5В090100 Көлікті пайдалану және қозғалысы мен тасымалдауды



жүктеу 2,12 Mb.
Pdf просмотр
бет27/36
Дата12.01.2020
өлшемі2,12 Mb.
#26426
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36

74 
 
тарифтер және алымдар туралы нормативтік-анықтамалық деректерді әрдайым 
ескеріп, пайдалану қажет. 
«Теңізфлот» АБЖ құру мақсаттары ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және 
беру тәжірибесіне ЭЕМ енгізуден ғана тұрмайды. 
Жүйелік  тәсіл,  экономикалық-математикалық  әдістер  және  ЭЕМ  кең 
пайдалану негізінде саланы басқару және ең алдымен негізгі пайдаланушылық 
іс-әрекет  –  жүктердің  тасымалдануын  және  ауыстырып  –  тиелуін  басқару 
бойынша  оңтайлы  шешімдердің  өндірілуі  мен  жүзеге  асырылуына  мүмкіндік 
беретін басқарушы жүйенің жүйелі құрылуы жорамалданып отыр. 
«Теңізфлот»  АБЖ  құрамына  тиісті  негізгі  функциялар  бойынша  теңіз 
көлігінің басқарылуын қамтамасыз ететін функционалдық шағын жүйелер және 
«Порт»  АБЖ,  «Кеме  жөндейтін  зауыт»  АБЖ  және  «Кеме  қатынасы»  АБЖ 
сияқты өндірістік жүйелер кіреді. 
Теңіз көлігін басқару жүйесі тасымалдау үрдісінен, техникалық құралдар 
мен  еңбек  ресурстарының  жұмыс  қабілетін  қолдау  үрдісінен  және  саланы 
дамыту үрдісінен тұрады. 
«Теңізфлот» АБЖ құрылымында аталған үрдістермен басқаруды  тікелей 
қамтамасыз ететін шағын жүйелер бөлінген. Осындай шағын жүйелерге: 
- флот пен порттар жұмысын жедел жоспарлау және реттеу; 
-  жолаушылар  флотының  жұмысын  жедел  жоспарлау  және  реттеу 
(тасымалдау үрдісін басқару); 
- флоттың техникалық жағдайын бақылау, кеме жөндеуді жоспарлау және 
реттеу (флоттың жұмыс қабілеттін қолдау үрдісін басқару); 
- теңіз көлігінің өндірістік іс-әрекетін жоспарлау (саланы дамыту үрдісін 
басқару) жатқызылады. 
Орындалуы тасымалдау үрдісін, жұмыс қабілетін қолдау үрдісін, дамыту 
үрдісін  басқаруды  қамтамасыз  ететін  «Теңізфлот»  АБЖ  шағын  жүйелерінің 
қатарына: 
- материалдық-техникалық жабдықтау есебі және жоспарлау; 
- кадрлар қозғалысының есебі және талдау жатады. 
«Флот  пен  порттар  жұмысын  жедел  жоспарлау  және  реттеу»  шағын 
жүйесінің  негізгі  міндеттері  –  жүктерді  тасымалдау  мен  ауыстырып  тиеудің 
тоқсандық  жоспарларын  әзірлеу,  флоттың  жұмысын  және  порттардың 
жүктемесін  күнтізбелік  жоспарлау  мен  реттеу.  Күнтізбелік  жоспарлау  мен 
реттеу  міндеттерін  шешудің  қабылданған  әдісі  іс  жүзінде  олардың  бірігуін 
қамтамасыз  етеді.  Бұған  барлық  кеменің  жұмысының  және  порттардың 
жүктемесінің  күнтізбелік  жоспар-кестесінің  25-35  күн  бұрын  (осы  мерзім 
рейстердің  орташа  ұзақтығымен  анықталады)  тұрақты  (тәулік  сайын) 
есептелетінімен  қол  жеткізіледі.  Мұнымен  кемелерге  келесі  рейстерді 
(күнтізбелік  жоспарлау)  тағайындау  туралы  шешімдерді  қабылдау  мүмкіндігі 
қамтамасыз  етіледі  және  кемелер  бұрын  қабылдаған  тағайындаулар  бойынша 
шарттардың өзгеруімен бір мезгілде ескеріледі. 


