Жоба қазақстан республикасының заңЫ



жүктеу 398,23 Kb.
Pdf просмотр
бет6/12
Дата13.01.2020
өлшемі398,23 Kb.
#26528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

13 

 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  қайта  қаржыландырудың  1,25-



еселенген  ресми  мөлшерлемесі  негізге  алына  отырып  есептеледі  және  төлем 

жүргізілуге  тиісті  келесі  күннен  бастап  мерзімі  өткен  әрбір  күнтізбелік  күн 

үшін есепке жазылады және төлем жасалған күнмен аяқталады.»; 

42)  115-баптың  2-тармағы  мынадай  мазмұндағы  4-1)  тармақшамен 

толықтырылсын: 

«4-1)  келісім  комиссиясының  шешімі  бойынша  жұмыскерді  бұрынғы 

жұмыс орнына қайта алған не сот шешімі жағдайда жыл сайынғы ақы төленетін 

еңбек  демалысының  (жыл  сайынғы  еңбек  демалыстарының)  пайдаланбаған 

күндері үшін өтемақылық төлем ұстап қалынады.»; 

43) 124-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 

 «3.  Мерзімді  әскери  қызметке  шақырылуға  жататын  жұмыскерлердің 

медициналық  комиссиядан  өту  кезеңінде  жергілікті  әскери  басқару 

органдарына  шақырту  туралы  шақыру  қағазы  болған  кезде  –  жұмыс  орны 

(лауазымы),  жұмыс  орны  бойынша  жалақысы,  ал  мерзімді  әскери  қызмет 

өткеру  кезеңінде  -  еңбек  шартының  қолдану  мерзімі  шегінде  жұмыс  орны 

(лауазымы) сақталады. 

Мерзімді  әскери  қызметтен  өту  кезеңінде  жұмыс  орны  (лауазымы) 

сақталған  жұмыскер  әскери  қызметтен  босатуға  байланысты  әскери  бөлім 

тізімдерінен  шығарылған  күннен  бастап  бір  айдан  кешіктірмей  өзінің  еңбек 

міндеттеріне кірісуге міндетті.»; 

44) 130-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 

«2.  Тұрақты  жұмысы  жолда  өтетін  немесе  жүріп-тұру  сипаты  бар  не 

қызмет  көрсету  учаскелері  шегіндегі  қызметтік  сапарлармен  байланысты 

жұмыскерлерге  теміржол,  өзен,  теңіз,  автомобиль  көлігі,  азаматтық  авиация, 

автомобиль жолдары, газ тарату жүйелері (оның ішінде елді мекендер шегінде 

сапарлар  кезінде),  магистральдық  құбыржолдары,  магистральдық  байланыс 

желілері  мен  олардағы  құрылыстар,  радиорелелік  желілер  және  олардағы 

құрылыстар, электр берудің әуе желілері және олардағы құрылыстар, байланыс 

объектілері жұмыскерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 

шекарасының учаскелеріне қызмет көрсететін жұмыскерлер жатады.»; 

45) 133-бапта: 

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«2.  Еңбекке  уақытша  қабілетсіздігі  бойынша  әлеуметтік  жәрдемақылар 

төлеу  үшін  денсаулық  сақтау  саласындағы  уәкілетті  орган  бекіткен  тәртіппен 

берілген  еңбекке  уақытша  қабілетсіздік  туралы  парақтары  негіз  болып 

табылады.»; 

4-тармақта: 

1) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: 

«1) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен кінәлі екендігі 

анықталған жағдайда, өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде алған 

өндірістік  жарақаттарының  салдарынан  еңбекке  уақытша  қабілетсіздігі 

туындаған жұмыскерге.»; 




14 

 

«4) жұмыскер алкогольді, есірткіні және уытқұмарлық және оларға ұқсас 



заттарды  пайдалануы  салдарынан  туындаған  аурулардан  немесе  өндірістік 

жарақаттардан еңбекке уақытша қабілетсіз болған кезде.»; 

5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 

«5.  Маусымдық  жұмыстарда  істейтін  қызметкер,  бұл  туралы  жұмыс 

берушіні  күнтізбелік  жеті  күн  бұрын  жазбаша  түрде  хабарлай  отырып,  еңбек 

шартын өз бастамасы бойынша бұзуға құқылы. 

6.  Жұмыс  беруші  маусымдық  жұмыстарда  істейтін  қызметкерді  еңбек 

шартының осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында 

көзделген  негіздер  бойынша  бұзылатыны  туралы  күнтізбелік  жеті  күн  бұрын 

жазбаша хабарлауға міндетті.»; 

46) 135-бапта: 

2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 

 «Жұмыс беруші еңбек, ұжымдық шарттарға және (немесе) жұмыс беруші 

бекітетін Вахталық жұмыс әдісі туралы ережеге сәйкес вахталық әдісті қолдану 

тәртібін,  сондай-ақ  жұмыскердің  жұмыс  өндірісі  объектісінде  және  тұру  үшін 

арнайы  жабдықталған  орындарда  (вахталық  кенттерде)  болу  жағдайларын 

қамтамасыз етеді.»; 

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

 «5. Жұмыстың вахталық әдісі кезінде жұмыс уақытының жиынтық есебі 

белгіленеді.»; 

47) 136-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 

 «3.  Үй  жұмыскерімен  еңбек  шартының  тоқтатылғаны  (бұзылғаны) 

туралы  жазбаша  хабарлаудың  мерзімдері,  сондай-ақ  жұмысынан  айырылуға 

байланысты  өтемақы  төлеу  жағдайлары  мен  мөлшері  еңбек  шартында 

белгіленеді.»; 

48) мынадай мазмұндағы 137-1 баппен толықтырылсын: 

«137-1  бап.  Жұмыспен  қамтудың  жекеше  агенттiктерiмен  персоналды 

ұсынуға  қызметтерді  көрсетуге  арналған  шарт  бойынша  басқа  жеке  немесе 

заңды тұлғаларға уақытша бағытталған жұмыскерлердің еңбегі 

1. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері жұмыскерлерді қабылдауды 

жүзеге  асыруға  және  қабылдаушы  тараптың  басқаруымен  және  бақылауымен, 

мүддесінде 

еңбек 

шарттарымен 



айқындалған 

еңбек 


функцияларын 

жұмыскерлермен  орындау  үшін  аталған  жұмыскерлердің  жұмыс  берушілері 

болып  табылмайтын  жеке  немесе  заңды  тұлғаға  (бұдан  әрі  –  қабылдаушы 

тарап) оларды уақытша жіберуге құқығы бар. 

2.  Жұмыскерлерді  уақытша  жіберу  қабылдаушы  тарапта  жұмысты 

орындау  орнын  көрсетіп  еңбек  шартына  қосымша  келісімге  қол  қойылғаннан 

кейін жол беріледі. 

Белгілі бір жұмысты орындау уақытына еңбек шарты жасалған жағдайда 

жұмыскерлерді  уақытша  жіберу  осындай  еңбек  шартына  қол  қойылғаннан 

кейін жол беріледі.  




жүктеу 398,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау