Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы



жүктеу 1,39 Mb.
Pdf просмотр
бет27/56
Дата11.01.2020
өлшемі1,39 Mb.
#26197
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56

 
62 
Үш тілділікті дамыту 
Облыста мемлекеттік, орыс және қазақ тілдерін оқытатын 10  мемлекеттік 
және 2 жекеменшік орталықтар бар.  
2014 - 2016 жылдары мемлекеттік тіл курстарында 4144 адам оқыды, 917 
–  сертификаттар,  2747  куәліктер  берілді,  орыс  тілі  курстарында  –  208  адам, 
ағылшын тілі курстарында 503 адам оқыды. 
Бүгінгі  күнге  мемлекеттік  тілді  білу  деңгейін  анықтау  және  бағалау 
мақсатында  арнайы  тестілеумен  315264  адам  қамтылған.  Барлық  тілдерді  оқыту 
орталықтарында «Қазтест» бағдарламасы енгізілген. 
2016  жылы  мемлекеттік  тілді  меңгерген  ересек  халықтың үлесі 79,5%-ті 
құрады    (2014  жылы  -  78,8%).  Облыстағы  742  бюджеттік  жалпы  білім  беру 
мектептерінің  92-сі  қалалық  мекендерде  орналасқан,  оның  ішіне  35  мектеп  – 
қазақ  тілінде  білім  береді.  2014  жылмен  салыстырғанда  қала  шегіндегі  қазақ 
тілінде білім беретін мектептер саны 1 бірлікке артты.  
Елді мекендер көшелерінде орналасқан сыртқы ақпараттың, жарнаманың, 
маңдайшалардың жағдайына бақылау жүргізіледі. Атап айтсақ, жыл сайын «Тіл 
тазалығы»  акциясы  өткізіледі.    Сонымен  қатар,  «Тілсақшы»  тележобасының 
аясында  аудан  және  қалаларда  рейдтер  ұйымдастырылады,  оның  нәтижелері 
апта  сайын облыстық  телеарна  эфирінде  көрсетіледі.  Анықталған  кемшіліктер 
жойылады. 
Ағылшын тілін меңгерген ересек халықтың үлесі 2016 жылы 2014 жылғы 
4,7%-ке  қарағанда 7,0%-ті құрайды, үш  тілді  меңгеру  (мемлекеттік, орыс  және 
ағылшын) – 4,7%-ке қарсы 7,0%. 
 
Салалының даму жағдайына SWOT-талдау: 
Күшті жақтар (S) 
1. Тілдерді  меңгеруге  қызығушылық  танытатын 
халық санының артуы; 
2. Тілдік 
саясаттың 
бәсекеге 
қабілетті 
инфрақұрылымын құру мүмкіндігі. 
 
Мүмкіндіктер  (O) 
1.  Тілдік  саясатты  дамытудың  нақты  келешегі 
және мемлекеттік тілді насихаттау;  
2.  Тілдік саясатты оңтайлы пайдалану. 
Әлсіз жақтар (W) 
1. Мемлекеттік  тілдің  қоғамдық  өмірдің  барлық 
салаларында әрекет ету деңгейінің жеткіліксіздігі; 
2. Ағылшын  тілін  меңгерген  ересек  халықтыың 
төмен үлесі; 
3. Үш  тілді  меңгерген  (мемлекеттік,  орыс  және 
ағылшын) ересек халықтың төмен үлесі. 
 
Қауіптер  (T) 
1.  Білікті мамандардың кетуі. 
Негізгі мәселелер:  

 
мемлекеттік тіл әлеуетін қоғамдық өмірдің барлық салаларында жүзеге 
асыру деңгейі әлі де жеткіліксіз; 

 
үш тілді меңгерген (мемлекеттік, орыс және ағылшын) ересек халықтың 
үлесі төмен. 
 
Этникааралық келісімнің бірлігін қамтамасыз ету 
Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылдың басына облыста 2 
миллионға жуық адам, 105 ұлыс өкілдері тұрады, бұл этникааралық қатынастар 
саласындағы  жағдайға  жоғары  жауапкершілікті  білдіреді.  Қарастырылатын 
саланы  реттеуде  шешу  рөл  жергілікті  атқарушы  органдарға  тиесілі,  мұнда 


 
63 
үйлестіруші  рөлін  Қазақстан  халықтарның  Ассамблеясының  Алматы  облыстық 
хатшылығы атқарады. 
Алматы облысының Қазақстан халықтарының ассамблеясының құрамында 
23  облыстық  және  48  аудандық  және  қалалық  этномәдени  бірлестіктері  өз  
қызметтерін жүргізеді.  
Облыстық  Ассамблея  құрылымына  ҚХА  Хатшылығы,  Қоғамдық  келісім 
кеңесі, Аналар кеңесі, Журналистер және этникаралық тақырыптағы сарапшылар 
клубы,  «Достық  үйі  –  Қоғамдық  келісім  орталығы»  КММ,  «Алматы  облысы 
әкімінің  аппараты»  ММ,  ғылыми-сарапшы  тобы,  «Ұлағат»  ақсақалдар  кеңесі, 
«Бірлік»  жастар  ассоциациясы  және  медитация  кабинеті  кіреді.  Қоғамдық 
келісім кеңестері жыл сайын мыңдаған мәселелер және халықтың келесі негізгі 
бағыттар бойынша әлеуметтік мәселелері дау-дамайсыз шешілуде:  
1) әлеуметтік және басқа да қақтығыстардың алдын алу және шешу, облыс 
халқының арасында қарсылық көрсету жағдайына талдау жүргізу және азайту;  
2)  этномәдени  бірлестіктермен  және  Алматы  облысының  басқа  да 
үкіметтік емес ұйымдарымен өзара әрекет ету; 
3) Қазақстан халықтарының ассамблеясының мақсаттарына қол жеткізуге 
бағытталған азаматтық қатысуды, қоғамдық бастамаларды, әлеуметтік маңызды 
жобаларды және бағдарламаларды қолдау және дамыту. 
«Достық  үйі  –  Қоғамдық  келісім  орталығы»  коммуналдық  мемлекеттік 
мекемесі,  «Алматы  облысы  әкімінің  аппараты»  мемлекеттік  мекемесі  де 
мақсатқа бағдарланған жұмысты жүргізуде.  
«Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» қатысуымен жыл сайын 1 
мыңнан  астам  түрлі  іс-шаралар  жүргізіледі,  атап  айтсақ,  2010  жылдан  бері 
облыста «Бейбітшілік және келісімнің жол картасы», «Шекарасыз достық» мега-
жобалары,  «Ұлы  жібек  жолындағы  сұхбаттар»  мәдениеттану  жобасы,  «Өнерім-
өмірім»  вокалдық-хореографиялық  конкурсы  және  басқа  да  көптеген  шаралар 
іске  асырылуда.  БАҚ-та  және  әлеуметтік  желілерде  ұлттық  бірлікті,  қоғамдық 
келісімді  нығайту,  тілдік  саясат  мәселелері,  үштілділікті,  түрлі  этностардың  
мәдениетін,  әдет-ғұрыптарын  насихаттау  бойынша  3000  астам  материалдар 
жарияланады.  
Жалпы,  Алматы  облысындағы  этникааралық  қатынастар  саласындағы 
жағдайға  түрлі  этникалық  топтар  өкілдерінің  арасындағы  қарым-қатынастағы 
орын  алған  құрылымдық  ахуал,  сондай-ақ  жергілікті  билік  органдарымен  және 
азаматтық қоғам институттарымен жүргізілетін сәйке қызмет қолайлы әсер етеді.  
Ассамблеяның  этникааралық  саладағы  жұмысының  негізгі  бағыты 
қоғамды  шоғырландырудың  және  қазақстандық  ұлттық  қалыптастырудың, 
арамызды  алшақтататын  және  тұтастылығымызды  бұзатын  кез  келген  әсерге 
қарсы тұрудың негізі ретінде қоғамдық тұрақтылықты нығайту болып табылады. 
Этникааралық  қарым-қатынас  саласындағы  мемлекеттік  саясатты  оң  бағалаған 
халықтың үлесі 2014 жылы 85%-ті құраса, 2016 жылы 87%-ті құрады. 
Мемлекеттік  этносаясатты  түсіндірумен,  азаматтық  бейбітшілік  пен 
этникааралық  келісім  деңгейін  әрі  қарай  арттыру  үшін  Қазақстан  халықтары 
ассамблеясының  және  азаматтық  институттың  қазақстандық  қоғамды 
нығайтудағы,  этникааралық  және  конфессияаралық  келісімнің  қазақстандық 


жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау