Жоба қазақстан республикасының заңЫ



жүктеу 398,23 Kb.
Pdf просмотр
бет10/12
Дата13.01.2020
өлшемі398,23 Kb.
#26528
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

21 

 

1.  Өндірістік  объектілерді  аттестаттауды  жүргізу  тәртібінің  сақталуын 



бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады. 

2.  Өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша  аттестаттауды 

жүргізу  тәртібін  бұзу  анықталған  кезде,  сондай-ақ  жұмыс  беруші  жабдықты 

жаңғыртуды  жүргізгеннен  немесе  технологиялық  процесті  өзгерткеннен  кейін 

мемлекеттік  еңбек  инспекторының  талап  етуі  бойынша  бес  жылда  бір  реттен 

сиретпей,  өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша  кезектен  тыс 

аттестаттау жүргізіледі. 

Өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша  аттестаттауды 

жүргізу тәртібін бұзу мыналар болып табылады: 

 -  аккредиттеу  аттестаты  жоқ  ұйымды  аттестаттауды  жүргізуге  тарту,  не 

аккредиттеу  саласы  (объектісі)  мәлімделген  талаптарға  сәйкес  келмеген 

жағдайда;  

- мемлекеттік тексеруден өтпеген өлшем құралдарын пайдалану;  

-  өндірістік  және  технологиялық  процестерге  сәйкес  келмейтін 

жағдайларда  не  жұмыс  жағдайында  емес  зертханалық  және  аспаптық 

өлшеулерді орындау. 

3.  Өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша  кезектен  тыс 

аттестаттау  нәтижелері  өндірістік  объектіні  еңбек  жағдайлары  бойынша 

алдыңғы аттестаттау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.»; 

62) мынадай мазмұндағы 185-1 баппен толықтырылсын: 

«185-1 бап. Салауатты және қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету 

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін ұйымның жұмыскерлеріне 

жұмыс  берушінің  қаражаты  есебінен  сүт  немесе  оған  теңестірілген  тамақ 

өнімдері,  не  диеталық  (емдік  және  профилактикалық)  тамақтануға  арналған 

арнайы өнімдер беріледі. 

Егер өндірістік объектілерді еңбек жағдайларына аттестаттау нәтижелері 

бойынша 

зиянды 


және 

(немесе) 

қауіпті 

өндірістік 

факторлардың 

концентрациясы (деңгейі) гигиеналық нормативтерде белгіленген шекті рұқсат 

етілген  нормаларын  аспаса,  жұмыс  берушінің  сүт  немесе  оған  теңестірілген 

тамақ  өнімдерін,  не  диеталық  (емдік  және  профилактикалық)  тамақтануға 

арналған арнайы өнімдерді бермеуге құқығы бар.»; 

63) 186-бапта: 

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«2.  Жұмыскерлер  еңбек  қызметіне  байланысты  жазатайым  оқиғалар, 

еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығының зақымдануы, еңбекке 

қабілетсіздікке  не  қайтыс  болуға  әкеп  соққан  ретінде  есепке  алынады

.

  егер 


олар:»; 

2-тармақта: 

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 

 «2)  жұмыс  орнында  болған  жұмыс  уақыты  ішінде,  сондай-ақ  іссапар 

уақытында еңбек міндеттерін орындау кезінде.»; 

мынадай мазмұндағы 2-1) және 7) тармақшалармен толықтырылсын: 




22 

 

«2-1)  қоғамдық  немесе  қызметтік  көлікте  қызметтік  жол  жүру  кезінде, 



қызметтік  іссапар  орнына  бару  және  кері  қайту  кезінде,  сондай-ақ  жұмыс 

берушінің  (оның  өкілінің)  тапсырмасы  бойынша  жұмысты  (тапсырманы) 

орындау  орнына  бару  және  кері  қайту  кезінде,  оның  ішінде  жаяу  жүру 

кезінде.»; 

 «7)  білім  алушыны  жұмыс  берушінің  қаражаты  есебінен  оқыту  шарт 

негізінде  кәсіби  даярлауға,  қайта  даярлауға  және  біліктілігін  арттыруға 

жіберген жағдайда.»; 

64) 187-бапта: 

2-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын. 

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақпен толықтырылсын: 

«2-1.  Жұмыс  беруші  еңбек  қызметіне  байланысты  жазатайым  оқиға 

туралы  үш  жұмыс  күнiнен  кешiктiрмей  жұмыскер  еңбек  (қызметтік) 

міндеттерін  атқарған  кезде  оны  жазатайым  оқиғалардан  сақтандыруға  шарт 

жасалған сақтандыру ұйымына дереу хабарлайды.»; 

65) 188-баптағы: 

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«1.  Арнайы  тергеп-тексерілуге  жататын  жағдайларды  қоспағанда,  еңбек 

қызметіне  байланысты  жазатайым  оқиғаларды  тергеп-тексеруді  денсаулық 

сақтау  саласындағы  уәкілетті  органмен  белгіленген  тәртіпте  өндірістік 

жарақаттың ауырлық дәрежесі туралы қорытынды алған кезден бастап жиырма 

төрт сағат ішінде жұмыс берушінің актісімен құрылатын комиссия жүргізеді. 

Комиссия мына құрамда құрылады:»; 

4-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: 

«Қауіпті  өндірістік  объектілерде  болған  еңбек  қызметіне  байланысты 

жазатайым  оқиғалар  кезінде  комиссия  құрамы  өндірістік  қауіпсіздік 

саласындағы аумақтық органның басшысымен бекітіледі.»; 

66) 190-баптағы: 

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«2.  Акт  тергеп-тексеру  материалдарына  сәйкес  және комиссия  мүшелері 

көпшілігінің пікірлерін есепке ала отырып ресімделуге тиіс.»; 

2-тармақта:  

екінші бөлік алып тасталсын. 

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: 

 «Егер  еңбек  қызметіне  байланысты  жазатайым  оқиғаны  тергеп-тексеру 

жөніндегі  комиссия  мүшелерінің  біреуі  комиссияның  (көпшіліктің) 

қорытындыларымен  келіспеген  жағдайда,  онда  ол  тергеп-тексеру  аяқталған 

сәттен  бастап  тәулік  ішінде  өзінің  уәжді  пікірін  тергеп-тексеру  материалына 

қосу үшін жазбаша түрде ұсынады. Ол арнайы тергеп-тексеру актісіне «ерекше 

пікірге қара» деген ескертпемен қол қояды».»; 

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

 «4. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды  тергеп-тексеру, 

ресімдеу  және  тіркеу  мәселелері  бойынша  жұмыс  берушінің,  жұмыскердің 




23 

 

және  мемлекеттік  еңбек  инспекторының  не  қауіпті  өндірістік  объектілерде 



болған  оқиғалар  кезінде  өнеркәсіптік  қауіпсіздік  саласындағы  мемлекеттік 

қадағалау  жөніндегі  мемлекеттік  инспектордың  арасында  туындаған 

келіспеушіліктерді  тиісті  жоғары  тұрған  бас  мемлекеттік  еңбек  инспекторы 

бағыныстылық тәртібімен қарайды және (немесе) сот тәртібімен қаралады.»; 

5-тармақта: 

6), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: 

«6)  зертханалық  және  басқа  зерттеулердің,  эксперименттердің, 

сараптамалардың,  талдаулардың  нәтижелері  және  басқалар  (ол  бар  болған 

кезде).»; 

«8) жұмыс берушіге келтірілген материалдық зиян туралы мәліметтер (ол 

бар болған кезде; 

9)  жұмыс  берушінің  зардап  шеккен  адамға  (оның  отбасы  мүшелеріне) 

оның  денсаулығына  келтірілген  зиянды  (ол  бар  болған  кезде)  өтеу  және  жол 

берілген  оқиғаға  (ол  бар  болған  кезде)  кінәлі  лауазымды  адамдарды 

жауаптылыққа тарту туралы бұйрығы.»; 

67) 193-бапта: 

 

1), 6) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: 



«1)  Нормативтік  құқықтық  актілерге  сәйкес  Қазақстан  Республикасы 

еңбек  заңнамасының  сақталуын  тексеруді  жүргізу  мақсатында  жұмыс 

берушілерге кедергісіз баруға.»; 

«6)  жекелеген  өндірістердің,  цехтардың,  учаскелердің,  жұмыс 

орындарының  қызметі  және  жабдықтардың,  механизмдердің  пайдаланылуы 

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің 

талаптарына  сәйкес  келмейтіні  анықталған  кезде,  оларды  бес  жұмыс  күннен 

аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзім ішінде міндетті түрде сотқа талап арыз 

бере отырып, тоқтата тұруға (тыйым салуға); 

Жұмыскерлердің  өмірі  мен  денсаулығына  қауіп-қатер  төндіретін  және 

мұндай  қауіп-қатер  жекелеген  өндірістердің,  цехтардың,  учаскелердің,  жұмыс 

орындарының  қызметін  және  жабдықтардың,  механизмдердің  пайдаланылуын 

тоқтата  тұру  (тыйым  салу)  арқылы  жойыла  алмайтын,  еңбек  қауіпсіздігі  және 

еңбекті  қорғау  туралы  нормативтік  құқықтық  актілердің  талаптарына 

сәйкессіздік анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік 

еңбек инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың 

бас  мемлекеттік  еңбек  инспекторы  бес  жұмыс  күннен  аспайтын  мерзімге, 

көрсетілген  мерзім  ішінде  міндетті  түрде  сотқа  талап  арыз  бере  отырып, 

ұйымның қызметін тоқтата тұруға (тыйым салуға) құқылы; 

Осы  бапта  жұмыскерлердің  өмірі  мен  денсаулығына  қауіп-қатер  деп 

өндірістік  жарақат  алу  мүмкіндігін  не  жұмыскерлердің  қайтыс  болу  тәуекелін 

түсіну керек.»; 

 «11)  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасын  бұзу,  мемлекеттік 

еңбек инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері 




жүктеу 398,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау