5В090100 Көлікті пайдалану және қозғалысы мен тасымалдауды



жүктеу 2,12 Mb.
Pdf просмотр
бет29/36
Дата12.01.2020
өлшемі2,12 Mb.
#26426
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36

78 
 
«Ақтау  халықаралық  теңіз  сауда  порты»  Республикалық  мем  лекеттік 
кәсіпорны Қазақстан Республикасы үкіметінің 26.03.1996 жылғы №356 «Ақтау 
халықаралық  теңіз  сауда  порты»  акционерлік  қоғамының  мәселелері» 
Қаулысына  және  23.04.1997  жылғы  №644  «Ақтау  теңіз  сауда  порты» 
Республикалық  мемлекеттік  кәсіпорнының  мәселелері  туралы»  Қаулысына 
сәйкес  акционерлік  қоғамның  негізінде  құрылды.  Порт  ҚР  Үкіметінің 
25.06.1996  жылғы  №790  «Республикалық  мемлекеттік  кәсіпорындардың 
тізімдемесі  туралы»  (шаруашылық  жүргізу  құқығындағы)  Қаулысының 
негізінде 
Республикалық 
мемлекеттік 
кәсіпорындардың 
тізімдемесіне 
енгізілген.  «АХТСП»  РМК  ҚР  Əділет  Министрлігі  Маңғыстау  әділет 
басқармасында 11.10.1996 жылы тіркелген, куәлігі №513-1943-ГП. 
Ақтау теңіз портын қайта жаңғырту. 1999 жыл порт өмірінде бетбұрысты 
және  айрықша  мәнді  жыл  болды.  Қуаттарды  жаңарту  жобалары  жүзеге 
асырылды.  Порт  инфрақұрылымы  мен  басқару  құрылымдары  жақсартылды. 
Қазақстан  Үкіметі  Еуропалық  Қайта  құру  және  Дамыту  Банкімен  (ЕҚҚжДБ) 
бірлесіп  бөлінген  несиеге  1997-1999  жылдары  портты  түбегейлі  дамыту  және 
қайта құру бағдарламасын жүзеге асырды (74 млн. АҚШ доллары). 
1999 жылы портты қайта құрудың бірінші кезеңі аяқталды. Ақтау портын 
қайта  құрудың  аяқталу  салтанатына  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ə.Назарбаев  қатысты.  Қайта  құрудан  кейін  порттың  тиеу-түсіру  кешенінің 
құрғақ  жүктерге  қызмет  көрсету  мүмкіндіктері  мұнайды  ауыстырып  тиеудің 
жылына  8,0  млн.  тонна  қазіргі  мүмкіндіктерін  сақтай  отырып,  жылына  1,55 
млн. тоннаға дейін жеткізілді. Қайта құрудан кейін Ақтау порты дүниежүзінің 
көптеген  елдеріндегі  порттардағыдай  көпмақсатты  терминалға  айналды,  оның 
жұмысы бір минутқа да тоқтамайды. 
Қайта  құрудың  жобасы  өндірістік  мүмкіндіктерді  жақсартумен  ғана 
шектеліп  қоймайды,  сонымен  бірге  порт  қызметкерлерінің  біліктілігін  көтеру, 
жаңа технологиялар, маркетинг жүйесі, іс жүргізу, менеджментті іске қосуды да 
қарастырады.  Басқару  жүйесін  автоматтандыру,  жүк  айналымын  жаңаша 
статистикасын  жүргізу,  есептерді  автоматтандыру,  құжаттарды  ресімдеу, 
клиенттерге  қызмет  көрсету  процедураларын  жеңілдету  жөнінде  жұмыстар 
белсенді жүргізілуде. 
 
24-сурет. Ақтау порты 


79 
 
Соңғы  3  жылда  құрылған  қазіргі  заманғы  порт  инфрақұрылымы 
Қазақстан  Республикасы  үшін  Каспий  теңізінің  барлық  елдері  арасында  порт 
қызметтерінің  сапасы,  әртүрлілігі  және  қол  жетерлігі  бойынша  көшбасшы 
болуына  жағдайлар  жасады.  «АХТСП»  РМК  өзінің  алдына  толығымен  шеше 
алатын келесі міндеттерді қояды: 
-  Қазақстан  Республикасы  су  көлігі  жүйесінің  дүниежүзілік  көлік 
жүйесіне интеграциясын қамтамасыз ету; 
-  Ақтау  портының  көлік  желісінің  барлық  қатысушыла  рына  арналған 
тартымды тобы ретінде қалыптастыру; 
-  Қазақстанның  бірегей  географиялық  жағдайына  орай  Ақтау  портының 
стратегиялық рөлін күшейту; 
-  Волга-Дон  каналы  арқылы  Қара  теңіз  порттарына,  Иранның  солтүстік 
порттарына шығу арқылы баламалы көлік бағыттарын дамыту; 
-  Ақтау  портының  Қазақстанның  халықаралық  сауданы  қамтамасыз  ету, 
тасымалдар мен тауарлардың құнын төмендету қызметін кеңейту. 
Осы  міндеттерді  орындауға  аймақтың  мұнай  өндіру  саласына  шетел 
инвестициясының 
қаражат 
салым 
дары 
және 
салынған 
көлік 
инфрақұрылымдарын пайдалану мүмкіндік береді. Аймақ арқылы «ТРАСЕКА» 
халықаралық жүктерді тасымалдау бағыты өтеді. Портта теміржол, автомобиль, 
су  және  құбыр  сияқты  бірнеше  көлік  түрлерінің  торабы  орналасқан.  Баку-
Тбилиси-Джейхан  мұнай  құбырын  салу  жөніндегі  халықаралық  келісім 
мұнайды  Ақтау  теңіз  порты  арқылы  тасымалдаудың  келешегі  зор  екендігін 
растайды. 
«КРУГ»  ҰЗҚ  мамандары  Ақтау  қ.  (Қазақстан  Республикасы) 
«Халықаралық 
Теңіз 
Сауда 
Порты» 
инженерлік 
ғимараттарды 
автоматтандырылған  басқару  жүйесін  (АБЖ)  пайдалануға  енгізді.  Осы  жүйе 
өрт және күзет сигнализациясының жүйелерімен шоғырландырылған. 
ИИ  АБЖ  әкімшілік,  өндірістік,  тұрмыстық  ғимараттарды,  қоймалар  мен 
айлақтарды қамтиды. 
ИИ  АБЖ  мамандандырылған  бағдарламалық  қамтамасыз  ету  негізі 
SCADA КРУГ-2000® болып табылады. 
Жүйе функциялары: 
- параметрлерді бақылау және сигнализациясы; 
-жабдықты 
(жарықтандыру  діңгектері,  циркуляциялық  сорғылар, 
ағындық  желдеткіштер,  өзен  хабарландырғыштары  және  т.б.)  дибекеттік 
басқару; 
-  уақыт  тапсырмасы  бойынша  жарықтылыққа  байланысты  немесе  қол 
режимінде жарықтандыру діңгектерін басқару; 
- ауа арналар жүйесін қатып қалудан қорғау; 
-  өрт  және  күзет  сигнализациясының  сүйреткілерінің  жағдайын  бақылау 
және сигнализациясы; 
- нысанды күзетуге қою және нысанды күзетуден алып тастау; 


80 
 
- КТ АБЖ және коммерциялық жеке мекеме технологтеріне, қызметтеріне 
ақпарат беру; 
- үрдісті хаттамалау; 
- ПТК элементтерінің өзін-өзі диагностикалауы; 
- трендтер мен хаттамаларды мұрағаттау. 
Операторлардың  екі  АЖО-да  жедел  деректерді  жинау,  өңдеу  және 
бейнелеу, технологиялық жабдықты (жарықтандыру діңгектері, циркуляциялық 
сорғылар,  ағындық  желдеткіштер,  өзен  хабарландырғыштары  және  т.б.) 
басқару,  сондай-ақ  берілген  параметрлер  бойынша  мұрағат  ақпаратын  сақтау 
және  бейнелеу  орындалады.  Операторлардың  АЖО  жүйенің  ұзақ 
жасағыштығын едәуір арттыратын өзара-резервте сақталатын серверлер болып 
табылады. 
Қарауыл бастығының АЖО және қауіпсіздік қызметі бастығының АЖО-
да өрт және күзет жағдайы, нысандарды күзетке қою және күзеттен алып тастау 
бақыланады. 
Осы  АБЖ  пайдалануға  енгізу  инженерлік  жабдықтың  жұмысының 
үнемделуі  мен  сенімділігінің  арттырылуын,  порттың  ғи  мараттарына 
санкцияланбаған кіруді және жайларда өрттің белгілерінің туындауын бақылау 
есебінен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін автоматтандырудың 
қазіргі  заманғы  жүйесімен  теңіз  көлігін  жарақтандыруға  мүмкіндік  берді. 
Жабдықты  басқарудың  оңтайландырылған  алгоритмдерінің  арқасында  ресурс-
және энергия үнемдеу мәселелері шешілуде. 
«КРУГ»  ҰЗҚ  мамандары  «Мангыстауспецавтоматика»-мен  (Қазақстан) 
бірлесе отырып жұмыс істеді. 
2010  жылғы  маусымда  «Ақтау  халықаралық  теңіз  сауда  порты» 
республикалық  кәсіпорны  (Қазақстан  Республикасы)  өрт  және  күзет 
сигнализациясы  жүйесінің  шоғырлануымен  бірге  Инженерлік  имараттарды 
автоматтандырылған басқару жүйесін пайдалануға енгізді. 
Каспийде  Маңғышлақ  түбегінде  орналасқан  Ақтау  порты  елдің  жалғыз 
халықаралық  теңіз  порты  болып  табылатындықтан,  Қазақстан  Республикасы 
экономикасының тұтас алғанда дамуы үшін стратегиялық маңызға ие. 
7.4 Құбыржол көлігін автоматтандырылған басқару жүйелері 
Құбыржол  көлігінің  қазіргі  заманғы  дамуы  металлургия  мен  машина 
жасаудағы  жетістіктермен,  сондай-ақ  сұйық  массалық  және  газ  тәрізді 
өнімдерді  тасымалдауда  шаруашылықтың  мұқтаж  дықтарымен  байланысты. 
Құбыржолдардың зор торабын құру көліктің басқа түрі (контейнерліктен басқа) 
үшін тән табиғи газды, мұнай мен мұнай өнімдерін оларды ауыстырып тиеудің 
аралық үрдістерінсіз үлкен қашықтыққа тиімдірек орнын ауыстыруға мүмкіндік 
берді.  Құбыржол  көлігінің  маңызды  ерекшелігі  –  оның  жұмыс  істеуінің 
үздіксіздігі. Бұл үлкен диаметрлі құбыржолдармен, әдетте 1420 мм-ге дейін, ал 
келешекте – 1620 мм-ге және тіпті 2200 мм-ге дейін 15 атмос фераға дейін және 
одан көп қысыммен қамтамасыз етіледі . 


жүктеу 2,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау