Киктева татьяна Николаевна
Астана қ. №2 қМБ аға прорабы
Куйбышев атындағы Сібір автокөлік-жол
институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық
құрылыс» мамандығы бойынша тамәмдаған,
инженер-құрылысшы мамандығы берілген.
«Базис» құрылыс компаниясында 2001-ші
жылдан жұмыс істейді. Компаниядағы еңбек
жолын құрылыс сырлаушысы болып баста-
ды.
Оның тікелей қатысуымен «Оқушылардың
шығармашылық Сарайы», «Престиж», «Сал-
танатты», «Солтүстік шұғыласы» тұрғын
үй кешендері, «Сулы жасыл желек жолы»
әкімшілік-тұрғын үй кешені, «Думан» қо-
нақүйі секілді нысандар салынды.
«БАЗИС» компаниясындағы 15 жыл ішінде
Татьяна Николаевна өзін құрылыс саласын-
дағы тәжірибесі үлкен білікті маман ретінде
танытты.
тұқанов Марат қуандықұлы
«А» орамы нысанның жалпықұрылыс
жұмыстары жөніндегі директорының
орынбасары
Целиноград көлік құрылыс технику-
мын зерттеулер мен құрылыс мамандығы
бойынша бітірді, «техник-құрылысшы»
кәсібін алып шықты. Еңбек жолын 1975-
ші жылы құрылыс шебері болып бастады.
«БАЗИС» компаниясында 2008-ші жылдан
еңбек етеді. Компаниядағы 8 жыл ішінде
«Престиж» тұрғын үй кешені, «Салтанат-
ты» ТК, «Сулы жасыл желек жолы», «Зү-
баржат квартал» әкімшілік кешені Б-Блогы,
ЭКСПО-2017 Халықаралық маманданды-
рылған көрмесіне қатысушыларға арналған
«Жапсарлас үй-жайлары мен автопаркингі
бар көппәтерлі кешен» секілді нысандар-
дың құрылысына атсалысты.
Марат Қуандықұлы – жоғары білікті,
құрылыс саласындағы тәжірибесі үлкен,
ұжымда абыройлы.
ся заслуженным авторитетом в коллективе.
дюднева Валентина даниловна
директордың өндіріс жөніндегі орынбасары
Ленинабад қаласындағы Ортаазиялық по-
литехникалық техникумды «Өнеркәсіптік
және азаматтық құрылыс» мамандығы бой-
ынша бітіріп, техник-құрылысшы кәсібін
алды. Құрылыс саласындағы еңбек жолын
«Степногор құрылыс басқармасында» ме-
ханикалық сынау жөніндегі зертханашы бо-
лып бастаған. 2001-ші жылы «БАЗИС» ком-
паниясына қоспа-бетон торабының бастығы
қызметіне келген.
Компаниядағы 15 жыл ішінде Вален-
тина Даниловна «Қаржы Министрлігі»,
«ҚазМұнайГаз», «Мин-ТрансКом», «Аста-
на салтанаты», «Сулы жасыл желек жолы»,
«Солтсүтік шұғыласы», «Мәскеу» БО, «Зү-
баржат квартал», «Шабыт» шығармашылық
сарайы, «Оқушылардың шығармашылық
Сарайы» және басқа да көптеген нысандар-
дың құрылысына белсене қатысты.
«БАЗИСте» еңбек еткен жылдары Дюд-
нева Валентина Даниловна өзін біліктілігі
жоғары маман ретінде көрсетті, тәжірибесі
мен білімін жас мамандарға үйретуде, ұй-
ымдастырушылық қабілеті жоғары, ұжымда
сый-құрметке ие.
Столярова людмила григорьевна
№4 өндірістік-техникалық бөлім бастығы
Людмила Григорьевна Алматы құрылыс
техникумын «Өнеркәсіптік және азамат-
тық құрылыс» мамандығы бойынша тә-
мамдаған, ал, 1999-шы жылы – Қазақ
мемлекеттік көлік және коммуникация ака-
демиясын «Бухгалтерлік аудит» мамандығы
бойынша бітірген.
Столярова Л.Г. еңбек жолын «Қазграждан-
сельпроект» кәсіпорнында техник болып
бастады. «БАЗИС» компаниясында оның
құрылған кезінен 1991-ші жылдан еңбек
етеді.
Столярова Л.Г. қатысуымен «Сулы
жасыл желек жолы», «Зүбаржат квартал»
ТК, «Салтанатты» нысандары пайдалануға
берілді. Қазір ол ЭКСПО-2017 Халықара-
лық көрмесіне қатысушыларға арналған
тұрғын үй кешені, Millennium Park ТК,
«Қазақ ұлттық хореография академиясы»,
«ЭКСПО-2017 Халықаралық көрме пави-
льоны» құрылысына қатысуда.
Столярова Людмила Григорьевна жоға-
ры біліктілікке ие, құрылыс саласындағы
тәжірибесі үлкен, өндірісте ең жоғары көр-
сеткіштерге қол жеткізе алады, ұжымдағы
беделі жоғары.
Нефф Алексей Альфредович
5-ші дәрежелі бетон құюшылар бригадирі
Целиноград кеңшар-техникумын меха-
низация, малшаруашылығы жайларын
электрофикациялау мамандығы бойынша
бітірді, кәсібі – техник-электромеханик.
Құрылыс саласындағы еңбек жолын Алек-
сей Альфредович 1982-ші жылы «Қазме-
таллургстрой» Трестінде 5-ші дәрежелі
электрик болып бастаған. «Базис» компа-
ниясында 2001-ші жылдан жұмыс істейді.
Нефф А.А. тікелей қатысуымен «Зүбаржат
квартал», «Москва» БО, «Қалалық романс»
тұрғын үй кешендері пайдалануға берілді.
Компаниядағы 15 жыл ішінде Алексей
Альфредович өзін өндірісте ең жоғарғы
көрсеткіштерге қол жеткізетін біліктілігі
жоғары жауапты да адал қызметкер ретінде
танытты.
Бунишев Василий олегович
сантехникалық участок прорабы
Целиноград инженерлік-құрылыс инсти-
тутын «Сумен қамтамасыз ету және кәріз»
мамандығы бойынша бітірді, кәсібі - «Ин-
женер-құрылысшы». Еңбек жолын Васи-
лий Олегович 1971-ші жылы «Ақжолме-
талл» компаниясында бастады. Онда ол
жөндеу слесарі болды. 2013-ші жылы «БА-
ЗИС» компаниясына сантехникалық уча-
сток прорабы қызметіне келген.
Бунишев В.О. тікелей қатысуымен
«Сулы жасыл желек жолы», «Зүбаржат
квартал» секілді нысандар пайдалануға
берілді. Қазір Василий Олегович ЭКС-
ПО-2017 Халықаралық көрмесіне қаты-
сушыларға арналған тұрғын үй кешені
құрылысына қатысуда.
Василий Олегович – жоғары біліктілікке
ие, құрылыс саласындағы тәжірибесі үл-
кен, ұжымда абыройлы.
«қАЗАқСтАННың құрМеттІ құрылыСШыСы»
11
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҚҰРЫЛЫСШЫСЫ
10
BAZIS NEWS №8-9 / 01.09.2016