5В090100 Көлікті пайдалану және қозғалысы мен тасымалдауды



жүктеу 2,12 Mb.
Pdf просмотр
бет30/36
Дата12.01.2020
өлшемі2,12 Mb.
#26426
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36

81 
 
Құбыржол  көлігі  өнімнің  жеке  түрлерінің  орнын  ауыстыруға  көбірек 
маманданады:  сұйық  (мұнай  мен  мұнай  өнімдерінен  сүтке  дейін),  газ  тәрізді 
(табиғи  және  ілеспе  газ,  аммиак,  этан,  этилен  және  т.б.),  қатты  (көмір,  және 
т.б.).  Осы  жүктер  бірнеше  километрден  бірнеше  мыңдаған  километрге  дейін 
әртүрлі  қашықтыққа  орнын  ауыстырады.  Жеткізудің  соңғы  пункттері  әртүрлі: 
мұнай үшін – мұнай өндейтін зауыттар; табиғи газ, аммиак, этан, этилен үшін – 
химия кәсіпорындары; көмір мен мазут үшін – жиірек электр бекеті. Табиғи газ, 
бұдан  басқа,  коммуналдық  шаруашылыққа  жеткізіледі,  мұнай  өнімдері  –  бұл 
бензин,  керосин.  Сондықтан  магистральдық  құбыржолдардан  басқа 
құбыржолдардың тарамтарам таратып қоюшы желісі де бар. 
Құбыржол көлігінің құндылығы – жердің бедері әртүрлі болғанда, үлкен 
су  кеңістіктері,  соның  ішінде  теңіздер  арқылы,  мәңгі  тоң  болғанда  құбыржол 
көлігінің  магистральдарын  төсеу  мүмкіндігі.  Газ  құбыры  көлігі  өндірілген 
газды сақтау үшін табиғи немесе жасанды жерасты қуыстарын пайдаланады. 
Газ-және  мұнай  құбырларын  құру  нақты  экологиялық  проблемалардың 
болуына (құбырлардың жарылуы және мұнау мен газдың атылуы, құбырларды 
төсеген кезде табиғи қабаттың бүлінуі, солтүстік аудандарда құбыржолдардың 
жерүсті трассалары болғанда  – жануарларды көшіру үшін кедергілер) әкеледі. 
Əлемде 
тек 
магистральдық 
мұнай-газ 
құбырларының 
жиынтық 
созылыңқылығы  2  млн  км-ді  иектеп  барады,  яғни  темір  жолдар  дың 
созылыңқылығынан  екі  есе  арта  түседі,  темір  жолдардан  ерекшелігі  үлкейе 
түсуде. Мұнай-газ құбырларының созылыңқылығы бойынша Батыс Еуропадан 
және  әлемнің  басқа  өңірлерінен  асып  түсе  отырып,  Солтүстік  Америка  және 
Шығыс Еуропа үздік болып отыр. 
Елімізде  көліктің  осы  түрі  елдің  жалғыз  көлік  жүйесінде  өте  маңызды 
орын алады. Оның үлестік салмағы жалпы жүк айналымында үнемі өсуде. 
Құбыржол трассаларын орналастыру темір және автомобиль жолдарының 
бағыттарынан  едәуір  ерекшеленеді  –  оның  жер  бедеріне  тәуелділігі  болмашы 
ғана. Бұл оларды төте жол арқылы төсеуге мүмкіндік береді. Көліктің осы түрі 
кез-келген  климаттық  және  ауа-райылық  жағдайларда  жұмыс  істей  алады, 
тасымалдау кезінде шығын ең төмен. 
Мұнай құбыржолының жұмысын автоматтандыру адамның ең аз тікелей 
қатысуымен  барлық  технологиялық  үрдістерді дибекеттік  басқару  мүмкіндігін 
береді.  Осы  құбылыс  бір  мезгілде  техникалық  жүйелер  мен  құрылғылардың 
рөлін  арттыра отырып, өндіріс  тиімділігіне  адам  факторының  әсер  етуін  ең  аз 
мөлшерге  алып  барады.  Мұнай  құбыржолдарының  автоматтандырылуын 
жүргізу  оның  барлық  түзілімдерін  басқарудың  тиісті  деңгейін,  технологиялық 
үрдіске  сай  шарлы  крандар  мен  басқа  бекіткіш  арматураның  уақтылы 
жабылуын/ашылуын,  сондай-ақ  барлық  магистарльдың  зақымдалудан 
қорғалуын  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Мұнай  құбыржолдарында  автоматтандыру 
үрдістерінің  негізгі  мақсаттары  –  бұл  бас  және  екінші  сорғы  бекеттері, 
құбыржолдың сызықтық бөлігі және құбыржол арматурасы. 


82 
 
Құбыржолды  автоматтандыру  деңгейі  бірнеше  аралық  мұнайды  тартып 
шығаратын  бекеттерді,  резервуарлар  тобын,  мұнай  шығынын  бақылауға 
арналған  құрылғылар  мен  қосалқы  жабдықты  бір  операторлық  пункттен 
басқару  мүмкіндігін  беруі  тиіс.  Операторлық  пункттің  өз  жабдығы 
диспетчерлік  орталықтардан  жоғары  тұрған  деңгейдің  байқалуын  қамтамасыз 
етуі  тиіс.  Мұнайды  тартып  шығаратын  аралық  бекеттерді  автоматтандыруға 
бірқатар  талаптар  қойылады.  Сонымен,  осы  бекеттер  ең  кіші  құбыржол 
түзілімдерін  қоса  алғанда  құбыржолдың  барлық  түзілімдерін  бақылау  мен 
басқару  үздіксіздігін  қамтамасыз  етуі  тиіс:  шарлы  болат  крандар,  ысырмалар 
және  жапқыш  артамураның  басқа  техникалық  бұйымдары.  Қорыта  келгенде, 
бекетке  қойылатын  талаптардың  бірі  оның  жұмыс  істеуінің  үздіксіздігі  болып 
табылады.  Сонымен  қатар,  мұнайды  тартып  шығаратын  аралық  бекеттерді 
автоматтандырылған  бақылау  жүйесі  құбыржол  мен  жұмыс  ортасының 
технологиялық  жағдайын  үзбестен  қадағалап  отырады.  Осы  параметрлер 
туралы  ақпаратты  терминалдарға  шығарады  және  оны  электрондық 
тасығыштарда  сақтайды.  Мұнай  құбыры  бойынша  өтетін  технологиялық 
ортаның  параметрлерін  басқарады.  Мұнайды  тартып  шығаратын  бекеттің 
аппаратурасын қорғайды және басқарады. 
Автоматтандырылған  басқару  кешенінің  тағы  бір  міндеті  сол  деңгейдің 
жүйелерімен  байланысты  қамтамасыз  ету,  сондай-ақ  тым  биік  тәртіптің 
бақыланатын жүйесіне ағымдағы ақпаратты беру болып табылады. 
АБЖ  құбыржолды  төтенше  жағдайлардан  қорғауға  арналған  қуатты 
құрылғы  болып  табылады.  Олар  пайда  болған  кезде  автоматтандырылған 
басқару жүйесінің (АБЖ) жабдығы бір сәтте құбыржолдың барлық жұмыс істеп 
тұрған  түзілімдерін  ағытуға,  сондай-ақ  қажет  болғанда  оларды  бір-бірлеп 
ағытуға  мүмкіндік  береді.  АБЖ  айтарлықтай  күрделі  жүйе  болып  табылады 
және өз кезегінде өзін профилактикалау мен жөндеу үшін зор көлемді жұмысты 
талап етеді. 
Нысан  топологиясында  ақпаратты  жинаудың  басты  нүктелері 
(бақыланатын  пункттер  -  БП)  бөлінеді.  Осы  нүктелерде  БҚ  басқару  бекеттері 
орнатылады.  БП  байланыс  каналдарының  бір  немесе  бірнеше  типін  (УКВ 
радиоарнасы,  радио-Ethernet,  өткізгіш  байланыс  тізбектері,  талшық-оптика) 
пайдалану  арқылы  деректерді  жинаудың  бірыңғай  желісіне  бірігеді.  БН-нен 
ақпарат  диспетчерлік  пунктке  жиналады.  Диспетчерлік  пунктте  деректер 
пакеттерін  өңдеу  жүргізіледі,  диспетчердің  АЖО-да  нысанның  ағымдағы 
жағдайын  көзбен  шолу  үшін  және  технологиялық  деректер  базасын 
қалыптастыру үшін пайдаланылады. 
Функциялар: 
  
-  құбыржол  жағдайы  туралы  жедел  ақпаратты  жинау  жәнедиспетчерге 
беру; 
- өнімді тасымалдау үрдісін жедел басқару; 
- апаттық жағдаяттарды диагностикалау кезінде тұрақты бақылауды және 
апаттық бұғаттауды жүзеге асырады; 


жүктеу 2,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау