Аталған кезеңдер шартты түрде берілген және де бір – бірімен тығыз
байланысты.
І. Есептің мазмұны бойынша жұмыс істеу дегеніміз – шартын, сұрағын анықтау.
Осы кезең келесідей өтеді.
1. Сөздік жұмыс өткізу. Осы жұмыс математикалық терминдерге тиісті емес
сөздердің мазмұнын анықтауға бағытталған. Мысалы, гвоздика, астра, арпа,
бидай және
т.б.
2. Есептің мәтінін оқу. Алғаш мұғалім оқиды. 2-3
сыныптардан бастап оқушылар
жалғастырады.
3. Есептің мазмұны бойынша әңгіме құрастыру. Осы
кезеңде оқушылар есептің
мазмұнын түсінгенін анықтау керек. Бірінші сұрақ жалпылама болуы тиіс. «Бұл
есеп не
туралы?» Келесі сұрақтар есептің шарты бойынша беріледі.
Мысалы, есеп: 30 метр матадан 5 көрпе тысына мата кесіп алды. Әр тысқа 1
метр 80 см кетті. Канша метр мата қалды? Мысалы сұрақтар:
- Бұл есеп не туралы?
- Алғаш матада қанша метр болды? Не үшін кесіп алды?
- Әр тысқа қанша метр мата кетті?
- Есептің сұрағы қандай?
- Есептің шартын қайталаңдар.
- Есептің сұрағын қайталаңдар.
4. Есептің қысқаша шартын жазу. Шартын жазуды келесі түрде болуы мүмкін:
а) қысқаша түрде
мысалы:
Қалампырдың саны – 5 тал
Астраның саны -2-ге артық
Вазада қанша гүл бар - ?
б) қысқаша құрамды түрде
мысалы:
Қал – 5 тал
Аст – 2 – ге
Барлығы - ?
в) Графикалық түрде
г) схема түрінде
Мысал:
Болды – 30 м
Дәріс мазмұны бойынша сұрақтар ман тапсырмалар
1. 100 көлеміндегі сандар нумерациясымен таныстыру жұмысының реттілігін
көрсет.
2. 100 көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуға берілген сабақ жоспарының
конспектісін құрастыр.
3. 3 сынып оқулығынан 100 көлеміндегі сандар нумерациясымен жұмыс
барысындағы анализ, синтез, коррекция, салыстыру жұмыстарына берілген талдауларды
көшіріп жаз.
4. 100 көлеміндегі сандар мен қосу азайтуға берілген мысалдардың реттілікпен
тізбегін жаса.
5. «100 көлеміндегі сандарды оқыту» тақырыбында сабақ жоспарын құрыңыз.
Әдебиеттер:
1.Перова Н.М. Методика преподавания математикти во вспомогательной школе.
М., 2001 г.
2.Эк В.В. Обучение математике в младших классах вспомогательной школы.
Просвещение М., 1990.
3.Программы специальной школы 1-2-го вида. Алматы 2002.
4.Программы по математике для коррекционных школ 7-го, 8-го вида. Алматы.,
2002 г.
5.Стабильные учебники математики для вспомогательной школы.
6.Моро М.И., Пышкало А.М. Методика обучения математике в 1-3 классах. М.,
Просвещение, 1998.
7. Сүлейменова Р.А., Елисеева И.Г., Карипжанова Ш.Ж. Б19 Математика. Арнайы
мектепке арналған байқау бағдарламасы. -Алматы, 2004. - 48 бет.
КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ КЕСТЕЛЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Аннотация Арнайы мектепте көбейту және бөлу амалдарын оқыту (уакыт, кезең).
Арнайы мектепте көбейту және бөлу амалдарын оқытудын міндеттері. Көбейту және
бөлу кестесін оқытудағы жұмыстың мазмұны. Көбейту және бөлу кестелерін
оқытудың кезектілігі.
20 және 100 шамасындағы сандармен көбейту және бөлу кестелерін оқыту
әдістемесі.
Көбейту және бөлу амалдарын оқытудың негізгі тәсілдері. Көбейту және бөлу
кестелерін оқытуда қолданылатын дидактикалық жабдықтар және көрнекі құралдар.
Арнайы мектепте көбейту және бөлу амалдарын оқытуда кездесетін
қиыншылықтар мен ерекшеліктері.
Кілт сөздер: 20 және 100 шамасындағы сандар, көбейту және бөлу кестелерін
оқыту.
Жоспар:
1. Арнайы мектептерде кестелік көбейту мен бөлуді
оқытудың мақсаттары
2. 20 көлеміндегі кестелік көбейту мен бөлуді оқыту әдістемесі
3. 20
көлеміндегі көбейту мен бөлу
4. 100 көлеміндегі көбейту мен бөлуді оқытудың әдістемесі
5. 100 бен 20 көлеміндегі көбейту мен бөлу кестелерінің айырмашылықтары
1. Арнайы мектептерде кестелік көбейту мен бөлуді оқытудың мақсаттары
Ақыл-ойы кем тар оқушылардың көбейту мен бөлу кестесін меңгеру жолындағы
кездесетін қиыншылықтары
Кестелік көбейту мен бөлу 3-4 сыныптарында оқытылады. Бұл математика пәнінің
негізгі тақырыптарының бірі болып есептеледі. Көп таңбалы сандар, қарапайым және
ондық бөлшектерді көбейту мен бөлу амалдарын қолдана алу үшін кестелік көбейту мен
бөлу білімі керек. Тәжірибе көрсеткендей, көмеші мектеп оқытушылары балалардың
көбейту мен бөлу кесте бойынша білімдерімен қанағатсыз. Ал 4 сынып соңында, кейбір
кемтар оқушылар көбейту мен бөлу кестесін жатқа білмейтінінен гөрі, жалпы көбейту
мен бөлу туралы ұғымдары мүлдем болмайды. Жоғарғы сынып оқушыларының арасында
есеп шығару барысында дайын көбейту кестесімен пайдаланатындар да жиі кездеседі.
Кейбір мұғалімдердің түсінігінше, ақыл-ойы кемтар балаларға көбейту мен бөлуді білу
тіпті қажет емес. Керек кезде дайын кестемен жұмыс істей алса да оңады дейтіндер аз
емес. Бұл көзқарас қателі. Көбейту мен бөлу амалдарының білімі тек математика
сабағында емес, балалардың келешек өмірлерінде қажет. Жеке оқыту жолын ескере
отырып, барлық оқушылардың кестелік көбейту мен бөлу білімінің болуы міндетті түрде.
Уақытында меңгерілмеген көбейту мен бөлу кесте білімдері жоғары сыныптарда
тіпті игерілмей қалады, оқытылса да саналы түрдегі нәтижеге жетпейді. Сондықтан, 3, 4
және 5-ші сыныптарда көбейту мен бөлу кестесін оқушылардың түгелі жатқа білулері
керек.