75 
 
«Жолаушылар  флотының  жұмысын  жедел  жоспарлау  және  реттеу» 
шағын жүйесі линиялар бойынша жолаушылар кемелерін оңтайлы орналастыру 
міндеттерінің  автоматтандырылған  шешімін,  олардың  қозғалысы  кестелерінің 
жасалуын,  сондай-ақ  есептің  автоматтандырылуын,  кемелерде  орындардың 
және билеттердің сатылуының брондалуын қамтамасыз етеді. 
«Флоттың техникалық жағдайын бақылау, кеме жөндеуді жоспарлау және 
реттеу»  шағын  жүйесі  теңіз  флотын  техникалық  пайдалану  тиімділігін 
арттырады, кеме қатынастарының жұмысымен байланыстыра отырып, кеменің 
жөнделуін жоспарлауды және кеме жөндейтін зауыттың қуаттарын арттыруды 
оңтайландырады; 
теңіз 
флотының 
техникалық 
пайдаланылуының 
жоспарлануын, жедел реттелуін, есебін және талдауын орындайды. 
Шағын жүйе міндеттер кешендерінің үш тобынан тұрады: 
- флотты техникалық пайдалану; 
- флотқа техникалық қызмет көрсету; 
- флотты жөндеу және кеме жөндейтін зауыттардың жүктемесі. 
«Флотты  техникалық  пайдалану»  міндеттері  кешендерінің  тобы 
кемелердің  міндетіне  сай  жұмысқа  техникалық  дайындығын,  «Флотқа 
техникалық  қызмет  көрсету»  міндеттері  кешендерінің  тобы  кемелер  мен 
кеменің техникалық құралдарының жарамды техникалық жағдайын қамтамасыз 
етеді,  сондай-ақ  берілген  шектерде  олардың  техникалық-пайдалану 
сипаттамасын  сақтайды.  «Флотты  жөндеу  және  кеме  жөндейтін  зауыттардың 
жүктемесі» міндеттері кешендерінің тобы пайдалану үрдісінде кемелердің және 
кеменің  техникалық-құралдарының  жартылай  немесе  толықтай  жойып  алған 
техникалық-пайдалану  сипаттамаларын  қажет  деңгейге  дейін  қалпына 
келтіреді,  сондай-ақ  кеме  жөндейтін  зауыттарды  (кеме  жасау  мен  машина 
жасауды  қоса  алғанда)  оңтайлы  пайдаланады  және  оларға  жұмысты  көбірек 
жүктейді. 
«Порт» 
АБЖ. 
Функционалдық 
шағын 
жүйелер 
міндеттерінің 
кешендерінен басқа «Порт» АБЖ типтік жобалық шешімдерін әзірлеудің негізгі 
мазмұны жүктерді тасымалдау мен көлік құралдарын өңдеудің технологиялық 
өндірістік  үрдістерін  жедел  басқару  болып  табылады.  «Порт»  АБЖ-де  5-10 
тәулік  мерзімге  күнтізбелік  жоспарды  күнделікті  есептеу  арқылы  күнтізбелік 
жоспарлау  қағидасы  қабылданған.  Онда  бірінші  тәуліктерде  ауысымдар, 
сағаттар  және  нысандар  бойынша  кемелік,  вагондық,  автокөліктік,  қоймалық 
және шаруашылық жұмыстардың, сондай-ақ көлік құралдарына қызмет көрсету 
бойынша  арқандап  байлайтын,  лоцман  және  басқа  операциялардың  жоспары 
беріледі.  Күнтізбелік  жоспардың  кейінгі  тәуліктерінде  әрбір  кеме  бойынша 
жүкті қайта өңдеу көлемі, операциялардың басталуы мен аяқталуының уақыты 
және бірқатар басқа көрсеткіштер болжанады. 
«Кеме  жөндейтін  зауыт»  АБЖ  («КЖЗ»  АБЖ).  АБЖ  функционалдық 
шағын  жүйелер  міндеттері  және  кемелерді  жөндеу,  кеме  жасау  және  машина 
жасау  сияқты  негізгі  өндірістік  процесті  жедел  жоспарлау  және  басқару 
міндеттері  кешендерінің  шешімінен  тұрады.  КЖЗ  негізгі  өндірістік  үрдістерді 


жүктеу 2,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау