«базис» компаниясына


МеН «БАЗИС-те» ЖұМыС ІСтейМІН



жүктеу 4,36 Mb.
Pdf просмотр
бет8/16
Дата11.01.2020
өлшемі4,36 Mb.
#26276
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

МеН «БАЗИС-те» ЖұМыС ІСтейМІН

МеН БолАШАқты САлыП ЖАтырМыН

құрылыСШы – ерлердІң 

КӘСІБІ

БАСтыСы – БІлІКтІлІК ПеН 

ЖұМыСқА дегеН ыНтА 

БАСтыСы – ұЖыМдА АдАл 

еңБеК ету

ЖұМыС ІСтеуге ыңғАйлы 

ЖӘНе ЖАйлы 

ең БАСтыСы – құрылыС 

теХНологИяСыН САқтАу

ЖұМыСтА ең БАСтыСы – 

тӘртІП ПеН ЖеделдІК

«БАЗИС» – Бұл тұрАқтылық 

ПеН СеНІМдІлІК 

ЖАқСы КөретІН 

НыСАН – оқуШылАр 

ШығАрМАШылығы САрАйы 

БАқытыМды «БАЗИСтеН» 

тАПтыМ

құрылыСтА ЖұМыС ІСтегеН 

ұНАйды

«БАЗИС» КоМПАНИяСыНдА 

ЖұМыС ІСтегІМ КелетІН

Алдабергенов таңатар Жүсіпбекұлы

№1 қМБ монолит жұмыстары жөніндегі 

участок бастығы болып еңбек етеді – еХро-ға 

қатысушыларға арналған баспананы салып 

жатыр. «БАЗИС» құрылыс компаниясында 

жұмыс істеп келе жатқанына - 10 жыл. 

Нұраханов Нұрдәулет қарағайұлы,

еХро-баспана нысанының энергетигі

өте тәжірибелі және жауапты қызметкер. 

Компанияда 2012-ші жылдан еңбек етеді. 

Назаров орынбек

 «БАЗИС» компаниясында арматурашы 

болып 2011-ші жылдан істеп келеді. оның 

құрылыстағы еңбек өтілі 30 жылдан асады. 

тілеулес Бадайұлы Әділбаев

монолит құюшы-бетон құюшылар бригадирі. 

Командасымен Алматыдағы «Royal 

Gardens» тК жұмыс істеуде. «БАЗИС» 

компаниясындағы еңбек өтілі – 10 жыл.

Сахмулдинов Серікхан

«Royal Gardens» тК участоктың тас қалау 

жұмыстары жөніндегі бастығы болып 

еңбек етеді. «БАЗИСтің» қашанда алдыңғы 

қатарлы құрылыс компаниясы екендігін 

мақтан тұтады. 

Сапаров Серік,

Астанадағы «Сити-Палас» СоК монолит 

құюшылар бригадирі. оның қатысуымен 

Астанадағы ең әсем де маңызды нысандар 

салынды.

томкаев таубай

Алматыдағы «Royal Gardens» тК тас қалаушы 

болып жұмыс істейді. Әріптесіміз құрылыс 

саласында 1999-шы жылдан бері еңбек етеді. 

Зейнет жасына қарамастан құрылыста тағы 

бірнеше жыл жұмыс істемек ниеті бар. 

қадыров Шәймерден Әбуұлы

Астанадағы №5 қМБ жол салу жұмыстары 

жөніндегі участок бастығы. Компанияда 16 

жылдан бері еңбек етеді. құрылыстағы жалпы 

еңбек өтілі – 30 жыл. қазір еХро нысандары 

аумақтарын абаттандырумен айналысуда.

данияр құсайынов

Астанадағы «Сити-Палас» СоК прорабы. 

8 жыл ішінде ол компаниямыз ғимараттар 

салып жатқан Алматы, Астана мен басқа да 

өңірлердегі нысандарда жұмыс істеп үлгерді. 

–  Құрылыста  40  жылға  жуық  еңбек  етемін. 

Бала күнімде көптеген қатарластарым секілді мен 

де ұшқыш болуды армандадым, Ригадағы жоғарғы 

оқу орнына түскім келген, алайда, ата-анам жібер-

меді.  Құрылыс  институтына  оқуға  түстім,  себебі, 

өзге  мамандықтар  ұнамайтын.  Кеңес  уақытын-

да бүкіл Одақты араладым – түрлі қалаларда бес 

жылдық  жоспар  бойынша  үйлер  салдым  (әйгілі 

«бесжылдықтар»).  2008-ші  жылы  «БАЗИС-ке» 

жұмысқа тұрдым. Бұл – өте жақсы компания! Мен 

көптеген  ұйымдарда  жұмыс  істедім,  сондықтан, 

салыстыра  аламын.  Мұнда  мен  тұрақтылық  пен 

адамдарға деген жақсы қарым-қатынасты таптым. 

Бізде жақсы компанияда болуы тиіс барлық жеңіл-

діктер бар – құрылысшылар күніне орай сыйақы-

лар,  мақтау  қағаздары  беріледі.  «БАЗИС»  компа-

ниясының құрмет грамоталарымен және қалалық 

наградалармен  марапаттадым. Құрылысшы  –  бұл 

ерлердің кәсібі. Мамандығымды мақтан тұтамын.

–  Мен  құрылыс  институтын  тәмамдадым, 

электрик мамандығын алдым да «БАЗИС» ком-

паниясына жұмысқа келдім. Мұнда жұмыс істеп 

жатқаныма  –  екі  жыл.  ЕХРО-баспана  –  еңбек 

жолымдағы бірінші нысан. Маған жұмысым мен 

компания  өте  ұнайды.  «БАЗИС»  –  бұл  Астана 

мен Алматыда көптеген нысандар салып жатқан 

өте үлкен компания болғандықтан компания ту-

ралы  осында  жұмысқа  орналасқанға  дейін-ақ 

еститінмін. «БАЗИС» ЕХРО-ға арнап нысандар 

сала бастағанын естігенде бірден осында келдім. 

Міндеттерім  аса  ауыр  емес  –  мұнда  негізінен 

техника жұмыс істейді. Бұл жерде әрбір маман-

нан білім, біліктілік пен жұмысқа деген ынта та-

лап етіледі. Мен қашанда қуана жұмыс істеймін. 

– Балалық шағым Өзбекстанда, Үшқұдықта 

өтті.  Мектепті  бітіріп  жатқан  уақытта  Өзбек-

станда нысандар көп салынды. Елге жұмыс қолы 

керек  болды  да  мектеп  бітіргеннен  кейін  бізді 

Ташкенттегі политехникалық құрылыс институ-

тына жіберді. Менің құрылысшы болуым осылай 

басталды.  Кейін  Қазақстанға  көшіп  келдім,  10 

жылдан бері «БАЗИС» құрылыс компаниясында 

жұмыс  істеп  жатырмын.  Прораб  болып  келген-

мін, қазір - №1 ҚМБ монолит жұмыстары жөнін-

дегі участок бастығымын. Мен үшін ең бастысы 

– ұжымда адал еңбек етіп, қомақты жалақы алу.

–  Маған  құрылыс  ұнайды.  Өмір  бойы 

құрылыс  саласындамын.  «БАЗИС»  компания-

сында жұмыс істеп жатқаныма - 4 жыл. Көптеген 

ұйымдарда еңбек еттім, бірақ, «БАЗИС» компа-

ниясындағыдай жағдайды еш жерден кезіктірген 

емеспін.  Мұндағы  жалақы  мен  демалыс  ақысы 

көңілімнен шығады. Еңбек жағдайлары мен жұ-

мыс  кестесі  де  ыңғайлы.  «Қалалық  романста» 

уақытша  электрмен  қамтамасыз  ету  бойынша 

жұмыс  істеймін.  Нысандағы  электрмен  жұмыс 

істейтін барлық құрылыс техникасын қараймыз. 

Мұнаралы  крандарға  электр  жеткіземіз,  бар-

лығының  қауіпсіз  және  үздіксіз  жұмыс  істеуін 

қадағалаймыз.

–  1980  жылы  құрылыс  техникумына  оқуға 

түсіп,  «техник-құрылысшы»  мамандығын  ал-

дым, содан бері құрылыстан басқа еш жерге кет-

кен емеспін. Техникумнан кейін шебер, онан соң 

прораб болып жұмыс істедім. КСРО құлаған кез-

де  қысқартуға  ұшырадым,  бірақ,  кейін  бәрі  ор-

нына келді. Әйелім екеуміз үш бала өсірдік. Өзім 

Петропавдың  тумасымын.  2011-ші  жылы  бала-

лар  үшін  отбасыммен  Астанаға  көшіп  келдім. 

Балалар қазір Астанада жұмыс істейді – кіші қы-

зым - бухгалтер, ортаншысы – кардиоорталықта 

мейірбике,  ұлым  –  «Кока-кола»  компаниясында 

менеджер. Монолит жұмыстарында ең бастысы – 

құрылыс технологиясын сақтау, барлығын жоба, 

ҚНмЕ сызбалары бойынша жасау керек, себебі, 

бұл техникалық бақылау мен авторлық бақылау 

тарапынан  өте  көп  қадағаланады.  Астанадағы 

көптеген  нысанның  құрылысына  қатысқаным-

ды  мақтанышпен  айта  аламын:  біз  оқушылар 

шығармашылығы  Сарайын,  «Қалалық  романс», 

ЕХРО-баспананы салдық. 

– Құрылыстағы еңбек жолымды өте ертеде 

жұмысшы  –  тас  қалаушылының  көмекшісі  бо-

лып бастадым. Ол уақыттарда СельСтрой деген 

болатын.  Техникумға  «тамақ  өнеркәсібі  техно-

логы» мамандығы бойынша оқуға түстім, кейін 

құрылыс  техникумын  бітірдім.  Колхоздар  мен 

совхоздарда  прораб  болдым,  кейін  техникалық 

бақылауға  ауыстым.  2005-ші  жылдан  «БАЗИС» 

компаниясында жұмыс істеймін. Біз мұнда бри-

гадамызбен 60 адам келдік. Бізді бірден Ақтауға 

іссапарға  жіберді.  Үш  жылдан  кейін  Алматыға 

оралдық.  «БАЗИС»  компаниясында  10  жылдан 

астам уақыт жұмыс істеймін, осы жылдар ішін-

де  компаниямыз  барлық  жағынан  үздік  болды. 

Барлық  уақытта  жалақымызды  уақытында  ала-

мыз, мұнда барлық бригаданың жұмысы жақсы 

ұйымдастырылған. Құрылысшылардың барлығы 

қажетті  құрылыс  материалдары  мен  құрал-сай-

мандармен мерзімінде қамтамасыз етіледі. 

Әкем  8-ші  сыныпта  оқып  жүргеннен 

құрылысқа  деген  ынтамды  оятты.  Мектепте 

оқып  жүріп  1973-ші  жылы  құрылысқа  жұмыс 

істеуге бардым. Әлі бала болғандықтан маусым, 

шілде айларында сағат төртке дейін жұмыс жұ-

мыс істеп, тамыз бойы демалатынбыз. Құрылыс 

саласына  осылай  келдім.  «БАЗИСке»  дейін 

тоғыз  жыл  ГорСтройда  жұмыс  істедім.  «БА-

ЗИС»  құрылыс  компаниясы  қашаннан  тұрақты 

және қызметкерлерін барлық уақытта жұмыспен 

қамтамасыз  етіп  отырады.  90-шы  жылдары 

құрылыс  компанияларында  не  перфоратор,  не 

электрлі сайман болған жоқ, ал, «БАЗИСте» сол 

кезде-ақ  басқа  компаниядағылар  атын  естіп  те 

көрмеген  құрал-саймандар  болды.  Компанияда 

жұмыс тұрақты, мұнда қашанда жұмыс бар, қы-

зметкерлер жақсы ақша тауып, отбасының әлеу-

етін арттыруда.

–  «БАЗИС»  құрылыс  компаниясында  2004-

ші  жылдан  жұмыс  істеймін.  Қазір  монолит 

құюшылар бригадирімін. Маған «БАЗИСте» жұ-

мыс істеген өте ұнайды. Ұжымымыз жақсы, біз 

жауапты  жұмысты  атқарамыз.  Мамандығымды 

ұнатамын.  Монолит  жұмыстары  құрылыстағы 

ең  ауыр  жұмыстардың  бірі  саналады,  бірақ, 

адам  барлығына  да  үйренеді.  Біз  «Шабыт», 

«Астана  салтанаты»  ТК,  «Триумфальный»  ТК, 

3  га,  «Ағылшын  орамы»,  ЕХРО  нысандарын 

салдық. Ең ұнайтын нысан – оқушылар шығар-

машылығы  Сарайы.  Конструкция  мен  жобаның 

күрделі  екендігіне  қарамастан  біз  оны  қысқа 

мерзім ішінде соқтық. Қазір біз бригадамызбен 

«Сити-Палас» СОК жұмыс істеп жатырмыз. 

–  Құрылыс  саласында  1999-шы  жылдан 

істемін. Кеңес заманында агроном болдым, Одақ 

тарағаннан  кейін  жұмыс  табылмады,  бақытым-

ды құрылыстан іздемек болдым… оны «БАЗИС» 

компаниясынан таптым! «БАЗИС» – бұл еліміздің 

түкпір-түкпірінде  құрылыс  салып  жатқан  және 

ірі жұмыс беруші болып табылатын үлкен, жақ-

сы ұйым. Компанияның Алматы, Жезқазған мен 

Қорғастағы түрлі нысандарында жұмыс істедім. 

Біздің прорабтарымыз шеттерінен мықты. Олар 

бізге барлық мәселеде көмектеседі, әлденені біл-

мей немесе түсінбей қалсақ – қалай істеу керек 

екендігін  түсіндіріп,  көрсетеді.  Мұнда  қашанда 

көңілді, көтеріңкі көңіл-күймен жұмыс істейміз. 

Маған  компаниямызда  жалақының  уақытында 

берілетіні  ұнайды.  Былтыр  зейнетке  шықтым, 

алайда,  құрылыстан  кетпек  емеспін.  Бойымда 

күшім барда жұмыс істей беремін. 

–  Мен  архитектура-құрылыс  институтын 

1981-ші  жылы  бітірдім.  2000-шы  жылға  дей-

ін  Қызылорда  облысында  құрылысшы  бол-

дым,  прораб  болып  жұмыс  істедім.  Астанада 

ауқымды  құрылыс  басталғанда  осында  көшіп 

келдім.  Бірден  «БАЗИС»  компаниясына  жол 

жұмысшысы  болып  орналастым.  Үш  жылдан 

кейін мені прораб етіп тағайындады да соңғы 

үш жыл №5 ҚМБ жол салу жұмыстары жөнін-

дегі  участок  бастығымын.  Құрылысты  жақсы 

көремін,  маған  «БАЗИС»  компаниясында  жұ-

мыс істеген ұнайды.

– «БАЗИС» компаниясында 2008-ші жылдан 

еңбек  етемін.  Маған  мұнда  жұмыс  істеген  өте 

ұнайды, себебі, компания да жақсы, жұмысымыз 

да – жауапты және қызықты. «БАЗИС» команда-

сында жұмыс істеуді студент кезімнен қаладым, 

себебі,  компанияның  нарықта  пайда  болғанына 

ширек  ғасыр  болды,  өзіндік  тарихы,  жетістік-

тері,  абырой-беделі  бар.  Бұған  дейін  Астана-

дағы  ЕХРО  павильондары,  ЕХРО-баспана,  3  га 

нысандарының  прорабы  болдым.  Бұған  қоса, 

компаниямыз  Алматыда  салған  «29-шы  орам», 

Пиджим, Қорғастағы нысандарда жұмыс істедім. 



тұқанов Марат қуандықұлы 

еХро-2017-нің «А» орамы бойынша 

директордың орынбасары. «БАЗИС» 

компаниясында 2008-ші жылдан бері 

жұмыс істейді. «Солтүстік шұғыласы» тК, 

«Ағылшын орамы» тК секілді нысандардың 

құрылысына қатысты.

Миленин Владимир Вячеславович, 

еХро-ға қатысушыларға арналған баспана 

нысанында екі жылдан бері кезекші электрик 

болып істеп келеді. Компаниямызда жақсы 

мансапқа қол жеткізуді жоспарлап отыр.

БүКІл өМІрІ – құрылыС

– «БАЗИС» құрылыс компаниясында жұмыс 

істеп келе жатқаныма - 9 жыл. Бұл – өте жақсы 

жұмыс, қомақты жалақы алып, отбасына керек-

ті  қаражат  табуға  мүмкіндік  беретін  тұрақты 

ұйым. Бізде өте жақсы еңбек жағдайлары қара-

стырылған,  ұжымымыз  жақсы,  жұмысымыз  - 

қызықты. Жалақы уақытында беріледі, құрылыс 

материалдары  мерзімінде  үздіксіз  жеткізіліп 

отырады,  мұнда  уақытты  текке  өткізбейміз. 

Біздің  нысандарымызда  ғимараттардың  қалай 

тез бой көтеріп жатқаны бірден білінеді. Бір ай 

ішінде үйді тез көтереміз. Кезінде құрылыс ба-

тальонында  қызмет  еткенмін,  қазір  құрылыста 

жұмыс  істеп  жүрмін.  Жақында  зейнетке  шыға-

мын,  алайда,  мамандығымды  тастамақ  емеспін 

– мен құрылысқа өмірімді арнағанмын, бойымда 

күшім барда жұмыс істей беремін.



Жамбаев тоқтаған Садақбайұлы

«Royal Gardens» тК жұмыс істейді. Зейнетке 

шығуына санаулы ғана күндер қалды, алайда, 

ол өмірін құрылыста бірегей нысандар сала 

жүріп өткізгенін мақтан етеді.

17

Құрылыс басынан сұхбат



16

BAZIS NEWS №8-9 / 01.09.2016




жүктеу 4,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау