеттерге тапсырыс беру барысында оқырман
билетін ұсынып, әдебиеттің әр данасына тапсырыс қағазын толтырады және
әрқайсысына ӛз қолын қояды.
Абонементте әдебиеттер мына мерзімдерге қолға беріледі:
-
қоғамдық ғылымдар бойынша оқу әдебиеттер оқу жылына беріледі;
-
оқу және әдістемелік әдебиеттер сәйкес пәннің оқытылуы мерзіміне сәйкес және
шартты мерзімге міндетті түрде қайта тіркеумен беріледі;
-
ғылыми және арнайы әдебиеттер 2-3 данадан шартты мерзімге міндетті түрде
қайта тіркеумен 15 күнге;
-
кӛркем әдебиет 1-2 данадан шартты мерзімге міндетті түрде қайта тіркеумен 15
күннен артық емес мерзімге беріледі;
Әдебиеттерді пайдалану мерзімі сол әдебиетке басқа оқырмандар тарапынан
сұраныс бомлаған жағдайда ұзартылуы мүмкін.
Әдебиеттерді кӛрсетілген мерзімдерден асыра пайдаланған оқырмандардан
айыппұл ретінде тек қана кітаптар қабылданады.
Әдебиеттерді жоғалтқан оқырмандар келтірілген шығынды дәл сол сияқты немесе
мазмұны жағынан ұқсас әдебиеттермен, болмаса кітапханаға қажет кітаптармен
толтыруы тиіс.
Сырттай бӛлім студенттері сессия аралық мерзімде қажетті әдебиеттермен
қамтамасыз етіледі.
Студенттер әр оқу жылының 31 шілдесіне дейін алған әдебиеттерін тапсырып
және қайта тіркеуден ӛткізулері керек.
Оқырман залдарын пайдалану ережелері
Оқу залында әдебиеттерге тапсырыс беру барысында оқырмандар ӛз оқырман
билеттерін ұсынады, қажетті басылымдарды қолына алған оқырмандарға кітап
формуляры беріледі. Кітап формуляры оқырманға басылымды берудің мерзімі мен
фактісін, сонымен қатар кітапханашының кітап және басқа да басылымдарды қабылдап
алуын растайтын құжат болып саналады.
Оқырмандарға оқу залында берілетін кітаптар және басқа да басылымдар санына
шек қойылмайды. Кей жағдайда, яғни, оқырмандар сұранысы шамадан тыс кӛп болса,
берілетін басылымдар данасына шек қойылуы мүмкін.
Оқу залына кітапхананың кітап қорынан берілетін кітаптар оқырманның сұрауы
бойынша белгілі бір уақытқы дейін сақталады. Энциклопедиялар, анықтамалық
басылымдар, диссертациялар, ағымды мерзімді басылымдар, сирек кездесетін және
бағалы әдебиеттер тек оқу залына пайдалануға ғана беріледі.
Оқу залында диссертацияларды оқырман қолына беру университеттің ғылыми
істер жӛніндегі проректорының жазбаша рұқсатымен жүргізіледі.
Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
45
Оқырман залының басылымдарды алып шығуға тыйым салынады. Ережелерді
бұзған оқырмандар ғылыми кітапхана әкімшілігі белгіленген уақытқа дейін
кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады.
Оқырмандардың құқықтары мен міндеттері
Оқырмандар құқығы:
- ғылыми кітапхан ұсынатын кітапханалық-библиографиялық қызметтердің негізгі
түрлерін тегін пайдалануға;
- ақпараттар кӛзін ьаңдау және іздеуде кеңестер алуға;
- электронды каталогтың мәліметтерін және басқа да ақпараттық қызметтерді
пайдалануға;
- кітапхананың барлық абонементтерінен әдебиеттерді және кез-келген ақпараттар
кӛзін уақытша пайдалануға;
- каталогтар мен катотекалар жүйесі арқылы кітапхананың кітап қоры туралы, толық
ақпараттар, сонымен қатар кітапханалық ақпараттандырудың басқа формаларын
алуға;
- ақпараттардың кӛзін іздеу және таңдау барысында кӛмек ретінде кітапхана
қызметкерлерінен кеңестер алуға құқылы.
-
Оқырмандар міндеттері:
Әр оқырман әдебиеттерді алу үшін оқырман билетін кӛрсетіп, сұраныс қағазын
толтырып және қолына алған әр басылым үшін сұраныс қағазына ӛз қолын қоюға тиіс.
Жыл сайын оқу жылының соңында кітапхана бекіткен мерзімде ӛзінің алған барлық
әдебиеттерін тапсырып, оқырман билетін қайта тіркеуден ӛткізуі қажет. Қайта
тіркеуден ӛтпеген оқырмандарға кітапхана қызмет кӛрсетпейді.
Бӛтен адамға оқырман билетін беруге және басқа оқырманың билетін пайдалануға
үзілді-кесілді тыйым салынады.
Оқырман кітапханаға жазылу барысында кітапхананы пайдалану ережесімен
танысып, осы ережелерді орындау міндеттерін мойнына алып, оны кітапхана
формулярына қол қою арқылы растауы тиіс.
Оқырмандар кітапхананың қорынан алған басылымдарға мұқият қараулары тиіс:
оларға түрлі белгілер жасауға, сызуға және парақтарын жыртуға болмайды.
Қолына берілген әдебиеттерді оқырман түгелдей тексеріп шығуы керек, егер
бүлінген жерлері болса кезекші кітапханашыға хабарлауы керек. Әйтпесе, кітапты
бүлдіргені үшін оны соңғы пайдаланған оқырман жауапты болып табылады.
Оқырман кітапты немесе басқа басылымды жоғалтқан жағдайда оның орнын дәл
сондай басылыммен толтыруы тиіс.
Кітапханаға шығып келтірген оқырман ҚР заңнамаларына және кітапхананы
пайдалану ережелеріне сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жазаға тартылады.
Университеттен кететін оқырман кітапханамен толық есеп айрысып, оқырман
билетін тапсыруы тиіс.
Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
46
Оқырманға рұқсат етілмейді:
- сырт киіммен кітапханаға келуге;
- оқырман залдарында ұялы телефондарды қолдануға;
- кітапханадағы тыныштық пен тәртіпті бұзуға;
- кітапханадан басылымдарды алып шығуға;
- кітапханалық басылымдарды бүлдіруге;
- каталогтар мен картотекалардан карточкаларды алуға;
- кітап сақтау бӛлмелеріне кітапханашының рұқсатынсыз кіруге болмайды.
Жоғарыда кӛрсетілген ережелерді бұзған оқырман әр жағдайға байланысты
белгілі бір мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады. Ғылыми
кітапхананы пайдалану ережелерін дӛрекі бұзуға қатысты материалдар институт
басшылығына қарау үшін жолданады.
Кітапхана құқықтары мен міндеттері
Ғылыми кітапхана оқырмандарға жоғары кәсіптік білім беру ұйымының
кітапханасының нұсқаулығына және кітапхананы пайдалану Ережелеріне сәйкес
қызмет кӛрсетеді.
Кітапхана құқығы:
- Берілген кітаптардың кітапханаға қайта тапсырылуын үнемі бақылау ісін
жүргізуге;
- Кітапхана ережелерін бұзған оқырмандарға айыппұл салуға құқылы;
- Оқырмандарды кітапхананың барлық қорларын пайдалануға мүмкіндіктермен
қамтамасыз ету;
- Қызмет кӛрсетудің жоғары мәдениетіне қол жеткізу, қажетті әдебииеттерді
таңдауда оқырмандарға кӛмек кӛрсету, ауызша кеңестер беру; оларға каталогтар мен
картотекаларды ұсыну, кітап кӛрмелерін, библиографиялық шолулар, ақпараттар
күнін, кафедра күндері мен тағы да басқа шаралар ұйымдастыру;
- Кітапханада оқырмандардың жұмыс істеуіне барлық қажетті жағдай жасау;
- Оқырмандар сұранысын зерттеу және қанағаттандыру;
- Алдыңғы қатарлы технологияларды және жаппай компьютерлендіруді енгізу
арқылы кітапханалық және ақпараттық қызмет кӛрсетуді жетілдіру;
- Студенттердің оқуына жетекшілік ету, олардың бойына кітапқа деген
сүйіспеншілікті артыру және жастарды үнемі ӛз білімін жетілдіруге ұмтылдыру;
- Оқырмандардың оқу мәдениетін, кітапханалық-библиографиялық сауаттылығын
ауызша кеңестер, әңгімелер және кітапханалық-библиографиялық білім негіздері
бойынша сабақтар жүргізу арқылы кӛтеру;
- Белгіленген ережелерге сәйкес кітапхананың кітап қорындағы басылымдарға есеп
жүргізу, сақтау және пайдалану;
- Ұлттық мәдени құндылықтардың бір бӛлігі болып саналатын кітап қорының
сақталуына жауапкершілікпен қарау: оқырмандарға берілген әдебиеттердің кітапханаға
Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
47
уақтылы қайтарылуын, келесі кітап берілуді алдыңғы алған кітаптарды тапсырған соң
ғана жүзеге асыру;
- Оқырмандардың кітапқа қарызын болдырмау және жоюға байланысты үнемі
жұмыстар жүргізу;
- Кітапханада сақталатын құжаттарға оқырмандардың пайдалануына шек қоймау.
Корпоративті желі, Интернет және Интернет қызметтерін қолданудың жалпы
ережелері
І Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже Алматы университетінің ПОҚ, қызметкерлері мен студенттерінің
корпоративі желі, Интернет және Интернет қызметтерін қолдану шарттары мен
тәртібін реттейді.
1.2. Университетте желілік қорларды және Интернетті қолдану келесі принциптерге
негізделген:
- білімділік мақсатқа сәйкестігі;
- тұлғаның маман ретінде үйлесімді қалыптасуы мен дамуы;
- заңды, авторлы және сабақтас құқықтарды, сонымен қатар басқа да құқықтарды,
Интернеттің қолданушыларының және басқа да азаматтардың құқықтары мен
абыройын құрметтеу;
- жаңа білім мен дағдыларға ие болу;
- қолданудағы оқу және кӛрнекі құралдарды кеңейту;
- тұлғаны әлеуметтендіру, ақпараттық қоғамға енгізу.
2. Интернет желісін қолдану саясаты
2.1. Университетте білім беруді ақпараттандыруды дамытуды қадағалайтын
бӛлімнің жетекшісі (әрі қарай-мүдделі тарап), университетте Интернет желісіне тиімді
қол жеткізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ сәйкесінще техникалық, құқықтық және
басқа механизмдерді ендіруге жауапты болып табылады.
2.2. Интернетке тікелей қол жеткізу саясатын мүдделі тарап атқарады, олар:
- ҚР заңдарына қайшы келетін және білім беру процесінің мақсаттарымен сәйкес
келмейтін ақпараттардан тұратын Интернеттің кейбір қорларына немесе қор
категорияларына қол жеткізуге рұқсат беру/шектеу қою шешімін қабылдайды;
- Университеттің Интернет-қорларына жарияланатын ақпараттың сипаты мен
кӛлемін анықтайды;
- Тиісті құрылымдық бӛлімшелерге, Интернет желісінде қауіпсіздікті қадағалауға
тікелей жауапты қызметкерді, тағайындау және қызметтен босату туралы
ұсыныстарды береді;
2.3. Осы ережелерге сәйкес қорды пайдаланушыларға бақылауды, құрылымдық
бӛлімше тағайындаған материалды-жауапты тұлға атқарады.
Материалды-жауапты тұлға:
- пайдаланушылардың интернет желісін және компьютерді қолдануын бақылайды;
Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
48
- Интернет желісінде қолданушылар осы Ережелерді бұзса, онда оларға одан әрі
тыйым салады;
- білім мақсатына сәйкес келмейтін қорларға қол жеткізу мүмкіндігін болдыртпау
шарасын қабылдайды;
- Интернет желісінде пайдаланушының жұмыс істеу уақытын және орнын,
сонымен қатар бір адамның жұмыс сеансының ұзақтығын анықтайды.
2.4. Интернет желісін қолданғанда, мазмұны ҚР заңына қайшы келмейтін және
білім беру мақсаты мен оқушыларды тәрбиелеуге сәйкес келетін қорларға қол
жеткізеді.
Интернет
желісін арнайы техникалық құралдар мен бағдарламамен
жабдықтау,мәліметтерін қолдану тек 18 жасқа толған азаматтарға рұқсат етілген.
Арнайы техникалық құралдар және бағдарламамен жабдықтау желідегі қорларды
толығымен фильтрацияламайды, оның себебі, Интернет желісінің жиі жаңартылуы.
Сондықтан қолданушы ӛзінің нормативті актіге және білім беру үрдісінің мақсаты мен
міндеттеріне сәйкес келмейтін қорларды пайдаланбайды деп қабылданады.
Университет ӛзінің Интернет-қорларынан тыс орналастырылған осындай түрдегі
ақпараттарға кездейсоқ қол жеткізуіне жауапты емес.
2.5. Университеттің Интернет-қорларына ақпаратты орналастырудың қағидасы:
- ҚР қазіргі заңын, азаматтардың құқықтарын және мүдделерін бұзбау;
- оқытушылардың және қызметкерлердің, студенттердің жеке мәліметтерін қорғау;
- ақпараттың анықталғандығы және дұрыстығы.
3.
Интернет желісін қолданудың тәртібі
3.1. Интернет желісін қолдану қызметтік және білім беру мақсатында
қолданылады. Тұлғаның дамуы, оның әлеуметтену және Интернет желісімен
компьютерлі сауаттылық туралы білім алу үшін білім беретін бағыттан тыс
ресурстерге кіру мүмкіндігі бар.
3.2. Мүдделі қызмет басшысының рұқсатымен қолданушының құқықтары:
-интернет
желісінде
университеттің
Интернет-қорларына
ӛз
ақпаратын
орналастыру;
-университеттің интернет-қорларына электронды поштасының есеп жазбасы
болуы.
3.3. Қолданушыға рұқсат етілмейді:
- ҚР заңдылығына қайшы келетін немесе кәмелетке толмағандарға арналмаған
қорларға кіру (порнография, зорлық-зомбылықты насихаттайтын, терроризм, саясатты
немесе діни экстремизмді, ұлттық, нәсілдік, араздықтар);
- интернет арқылы ке-келген келісім шарттарды іске асыру;
Интернет-сайттар дауыс беру, жаңалықтарды орналастыру, сұхбаттасу және т.б.
бӛлімдерден тұруы мүмкін. Форумдарды тек сол форумның мазмұнымен сипатына
сәйкес ақпарат пен материал алу және жіберу үшін ғана қолданылады. Қолданушылар
Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
49
осы Ережелердің шарттарына қайшы келетін іс-әрекеттер жасамауды ӛз міндеттеріне
алады, мысалға:
- жала жабу, тұлғалардың тобына, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғаларға тіл
тигізу, қорқыту, кез келген басқа тәсілмен тұлғалардың құқығы мен мүддесін таптау,
сонымен қатар қарым-қатынастың белгілі нормаларын бұзу;
- басқа тұлғаға қатысты, кемсітетін, нақты емес, әдепсіз, заңсыз материалдармен
ақпараттарды жариялау, хабарлау, басқа да жолдамен тарату.
3.4. Қолданушыларға:
- компьютерлік вирусқа шалдыққан, жарамсыз немесе бұзылған файлдарды
қолданудан, кез-келген программаларды жүктеуге және қосуға рұқсат етілмейді;
- кез-келген тауарды немесе қызметтерді ұсыну және жарнама жасау, Форумды
мақсаты бойынша қолданбау;
- басқа қолданушымен орналастырылған материалды, егер оны таратуға болмайтын
болса, кӛшіруге/жүктеуге рұқсат етілмейді.
- форумды
ашық
түрде
пайдаланылатыны
туралы
қолданушылар
ескертілген.Сонымен бірге, қолданушылар, форумдағы орналастырылған барлық
материалдар
университеттермен
расталмайтыны,
қолданбайтыны,
сондай-ақ
университет жағынан қарастырылмайтыны, тексерілмейтіні және бағаланбайтыны
туралы хабардар болу;
- форумды қолданудағы нәтижелерді университеттің қадағаламайтыны туралы
шарттарды қолдануды қабылдайды;
- форумда орналастырылған кез-келген материалдарды университет қолданушы
рұқсатынсыз және оған айтпай түзету құқығына ие.
3.5. Мүдделі қызмет қолданушының Интернет желісінде ӛзіндік жұмыс істеуге
рұқсаты бар екендігін тексеруге құқылы.
3.6. Қолданушымен Интернет желісінде білім беру мақсатында сәйкес келмейтін
қордың бар екендігі табылса, ол туралы міндетті түрде мүдделі қызметке қордың
Интернет мекен-жайымен бірге хабар беріп және табылған қордан шығып кету керек.
Мҥдделі қызмет міндеті:
- қолданушыдан хабарламаны қабылдау;
- ақпаратты мүдделі қызмет басшысына, оны бағалау және негізі Ереженің 2.3. п.
бойынша оған қол жеткізу саясатын қабылдау үшін, жеткізу керек.
3.7.
Қолданушымен негізгі Ережелердің бұзғанынын анықтаған сәтте,
университеттің Интернет қорларымен қолдануын тоқтату керек.
3.8. Осы ережелердің кейбір тарауы жарамсыз, заңға қайшы және қолдануға сай
болаған жағдайда да, ереженің қалған тарауларын қолдану мүмкіндігін сақтап қалады.
4. Университеттік интернет және корпоративті желі торабының жұмыстарын
ұйымдастыру
4.1. Интернет желісіне қосылу және университеттің корпоративті желі байланысы
мен Интернет қызметтерін қолдану осы Ережелермен және университет әкімшілігінің
ӛкілдерімен реттеледі. Жоғарыда аталған процедуралардың қайсы бірі осы Ережелерде
Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
50
кӛрсетілмеген жағдайда, олар мүдделі қызметтер тарапынан басшылыққа ұсынылып,
университет құжаттама талаптарына сәйкес бекітіледі.
4.2. Интернет және Интернет желісіне кіру мүдделі қызмет басшылығындағы
арнайы әкімшілік бӛлім тарапымен жүргізіледі.
4.3. Барлық шектеулер мен желіге кіру университет басшылығының жазбаша
рұқсаты бойынша мүдделі қызмет тарапымен ұйымдастырылып, рәсімделеді.
Құжаттар мүдделі қызмет қадағалауында болып, оның сақтау мерзімі 2 жыл немесе
университет қызметінің мерзіміне сәйкес болуы тиіс.
5. Алматы Университетінде компьютер желісіне қосылған, компьютер
сыныптарындағы компьютерлер қызметін қолдану ережелері:
5.1. Білім алушылар осы Ережелермен танысулары тиіс. Ережелермен таныстыру
инженер-программистке жүктеледі;
5.2. Сыныптағы компьютерлерде жұмыс істеу үшін инженер-программисттің
рұқсаты болуы тиіс. Инженер-программист бӛтен қолданушы компьютерде уақытша
жұыс жасауға рұқсат бере алмайды.
5.3. Компьютер қорларын үлестіру мәселесіне байланысты сұрақтармен Инженер-
программистке ӛтініш білдіруге болады. Қолданушының қолданыстағы қор кӛлемінің
ӛзгеруіне немесе жүйенің қауіпсіздігіне кедергі келтіретін қандай да бір іс-әрекетті
Инженер-программистің рұқсатымен жасалуы тиіс.
5.4. Осы Ережелер ұжымдық қолданыстағы қорларды реттеу, ақпаратты қажетті
деңгейде қорғау, оның сақталуы мен жеке қолданушы орнатқан ақпаратқа қол жеткізу
құқығын сақтау, сонымен қатар жеке мәліметтің құпиялылығын сақтауға арналған.
Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
51
Мазмұны
Алматы университетінің тарихы
2
2018-2019 оқу жылының академиялық күнтізбесі
5
Студенттік күнтізбе 2018-2019 оқу жылы
6
Оқу үдерісін оқытудың кредиттік технологиясы бойынша
ұйымдастырудың ерекшеліктері
7
Білім алушылардың білім беру траекториясын таңдауы
9
Білім алушыларды тіркеу тәртібі
11
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау
12
Жазғы семестрдің ұйымдастырылуы мен ӛткізілуі
28
Практиканы ұйымдастыру және ӛткізу
29
Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша мемлекеттік емтиханды
ұйымдастыру және ӛткізу
30
Білім алушыларды білім беру үйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру
және қайта қабылдау қағидалары
31
Білім алушыларды университеттен шығару
34
Академиялық демалысты беру
35
Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, тӛлеу тәртібі
36
Оқу ақысын тӛлеу
38
Алматы университетінің студенттері мен магистранттарының Этикалық
кодексі
39
Кітапхананың ақпараттық ресурстарын пайдалану ережелері
43
Корпоративті желі, Интернет және Интернет қызметтерін қолданудың
жалпы ережелері
46
Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
52
Құрастырушылар
Нурлихина Г.Б., оқу-әдістемелік ісі жӛніндегі проректор
Амангалиева С.Т., тәрбие ісі жӛніндегі проректор
Манжибаева Ж.А., оқу үдерісін ұйымдастыру бӛлімінің бастығы
Нишанбаева С.З., офис-тіркеуші бӛлімінің бастығы
Достарыңызбен бөлісу: |