Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
20
Қорытынды аттестаттаудан ӛтпеген тұлғалар келесі оқу жылында, қорытынды
аттестаттау басталғанға дейін бір айдан кешікпей, ЖОО басшысының атына қайта
қорытынды аттестаттауға жіберуге рұқсат беру туралы ӛтініш жазады.
Қорытынды аттестаттауға қайта жіберу ЖОО басшысының бұйрығымен
ресімделеді.
Білім алушыны қайта қорытынды аттестаттау алдыңғы қорытынды
аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз баға алған нысандар бойынша ғана ӛткізіледі.
Осы емтихандарды тапсырмаған тұлғалар үшін мемлекеттік емтихандар
қатарына енетін пәндер тізбесі білім алушы теориялық курсты аяқтаған жылы
қолданыста болған оқу жоспарымен белгіленеді.
Қорытынды аттестаттаудан ӛткен және жоғары білімнің тиісті білім беру
бағдарламасын меңгергендігін дәлелдеген білім алушыға МАК шешімімен "бакалавр"
дәрежесі немесе сәйкес келетін мамандығы бойынша біліктілік тағайындалып,
мемлекеттік үлгідегі диплом (дипломға қосымшасымен) академиялық күнтізбеге
сәйкес қорытынды аттестаттау ӛткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде ақысыз беріледі.
Транскрипте барлық оқу пәні, тапсырылған курстық жұмыстар (жобалар),
кәсіптік тәжірибе түрлері, қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша кӛлемі кредит
және академиялық сағат түрінде кӛрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білім бағалау
жүйесі бойынша соңғы бағалар жазылады.
Емтихандарды А, А - "ӛте жақсы", В-, В, В+ - "жақсы" деген бағаға тапсырған
және оқытудың барлық кезеңіндегі үлгерімінің орта балы 3,5-тен тӛмен емес, сондай-
ақ барлық мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) А, А - "ӛте жақсы"
деген бағаға тапсырған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлығы бойынша
бағасын ескермегенде) беріледі.
Оқу кезеңінде емтихандарды қайта немесе қайталап тапсыру жағдайы болған
білім алушы осы Қағидалардың 102-тармағында кӛрсетілген талаптарға қарамастан
үздік диплом алу құқығынан айырылады.
МАК-тың жұмысы аяқталғаннан кейін оның тӛрағасы бакалавриат студенттерін
қорытынды аттестаттау жӛнінде есеп жазады және бір ай мерзім ішінде ЖОО-ның
ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады және бекітіледі.
Жоғары білім берудің тиісті білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған
және қорытынды аттестаттаудан сәтті ӛткен білім алушыға қорытынды аттестаттау
нәтижесі негізінде ЖОО басшысының білім алушыларды шығару туралы бұйрығымен
"бакалавр" академиялық дәрежесі тағайындалады немесе сәйкес келетін мамандығы
бойынша біліктілік беріледі.
Білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған білім алушыға № 289
бұйрықпен бекітілген нысан бойынша білімі аяқталмаған азаматтарға берілетін
анықтама беріле отырып, ЖОО басшысының бұйрығымен ЖОО-дан шығарылады.
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын оқып бітірген ЖОО-ны
бітірушілердің тізімі олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),
мамандығы және білім беру ұйымының басшысы қол қойып, берілген дипломның
нӛмірі кӛрсетіле отырып, бітіру туралы бұйрық шыққаннан кейін бір ай мерзім ішінде
білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.
ЖОО-ДА
МАГИСТРАТУРА
ЖӘНЕ
ДОКТОРАНТУРАДА
БІЛІМ
АЛУШЫЛАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУДАН ӚТКІЗУДІҢ ТӘРТІБІ
Студенттің анықтамалық -нұсқаулығы
21
Магистратура және докторантурада білім алушыларды қорытынды аттестаттау
МЖМББС сәйкес кешенді емтихан тапсыру және магистрлік диссертация (жоба)
немесе докторлық диссертация қорғау түрінде ӛткізіледі.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың ұзақтығы мен мерзімі
академиялық күнтізбеге және мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларына сәйкес
белгіленеді.
Қорытынды аттестаттауға білім беру бағдарламаларының, жұмыс және жеке оқу
жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқу үдерісін
толық аяқтаған білім алушылар ғана жіберіледі.
Бітіруші курстың білім алушылары жұмыс және жеке оқу жоспарлары мен оқу
жұмыс бағдарламаларының талаптарын орындамаса жазғы семестрден ӛткізілместен
оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.
Магистратура мен докторантурада білім алушылардан кешенді емтихан алу
үшін ЖОО жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мамандықтары мен мамандықтар
тобы бойынша МАК құрады.
МАК тӛрағасы мен құрамы ЖОО ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ағымдағы
оқу жылының 10 қаңтарынан кешіктірілмей ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі
және ағымдағы күнтізбелік жыл бойы қолданыста болады.
Магистратура мен докторантура мамандықтары бойынша МАК тӛрағалығына
ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар, немесе философия (PhD) докторы немесе
бейіні бойынша доктор бітіруші мамандардың тиісті бейініне сәйкес келетін және осы
ұйымда жұмыс жасамайтын тұлға тағайындалады. профессорлардан, доценттерден,
жоғары білікті мамандардан құрылады.
МАК мүшелері құрамына мыналар кіреді:
-магистратура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының бейініне сәйкес
келетін ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы немесе академиялық дәрежесі бар
тұлғалар; бейіндік магистратура үшін шығаратын мамандарының бейініне сәйкес
келетін білікті мамандар-тәжірибелік қызметкерлер);
-докторантура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының бейініне сәйкес
келетін ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы немесе философия (PhD) докторы
дәрежесі бар тұлғалар.
МАК-тың сандық құрамын ЖОО ӛз бетінше белгілейді.
Магистратурада және докторантурада білім алушыларды қорытынды
аттестаттаудан ӛткізу мен ұйымдастыру тәртібін, мемлекеттік емтихан нысанын және
МАК мәжілісінің рәсімдерін ЖОО академиялық саясатына сәйкес дербес айқындайды.
МАК жұмысының кестесін офис регистратор құрады, жұмыс кестесін ЖОО
басшысы бекітеді және МАК жұмысы басталуына дейін екі аптадан кешіктірілмей
кӛпшіліктің назарына жеткізіледі.
Магистранттар мен докторанттарды қорытынды аттестаттауға жіберу ЖОО
бұйрығымен тізім бойынша бекітіліп, қорытынды аттестаттау басталуынан екі апта
бұрын МАК-қа тапсырылады.
Мамандық бойынша кешенді емтиханға магистратура мен докторантураның
кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті базалық және бейіндік компоненттерінің
пәндері кіреді.
Кешенді емтиханның бағдарламасын, ӛткізілу нысанын және тапсырмалар
мазмұнын ЖОО осы кешенді емтиханға енген пәннің оқу бағдарламасы негізінде
ӛздері әзірлейді.