2. 20 көлеміндегі кестелік көбейту мен бөлуді оқыту әдістемесі
Көбейту мен бөлу амалдары ақыл-ойы кемтар балаларға аса ауыр беріледі.Оның
толық меңгерілуін ойлау операциялардың дамуы қамтамасыз ете алады. Олар сұрыптау,
қорытындылау, басқа жағдайларға теориялық білімді көшіру, берілген тақырыпты кез
келген нұсқауларда тану.
Мақсаттары:
1.Көбейту мен бөлу амалдарының мәнін ашу (заттық-тәжірибелік әрекеттер
негізінде). Көбейту – бірдей қосылғыштардың қосындысы деген ережені оқушылар
әрқашан есте сақтаулары тиіс. Сонымен қатар, ақыл-ойы кемтар оқушыларды заттарды
тең бөлшектерге бөлуді үйрету керек.
2. Көбейту мен бөлу амалдарының өзара қайтарылуы жөнінде мәлімет беру
3. Көбейту мен бөлу кестесін жүйелі қайталау, жаттау.
Бағдарламада көбейту мен бөлуді оқыту үрдісінің 4 кезеңнен тұратындығы
анықталған.
1. дайындық кезеңі (2 сынып 4 тоқсан, 3 сынып 1 тоқсан )
2. 20 көлеміндегі көбейту мен бөлу (3 сынып)
3.100 көлеміндегі көбейту мен бөлу (4 сынып)
4. көбейту компоненті ретіндегі 0 мен1, 1 - бөлгіш ретінде, 0 - бөлінгіш ретінде
Осы жұмыстың негізгі 3 кезеңі бастауыш сыныптарда атқарылады. Барлық
кезендерде үлкен рольді төменгі қағидалар ойнайды :
¨ көркемдік суреттер
¨ тілдік көркейту
¨ дұрыс ұйымдастырылған ерікті және еріксіз көбейту мен бөлу кестені жаттау
Төмендегі көркемдік пен дидактикалық жабдықтар қолданады:
¨ топтық санау, топқа бөліп санау үшін заттар
¨ трафарет, геометриялық фигуралар
¨ суретте салынған заттардың топтық көрінісі
¨ көбейту мен бөлу кестесі.
¨ перфокарталар.
Ауызша санауға арналған кестелер мен дидактикалық ойындар
Дайындық жұмыс
Мақсаты: көбейту мен бөлу амалдарының мәнін ашатын түсінікті қалыптастыру.
1. Біріншіден оқушылар топтағы заттарды санайды (2,3,4,).
2. суретте топтық көріністерді санайды. Бұл кезде ақыл-ойы кемтар оқушыларға
көбейту мен бөлу амалдарының өзара қайтармалы заңдылықты түсіндіру керек
3. заттарды арттырып және кемітіп санауға үйрету. Топтық санауды екі-екіден
бастағаны жөн (2,4,6…). Кейін үш-үштен, төрт-төрттен т.с.с санауға көшеді. Бұл әдіс
алғашқы уақытта оқушылар үшін ауыр көрінеді, сондықтан, бастапқы кездерде, бір
баланың топтық санауын екінші бала бақылап тұру тәсілі ыңғайлы
4.бірдей топтары бар суреттерге қарап есеп шығару. Мысалы, 5 жұп шиесі бар
суретке 2+2+2+2+2=10 есебін құрайды. Керісінше, есептерге қарап сурет салуды немесе
басқа суреттерден керегін табу әдісі қолданылады. Тағы да сол сияқты жаттығулардың
жүйелі пайдалануы кестелік көбейту мен бөлудің игерілуін қамтамасыз етеді.
3.20 көлеміндегі көбейту мен бөлу
Тақырыпты оқытудың келесі бірізділігі сақтталуы тиіс:
1. көбейту туралы ұғым
2. 2-ге көбейту кестесі
3. бөлу туралы ұғым
4. бірдей 2 бөлшекке бөлу
5. 3-ге көбейту кестесі
6. бірдей 3 бөлшекке бөлу
7. 4-ге көбейту кестесі
8. бірдей 4 бөлшекке бөлу
9. 5-ге көбейту кестесі
10. бірдей 5 бөлшекке бөлу
Көбейту - бірдей қосылғыштардың қосындысы деп алғашқы 2-3 сабақта көбейту
жайлы түсінік беріледі, және оның қосумен алмасудағы пайдасын көрсетеді. Көбейту
белгісі, оның жазылуымен танысады. Балаларды қосуды көбейтумен , көбейтуді қосумен
алмастыруды жаттықтырады. Бұл кезенде де көркемдік жабдықтарды қолдануды ұмытпау
керек. Осылай, жоғарыда аталған ережені тәжірибелер барысында дәлелдеп, балалар
көбейтудің бірдей қосылғыштардың қосындысы екендігіне көздерін жеткізеді, және сай
қорытындылар жасай алады. Жұмыстың соңында алмастыруға мүмкін не мүмкін емес
есептер беріледі. «Алмаса ала ма?»,
« Неге?» деп ақыл-ойы кем тар оқушыларды әрекетке талпындыру керек. (Мысалы,
3+3+3+3 және 3+3+3+4)
Бұндай жұмыс толық атқарылып болғаннан соң, 2-ге көбейту кестесін оқытуды
көшеді. Кесте бөліктерге бөлініп, меңгерілуі бірнеше сабаққа созылады. Бұл тақырыптың
толығымен бекітілуін қамтамасыз етеді. Кестенің бір бөлігін оқушылар өздері
құрастырады. Дәптер мен сынып тақтасында мына жазудың болуы мүмкін:
2+2= 2*2=
2+2+2= 2*3=
2+2+2+2= 2*4=
Кесте толығымен балалармен құрастырылып болғаннан кейін кестенің құру
жолының логикасын көрсету керек. Ол көбейту кестені жатқа білуді қамтамасыз етеді.
Мұғалім мына тапсырмалар мен сұрақтарды қою керек:
¨ 2-ге көбейту кестесінің жолдарына назар аударыңдар
¨ барлық жағдайларда қандай сан бірінші болып тұр
¨ тек 2-ге көбейтілетін сандарды оқыңдар. Қалай бұл сандар өзгереді?
¨ амалдардың жауабын ғана оқыңдар, қалай олар өзгереді?
Енді ғана кестені жаттауға беруге сұрау керек. Жаттауды тек үйде немесе даярлық
ұйымдастырғанда емес, математика пәнінің әрбір сабағында қайталануы тиіс. Бұл
жағдайда қолданылатын әдістер:
1.Кестені дауыстап оқу (кестенің барлығын, кейбір амалдарын ж.т.б.)
2.Мұғалім амалдың бір компонентін жауып қойса, балалар бұл санды атайды.
3.Мұғалім кестенің бір жолын жауып қойса, балалар бұл жолды толық атайды
4.Мұғалім кестенің бірнеше жолын жауып қойса, балалар бұл жолдарды атайды
5.Мұғалім кестенің кез келген жолын атаса, оқушылар одан дейінгі немесе кейінгі
жолдарын атайды
6.Мұғалім кестедегі амалдардың жауаптарын жауып қойып, оқушылар оны жазып
немесе атаулары керек (ретімен және ретсіз)
7. Ретсіз берілген 2-ге көбейту амалдарын шығару
8. Белгісіз компонентері бар амалдарды шығару 2*…=8
9. Дидактикалық ойындар, перфокарталармен жұмыс 3, 4, 5-ке көбейту осы жолмен
оқытылады, 20 көлеміндегі көбейту кестесін жатқа білулері керек.
Бөлу кестесін оқымас бұрын, бөлудің негізгі қасиеттерін қайталағаны жөн.
Оқушыларды бөлудің белгісімен таныстырады. Бөлу амалының мәнін бекіту үшін мына
тапсырмаларды орындауға болады:
1.10 қарындашты біркелкі 2 қорапқа бөл. Әр қорапта неше қарындаштан болады?
Бұл есепті қалай жазып алуымыз мүмкін?
2. 4:2 мысалында нақты заттардың бөлінуін көрсет. Жауабы қандай?
Кейін 2-ге бөлудің кестесін құруға көшеді. Кесте тәжірибелік әрекеттер негізінде
заттардың тең 2 бөлікке бөлі арқылы құрастырылады. Кестелік бөлудің келесі жағдайы да
осылай меңгеріледі. Кесте толық құрастырылып болғаннан соң, ақыл-ойы кем тар
оқушылар оны жаттауға кіріседі.
Достарыңызбен бөлісу: |