24
бойынша ақпаратты, талап арыздарды және өзге де материалдарды тиісті құқық
қорғау органдарына және соттарға жіберуге.»;
68) 194-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер төндіретін
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің
талаптарына сәйкессіздік анықталған кезде ұйымның қызметін тоқтата
тұрылған немесе тыйым салынған күннен бес күн ішінде сотқа тиісті талап
арызды жіберу.»;
69) 195-баптағы:
1) тармақшаның:
үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының
қызметіне мен жабдықтардың, механизмдердің пайдаланылуына және тұтас
алғанда ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы.»;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Бұл ретте қызметке тыйым салу (тоқтата тұру) туралы акт осы Кодекстің
193-бабының 6) тармақшасына сәйкес берілген қызметке тыйым салу (тоқтата
тұру) туралы талап арыз бойынша сот азаматтық іс қозғағанға дейін
қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) тексеру нәтижелеру туралы акт.»;
70) 200-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«200-бап. Жұмыс берушінің қызметін декларациялау
Жұмыс берушінің қызметін декларациялау - Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасының талаптарына жұмыс берушінің қызметі параметрлерінің
сәйкестігін растайды.
Жұмыс берушінің қызметін декларациялау еңбек жөніндегі уәкілетт
органмен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Декларациялау критерийлерін (көрсеткіштерін) салыстыру жолымен
жүзеге асырылады, ол бойынша жұмыс беруші өзінің қызметін еңбек
заңнамасы талаптарына сәйкестігіне өз бетінше бағалау жүргізеді.
Жұмыс берушінің қызметін декларациялау (өзін-өзі бақылау) әлеуметтік-
еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ӘЕС БАЖ) арқылы
жүзеге асырылады.
Қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына
сай деп танылған жұмыс берушілерге өңірлік бірлестіктерімен және
кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерімен үш жыл мерзімге сенім
сертификаты тапсырылады.
Сенім сертификатының болуы ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау
субъектісіне барумены профилактикалық бақылау тізімін қалыптастыру кезінде
ескеріледі.»;
71) мынадай мазмұндағы 200-1 баппен толықтырылсын:
«200-1 бап. Әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі (ӘЕС БАЖ)
25
1. Әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі (ӘЕС БАЖ)
мыналарға арналған электрондық сервистерді қамтитын мемлекеттік
ақпараттық жүйе болып табылады:
- еңбек заңнамасы талаптарына сай жұмыс берушінің қызметін
декларациялауды жүзеге асыруға;
- жұмыс берушілермен өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары
бойынша аттестаттау нәтижелерін ұсынуға;
- мемлекеттік еңбек инспекциясына азаматтардың еңбек құқықтарының
бұзылуы туралы өтініштерін, хаттарын, шағымдарын және басқа да өтініштерін
жолдау және оларға жауап алуға;
- жұмыс берушілер мен жұмыскерлерге еңбек заңнамасы мәселелері
бойынша кеңес беру, сондай-ақ «онлайн-кеңесші» түсіндіру жұмыстарын
жүргізуге;
- еңбек заңнамасының және еңбек құқығы нормалары бар өзге де
нормативтік құқықтық актілердің анықталған бұзушылықтары туралы
жұртшылықты хабардар етуге;
- еңбек шарттарын тіркеуге;
Жүйеде қамтылған ақпаратқа қол жеткізу Қазақстан Республикасының
мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау туралы
заңнамасының талаптары ескеріле отырып, өтеусіз жүзеге асырылады.»;
72) 201-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«201-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау
1. Жұмыскерлерінің саны елуден асатын, өндірістік қызметті жүзеге
асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының
сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші ұйымның
тікелей бірінші басшысына немесе ол уәкілеттік берген адамға бағынатын
инженерлік-техникалық кәсіптер мамандарынан еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау қызметін құрады.
2. Жұмыс беруші жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі белгіленген талаптарды сақтау және анықталатын
бұзушылықтарды жою бойынша шұғыл шаралар қабылдау мақсатында еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асырады.
3. Жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі
бақылауды жүзеге асыру үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі
мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесті құрады.
4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау еңбекті
қорғауды басқару жүйесін құруды және жұмыс істеуін қамтамасыз етуді
ұйымдастыруды, өндірістік бақылаудың деректеріне жедел талдау жүргізуді,
кәсіби тәуекелдерді бағалауды қамтиды.»;
73) 202-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«202-бап. Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуін жүзеге
асыру тетігі
26
1. Еңбекті қорғауды басқару жүйесін құру және оның жұмыс істеуін
қамтамасыз ету ұйым қызметінің ерекшелігін ескере отырып жүзеге
асырылады. Еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы үлгілік ережені еңбек
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
2. Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметіне немесе еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндет жүктелген адамдарға
жүктеледі.
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі өндірістік қызметті
жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің саны елуден асатын ұйымдарда құрылады
және ұйымның бірінші басшысына немесе ол уәкілеттік берген адамға тікелей
бағынады.
Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік
ережені еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді.
Еңбекті қорғау қызметінің құрылымы мен саны бірыңғай үлгілік сан
нормативтері негізінде ұйымның өндірістік қызметтің ерекшеліктерін ескере
отырып белгіленеді.
Барлық қызмет салалары үшін еңбекті қорғау қызметі жұмыскерлерінің
бірыңғай үлгілік сан нормативтері еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
органмен беліленген тәртіпте әзірленеді және бекітіледі.
4. Жұмыскерлерінің саны елуге дейінгі өндірістік қызметті жүзеге
асыратын ұйымдарда және өндірістік қызметті жүзеге асырмайтын ұйымдарда
қызмет ерекшелігін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
жөніндегі маман лауазымын енгізеді не еңбек қауіпсіздігін және еңбекті
қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді басқа маманға жүктейді.
5. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті
қорғауды ұйымдастыру жеке немесе заң тұлғалармен шарттық негізде жүзеге
асырылуы мүмкін.
74) 203-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«203-бап. Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі
өндірістік кеңес
1. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес
жұмыс берушінің және жұмыскерлердің өкілдерінің тең арасынан он бес
жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жұмыс берушінің бастамасы бойынша және
(немесе) жұмыскерлердің не олардың өкілдерінің бастамасы бойынша
құрылады.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің
құрамы жұмыс берушінің және жұмыскерлер өкілдерінің бірлескен шешімімен
бекітіледі.
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесті екі
жылда бір рет мерзімділікпен ротациялық негізде жұмыс берушінің және
жұмыскерлер өкілдерінің арасынан кеңес мүшелері сайлайтын төраға
басқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |