Жоспарлау мен дамыту секторының 2008-2009 оқу жылына арналған қорытынды есебі Жоспарланған шаралар



жүктеу 31,08 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі31,08 Kb.
#1055
түріКонкурс

Жоспарлау мен дамыту секторының 2008-2009 оқу жылына арналған қорытынды есебі

Жоспарланған шаралар

  • Басқару жүйесін жетілдіру
    • МҚКМ-нен ШЖҚ РМК-ға өту, жарғылық құжаттарды сәйкестендіру;
    • Университетті басқарудың оңтайлы жолға көшіру;
    • Университет құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын тағайындауға конкурстық жүйе енгізу;
    • Электрондық құжат айналымын жасау және кезең-кезең бойынша енгізу;
  • Оқу үдерісін жетілдіру
    • Деканаттарға кең көлемді өкілеттік тапсыру;
  • Оқу-клиникалық қызметі жетілдіру
    • ҚазҰМУ-дың білім беру клиникалық орталығының ашылуы;
    • Шаруашылық есептегі стоматологиялық емхана құру;
    • Университтің жеке емханасын құру;

Жоспарланған шаралар (жалғасы)

  • Халықаралық қатынастарды дамыту
  • IT-технологияны дамыту
  • Қаржылық және экономикалық қызметті жетілдіру :
    • ПОҚ-ты ынталандыру мен дифференциялдық еңбекақы төлеу жүйесі енгізу;
    • Университеттің материалдық құндылығын жаңарту жүйесін есепке алу және инвентаризация өткізу;
    • Тапсырыс қабылдау жүйесін жетілдіру
  • Әлеуметтік саясат мәселелері
  • Қызметті диверсификациясы
  • Ұжымдық мәдениетті қалыптастыру
  • Стратегияны іске асыруды мониторингтеу

ҚазҰМУ-дың РМҚК-ден ШЖҚ РМК-ға өтуі

  • Ауысу актілері дайындалып, іске асырылды, жарғылық құжаттармен ішкі тәртіп ережелері оның ішінде, ҚазҰМУ Жарғысы, университеттің жаңа құрылымдық бөлімшелері туралы ережелер, университеттің жаңа типтік келісім-шарты және ұжымдық келісім-шарты сәйкестендірілді;

ҚазҰМУ-дың РМҚК-ден ШЖҚ РМК-ға өтуі (жалғасы)

  • ҚР ДСМ «Республикалық дәрі-дәрмек құралдарын сараптау мен стандарттайтын бзалық зертхана» РМКК-ның актісін дайындау;
  • ҚР ДСМ «С.Х.Субханбердин атындағы медицина және денсаулық сақтау тарихы» РМКК-ның актісін дайындау жұмыстары;

Университетті басқарудың оңтайлы жолына көшіруге дайындау және өту

  • ҚазҰМУ-дың дамыту стартегия іске асырудың негізгі шаралар жоспарын дайындау енгізу;
  • «Қызметкерлерді дамыту» бағдарламасын дайындау және енгізу: жаңа еңбекақы жүйесі бойынша ішкі нормативтік құжаттарды дайындау, еңбекақыны дифференциялды төлеу жүйесін және ПОҚ-ты ынталандыру үшін рейтингілік бағалау жүйесін енгізу;
  • «Студенттік өзін-өзі басқару туралы Ереже», «ҚазҰМУ мәжілісі туралы Ереже», «Университеттің этикалық және өнегелік құндылықтары», «Тәрбие жұмысы бойынша концепция» сияқты маңызды құжаттар дайындалып, бекітілді, «ҚазҰМУ-дың Дәлелдемелік медициналық орталығы туралы ережесі», «ҚазҰМУ-дың сертификаттау орталығы туралы ережесі», «Өзін-өзі дамытуға негізделген жоғары медициналық білім концепциясының» жобасы бектілу үстінде.

Университеттің құрылымдық бөлімшелер басшыларын тағайындаудың конкурстық жүйесін енгізу

  • ҚазҰМУ-дың жаңа еңбекақы төлеу жүйесі бойынша ішкі нормативтік құжаттарын дайындау;
  • ПОҚ-қа дифференциялды еңбекақы төлеу жүйесін енгізу;
  • «Декандарға өкілеттік табыстау бойынша концепция», «ҚазҰМУ факультеттерінің конкурсы туралы ережені» дайындау

Білім беру-клиникалық орталығы

  • Аккредитациялау стандарттары енгізілді, оның сәйкестігіне арналған өзін-өзі бағалау, сонымен қатар тәуелсіз сарапшылар бағалауы өткізілді, 24.11.08 жылы аккредитация туралы куәлік алынды;
  • Төмендегідей мамандықтар бойынша лицензияға қосымша алынды: онкология, стоматология, маммология, акушерлік іс және гинекология;
  • Стоматология кабинеті жұмыс істейді, дентальді рентген кабинеті жабдықталды, аудиометрия кабинеті дайындалды, есту қабілетін қалпына келтіру бойынша күрделі операциялар жасалады;
  • Клиника базасында коллагенозбен ауыратын науқастарды биологиялық терапиямен емдеу әдісі енгізілді, антициокендік терапия кабинетін ашу жоспарланып отыр;
  • 2009 жылдың 8 айында 25676 науқас қабылданды, оның ішінде сақтандандырылғаны – 20272 (78,9%), өз бетімен – 5404 (21,1%), қабылдау жоспары 60% орындалды (ҚР ДСМ нормативі бойынша – 30%);

Білім беру-клиникалық орталығы

  • Алдағы кезеңге қойылатын міндеттерд:
  • Төмендегілер есебінен қаржылық түсімді көбейту:
  • - ББКО клиенттік базасын кеңейту;
  • - көрсетелетін медициналық қызмет тізімдемесін көбейту;
  • - менеджмент жүйесін жетілдіру;
  • - Университет кафедраларының әлеуетін пайдалана отырып емдеу-диагностикалық үдеріске жаңа технологияларды енгізу.
  • Қымбат бағалы құрал-жабдықтың пайдалану тиімділігін арттыру.
  • Телемедициналық технологияны енгізу (кеңес беру, конференция).
  • Білім беру үдерісін ұйымдастыруда клиника әлеуетін пайдалану.
  • Емдеу-диагностикалау үдерісті автоматтандыру жағынан ақпараттық технологияларды дамыту
  • Бірқатар клиникалық кафедраларды орналастыру

« Стоматология және ЖБХ» РҒКО

  • «Стоматология және ЖБХ» Республикалық оқу-ғылыми–клиникалық орталық туралы ереже бекітілді;
  • Қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесі туралы ереже бекітілді;
  • Стоматологиялық қызметке арналған баға прейскуранты бекітілді;
  • Орталықтың штаттық кестесінің құрылымы бекітілді;
  • Кафедралармен бірігіп жұмыс істеу туралы келісімдер жасалды;
  • Ұйымдастырушы-әдістемелік бөлім құрылды;
  • Кафедраралық ғылыми-өндірістік зертхана туралы ереже бекітілді;
  • Алмалы аудандық СЭС-пен қорытынды зертханалық зерттеу туралы келісім-шарт жасалды;
  • Стоматология факультеттінің кафедралары орналастырылды;
  • Кафедраларда құрылыстық-жөндеу жұмыстары аяқталды;

« Стоматология және ЖБХ» РҒКО

  • Болашақта атқарылатын жұмыс жоспары:
  • Қолда бар қаржыландыру көздері мен жаңа қаржыландыру көздерін кеңейту;
  • РОҒКСО бойынша тендерге қатысу;
  • Стоматология бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарын құрастыру;
  • Республикалық орталық жанынан болашақта стоматологиялық орталық құру;
  • Тіс протездеудің жаңа технологияларын енгізу;
  • РҒКО «Стоматология және ЖБХ» аккредитациялау.

Ғылыми-білім беру зертханасы

  • Зертханалық құрал-сайман алынып, іске қосылды;
  •  Оқыту бағдарламасының екі кешенді блогы дайындалып енігізіліп жатыр;
  •  Қалыпты физиология кафедрасымен бірге оқу бағдарламалары дайындалды;
  • Қалыпты физиология, гистология, микробиология, топографиялық анатомия кафедраларында шағын зертхана ұйымдастырылды;
  • Гистология кафедрасымен бірге «Морфоденситометрия және микрофотографии негіздерімен микроскопиялық техника» атты элективті курс ұйымдастырылып, жүргізілді.

Ғылыми-білім беру зертханасы

  • Зертхананың даму болашағы:
  • Студенттерді оқытуға арналған жаңа әдіс-тәсілдерді дайындау:
  • a. университет кафедраларында ҒБЗ-да жаңа шағын зертхана ұйымдастыру
  • b. ҒБЗ базасында кәсіби білім беруді ұйымдастыру.
  • Университет кафедраларымен бірге ғылыми бағдарламалар дайындау және ресупбликалық, халықаралық конфернцияларға қатысу.
  • Зертханалық зерттеудің барлық кезеңдеріне және зертхана ішілік сапа бақылауы мен сыртқы бағалау нәтижелерін талдауға негізделген сапа бақылауы жүйесіне зертхананы аккредитациялау. ISO 15189 «Медициналық зертхана. Сапасы мен құзіреттілігіне қлйылатын ерекше талаптар» құжатына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйеін енгізу.
  • ҒБЗ-ны С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанындағы Ғылыми орталыққа ауыстыру.
  • Зертханалық диагностика саласындағы медициналық қызметтерді көрсетуге арналған лицензия алу.
  • Дәрі-дәрмекті сертификаттауға арналған ҒБЗ базасындағы тәжірибелік зертхананы аккредитациялау.

Халықаралық ынтымақтастық және даму

  • ҚазҰМУ-дың ПОҚ туралы ақпарат жинау жұмысы жүргізілді және әрдайым жаңартылатын мәліметтер базасы құрылды;
  • Университеттің халықаралық ынтымақтастық саласындағы ұйымдастырушылық-ақпараттық қызметі;
  • Университет қызметкерлерінің шетелге жасаған іс-сапарлары нәтижелерін координациялау мен оның тиімділігін арттыру мақсатында зерттеу және жалпылау;
  • Факультет, кафедралармен бірігіп шетелдік студент, аспирант, стажер мен мамандарды қабылдау, білім алушы шетел азаматтары контингентін қалыптастыру;
  • Білім беру саласында 13 шетелдік мекемемен ынытмақтастық туралы келісім-шарт жасалды;

Халықаралық ынтымақтастық және даму (жалғасы)

  • ҚазҰМУ-дың 56 қызметкері халықаралық конгрестерге, конференцияларға, т.б. қатысу үшін жақын және алыс шетелдерге жіберілді;
  • Ынтымақтастық жасауға байланысты төмендегі оқу орындарымен келісім-шарттар қол қоюға әзірленуде:
    • Гамбург-Эппендорф (Германия, Гамбург қаласы) университеттік клиникасы
    • Польшаның білім беру, ғылым және клиника мекемелерімен (Познань қаласы)
    • IMC университеті (Австрия, Кремс қаласы)
    • Мәскеу Мемлекеттік медициналық-стоматологиялық университеті (РФ, Мәскеу қаласы)
    • Иордания Университетінің медицина факультеті (Иордания),
    • Тель-Авив Университетімен (Израиль, Тель-Авив қаласы),
    • Ганновер Жоғарғы Медициналық Мектебі (Германия, Ганновер қаласы)

IT-технологияны дамыту

  • 80 орынды Интернет-сыныбын жабдықтау;
  • 5 интерактивті сынып жабдықтау;
  • Университтің бірегей локальді желісін құру;
  • Мультимедиялық аудитория жабдықтау;
  • 40 орынды лингафон кабинет жабдықтау;
  • Интеграциялық мәліметтер базасын, ақпараттық-анықтамалық жүйе т.б. қалыптастыру және одан әрі жетілдіру (электрондық ректорат, электрондық кітапхана т.б.);
  • Электрондық құжат айналым жүйесін дайындау кезең-кезең бойынша енгізу

Бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру және тиімділігін арттыру

  • Жоспарлау жүйесінің процедураларын ықшамдау және оңтайландыру;
  • Үшжылдық бюджеттік жоспарлау жүйесіне көшу;
  • Ақылы қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау және есептеу (ББКО, РҒКО, БЖФ, жатақханағ білім беру);
  • Студенттерді жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы аясында «Альянс Банк» АҚ-мен құқықтық мәртебесін растау және Бас келісім-шарт жасасуға байланысты жұмыс жүргізу;
  • 1C Бухгалтерия автоматтандырылған бағдарламалық өнімді қоймалық есеп жүргізуді ескере отырып дайындау және енгізу;
  • «Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу» бағдарламасымен жұмыс жасау

Университеттің техникалық-материалдық құндылықтарын (ТМҚ) есепке алу жүйесін жаңашаландыру және инвентаризация жүргізу

  • «Университеттің есептік саясатын» әзірлеу;
  • Университет мүлкінің құнын анықтау үшін мәліметтер қалыптастыру және сыртқы аудиторлық есепті растау;
  • Университет ғимараттары мен имараттарының, жер учаскесінің легитимділігі жағынан мемлекеттік мүлік және приватизация бойынша аумақтық комитетпен бірігіп жұмыс;
  • Екі деңгейлі кешенді инвентаризация;
  • Ескі активтерді есептен шығару және реализациялау (авто- мототранспорт, құрал-жабдық т.б.);
  • Тауар жеткізушілер және қызмет көрсетушілермен жүргізілетін жұмыстар: келісім-шарт, фактура-шот, жөнелтпе құжат, төлемақы өсімін есептеу, айыппұл салу т.б. жұмыстар жасау

Қызметтерді әртараптандыру

  • ҚазҰМУ-дың білімберу-клиникалық орталығының ашылуы;
  • РҒКО «Стоматология және ЖБХ» ашылуы;
  • ҚазҰМУ-дың симулциялық орталығының ашылуы;
  • Ғылыми-білім беру зертханасының ашылуы;
  • Инновациялық технологиялар орталығының ашылуы;
  • Жеке клиника құру: жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) дайындау аяқталды, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.

Корпоративтік мәдениет қалыптастыру

  • «Университет күнін» өткізуге, университет логотипі дизайнын дайындауға, «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» корпоративтік белгісін дайындауға қатысу.
  • Студенттер мен ПОҚ-ты ақпараттық жағынан қамтамасыз ету (буклеттер, күнтізбе, бірінші курс студенттері үшін жадынамалар т.с.с.);

Стратегияның жүзеге асуын мониторингтеу

  • Факультет декандары, кафедра меңгерушілерін конкурс негізінде тағайындау жүйін қалыптастыру;
  • Еңбекақыны дифференциялды түрде төлеу жүйесін енгізу;
  • Студенттер мен ПОҚ рейтингілік бағалау жүйесін енгізу

Орындалып жатқан шаралар

  • Университеттің жеке клиникасын құру;
  • Университеттің бірегей локальді желісін жасау;
  • Интеграциялы мәліметтер базасын, ақпараттық-анықтамалық жүйелерді т.б. қалыптастыру және одан әрі жетілдіру (электрондық ректорат, электрондық кітапхана т.с.с.)
  • Электрондық құжат айналымын жасау және кезең-кезең бойынша енгізу;
  • Ішкі аудит жүйесін жасау;
  • Қамқоршылық кеңес құру

Ақылы білім беру қызметтері

  • Экономикалық бөлім білім беру саласындағы өкілеттік органмен келісе отырып білім алушы саны мен пәнді оқытуға кететін шығынды есептегенде бір сағаттың құнын бекіту үшін анықтауы қажет. 1 сағаттың құны қосымша ақылы білім алу қызметінің барлық түрінде (қосымша жазғы ақылы семестр, жеке оқу жоспары бойынша білім алу, бағдарлама бойынша айырмашылықты жою) біркелкі болуы тиіс.
  • Қосымша білім беру қызметіне тартылған оқытушы оқу жылы барысында негізгі жұмыс орны бойынша 1,25 ставкадан артық орын алмауы керек.

Ақылы білім беру қызметтері (жалғасы)

  • Ақылы білім беру қызметінен түскен пайданы бөлу:
    • ПОҚ жалақысы
    • Университеттің материалдық-техникалық базасын толықтыру
    • салық
    • деканат
    • ОҮЖҰ
    • қаржылық-экономикалық бөлім
    • тестілеу орталығы
    • офис-регистратор

Ақылы білім беру қызметтері (жалғасы)

  • Жетім студенттерге, академиялық демалыстан келген және ауруына байланысты сабақтан қалған студенттерге (Студенттік емхана берген анықтамасы болған жағдайда) академиялық борышкерлігін ақысыз өтеуге рұқсат беру.

Ақылы білім беру қызметтері (жалғасы)

  • Өзге ЖОО-дан ауысып келген және ақылы негізге қабылданған студенттермен ағымдағы оқу жылына бекітілген тарифке сәйкес оқу төлемақысы туралы келісім-шарт жасалады.
  • Оңтүстік Қазақстан Медициналық академиясынан (Шымкент қаласы) ауысып келген студенттер бағдарламадағы айырманы ақысыз негізде жояды.
    • Негіздеме: ҚР Үкіметінің 08.07.09 жылғы №1037 «ҚР ДСМ «Оңтүстік Қазақстан Медициналық академиясы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы» Қаулысы

Ақылы білім беру қызметтері (жалғасы)

  • Университеттен, және өзге ЖОО-дан шығарылған студенттер ақылы негізде қабылданады, оқу құны сол оқу жылындағы бекітілген тарифке сәйкес төленеді.
  • Қаржылық борышкерлікке байланысты университеттен шығарыған студент қарызын 4 апта ішінде төлеген жағдайда оқуға қайта қабылдануға және оқуын қайта жалғастыруға құқы бар. Бұндай жағдайда төлемақы құны бұрын жасалған келісім-шартқа сәйкес болады.
  • Егер 4 апта ішінде төлемақыны төлемеген жағдайда студент жаңа оқу жылынан бастап оқуға қабылданады және бұрынғы келісім-шарт күшін жояды, төлемақы жаңа оқу жылындағы тариф бойынша төленеді.

Ақылы білім беру қызметтері (жалғасы)

  • Келесі оқу жылына қалдырылған студент төмендегі іс-әрекеттерді жасай алады:
    • а) оқу келісім-шартын жасау, төлемақы сомасы сол курс студентіне бекітілен тарифке сәйкес болады, бірақ ол ОЖБ-ның барлық оқу бағдарламасын орындауы керек;
    • б) студент жеке оқу жоспарын жасай алады, ол жоспар сол курстың ОЖБ-нан өзгеше болады (яғни, ол академиялық борышкерлігі бар пәндерді ғана немесе өзінің GPA балын көбейту үшін бұрын оқыған пәндерін таңдай алады).
    • Бұндай жағдайда студент сол оқу жылына арналған қосымша білім беру қызметі бойынша 1 сағатқа бекітілген құнға сәйкес жеке оқу жоспары бойынша сағат көлеміне ақы төлеу туралы келісім-шарт жасасады.

Ақылы білім беру қызметтері (жалғасы)

  • Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын, бекітілген ауысымдық балл жинаған (GPA) және келесі курсқа ауыстырылған студент академиялық борышы болған жағдайда да білім беру грантын жоғалтпайды, ал академиялық борышын ЖОБ бойынша ақылы негізде оқу жылының ішінде жояды.
  • Ақылы келісім-шарт негізінде оқитын, бекітілген ауысымдық балл жинаған (GPA) және келесі курсқа ауыстырылған студент академиялық борышы болған жағдайда академиялық борышын ЖОБ бойынша ақылы негізде оқу жылының ішінде жояды.

жүктеу 31,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау