17
разрядаралық коэффициенттердің шекті мәндерін;
ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті
жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге қосымша ақы белгілеудің бірыңғай
тәртібін белгілеу;
5) салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы.»;
6), 7), 8) және 9) тармақшалар алып тасталсын.
6-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу
мәселелері жөніндегі кеңес қызметі»;
52) 156-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұжымдық шарт ұйымдарда да, шетелдік заңды тұлғалардың
филиалдары мен өкілдіктерінде де жасалуы мүмкін. Ұйымда бір ұжымдық шарт
жасалады.»;
53) 159-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«159-бап. Жеке еңбек дауын қарау тәртібі
1. Микрокәсіпкерлік субъектілерін, үй қызметкерлерін, жұмыскерлерінің
саны он бес адамнан аспайтын коммерциялық емес ұйымдарын, заңды
тұлғаның жеке-дара атқарушы органын, заңды тұлғаның атқарушы органының
басшыларын, сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да
мүшелерін қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал
реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы
бойынша соттар қарайды.
2. Келісу комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей
санынан тепе-тең негізде ұйымдарда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде
жұмыс берушімен құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
Ұжымдық шартта ұйымның өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінде
келісу комиссияларын құру көзделуі мүмкін»;
3. Келісу комиссиясы мүшелерінің сандық құрамы, оның жұмыс істеу
тәртібі, келісу комиссиясы шешімінің мазмұны мен оны қабылдау тәртібі,
келісу комиссиясы өкілеттігінің мерзімі, делдалды тарту туралы мәселе жұмыс
беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің арасындағы жазбаша келісімде не
ұжымдық шартта белгіленеді.
4. Келісу комиссиясына келіп түскен өтінішті көрсетілген комиссия
берілген күні міндетті түрде тіркеуге жатады.
5. Келісу комиссиясы дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес
жұмыс күні ішінде қарауға және дау тараптарына шешімнің көшірмесін оны
қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.
6. Келісу комиссиясының шешімі, жұмысқа қайта алу туралы дауды
қоспағанда, онда белгіленген мерзімде орындалуға тиіс.
7. Келісу комиссиясының шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған,
мәселелер реттелмеген жағдайда, жұмыскер немесе жұмыс беруші сотқа
жүгінуге құқылы.»;
54) 160-бап мынадай редакцияда жазылсын:
18
«Келісу комиссиясына немесе сотқа жеке еңбек дауларын қарау
бойынша жүгіну үшін мынадай мерзімдер белгіленеді:
1) жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – жұмыс берушінің еңбек
шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі келісу комиссиясына тапсырылған
не хабарламамен хат жіберілген күннен бастап бір ай, ал сотқа жүгіну үшін –
реттелмеген даулар бойынша не еңбек шарты тарапы келісу комиссиясының
шешімін орындамағанда жүгінген кезде келісу комиссиясы шешімінің
көшірмесі тапсырылған не хабарламамен хат жіберілген күннен бастап екі ай.»;
85) 160-бап мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Осы Кодекске сәйкес жеке еңбек дауларын қарау бойынша келісу
комиссиясына жүгінбестен, сотқа жүгінуге құқылы еңбек қатынастарына
қатысушылар үшін мынадай мерзімдер белгіленген:
жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – жұмыс берушінің еңбек
шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі тапсырылған немесе хабарламамен
хат жіберілген күннен бастап үш ай;
басқа еңбек даулары бойынша – жұмыскер немесе жұмыс беруші өз
құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап
бір жыл.»;
55) 161-бапта:
1 және 2 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бұрынғы жұмысына қайта алынған жұмыскерге амалсыз бос жүрген
(жұмыстан шеттетілген) бүкіл уақыты үшін жалақысы немесе басқа жұмысқа
заңсыз ауыстырылған кезде төмен ақы төленетін жұмысты орындаған уақыт
үшін, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа жалақыдағы айырма төленеді.
2. Жеке еңбек дауын қарау жөніндегі келісу комиссиясының не соттың
жұмыскерді бұрынғы жұмысына қайта алу туралы шешімі дереу орындалуға
тиіс. Жұмыс беруші жұмысқа қайта алу туралы шешімнің орындалуын
кідірткен кезде, келісу комиссиясы не сот жұмыскерге шешімнің орындалуы
кідіртілген уақыт үшін жалақысын немесе жалақысындағы айырмасын төлеу
туралы шешім шығарады.»;
56) 164-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жұмыскерлердің талаптары жазбаша нысанда жазылады және жұмыс
берушіге, жұмыс берушілер бірлестіктеріне жиналыс (конференция) өткізілген
күннен бастап үш күн мерзімде жіберіледі.»;
57) 166-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Еңбек төрелігі мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын
қарау тәртібі тепе-теңдік негізде тараптардың келісімімен айқындалады. Еңбек
төрелігі кемінде бес адамнан тұруға тиіс. Еңбек төрелігінің құрамына
мемлекеттік еңбек инспекторы қосылады.»;
58) 182-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5)
кәсіби
тәуекелдерді
бағалау
және
басқару
жөніндегі
автоматтандырылған жүйені енгізуге»;