3
1) Қазақстанның құрылыс саласында орын алған дұрыс тәжірибенің есебімен
Еурокеңес елдерінің алдыңғы қатарлы тәжірибесінің негізінде құрылыстағы нормативтік-
құқықтық актілерді, мемлекеттік нормативтерді;
2) жобаны
ойластырудан бастап, объектіні пайдалануға беруге дейінгі
инвестициялық процестің барлық кезеңінде бақылаудың нақтылығы мен тиімділігін
көтеру мақсатында құрылыстағы сәулет-құрылыстық бақылау мен қадағалауды;
3) тапсырыс берушінің қызметін, жобалау, іздеу, құрылыс салу, инжинирингтік
ұйымдар мен бақылау және қадағалау органдарын қоса, инвестициялық жобаны іске
асыруға қатысатын барлық субъектілердің менеджмент жүйелерін жетілдіру жатады.
4.7 Құрылыс объектілерінің сәйкестілігін бағалау келесі қағидаттарға негізделеді:
- инвестициялық процеске қатысатын субъектілердің өзара қатынасын құрудың
жүйелігі;
- бақылау-қадағалау субъектілерінің қызметіндегі қайталауды жоққа шығару;
- заңнамаға сәйкес бақылау-қадағалау құзіреті бар субъектіні дербестендіру;
- қабылданатын шешімдердегі коллегиалдық жауапсыздықты жоққа шығару;
- жемқорлыққа қарсыластық;
- сәйкестілікті бағалау жүйесінде инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың
тиімділігін көтеруді машықтандыратын механизмдердің бар болуы;
- инвестициялық процеске қатысатын субъектілердің құрылыс саласындағы
заңнаманы бұзғаны үшін жазаның болмауы.
5 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ӘРБІР САТЫСЫНДАҒЫ
СӘЙКЕСТІЛІКТІ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
5.1 Құрылыс қызметі (ары қарай – құрылыс) көптеген кезеңнен тұратын күрделі
және көп факторлық инвестициялық процесс ретінде сипатталады. Құрылысы аяқталған
объектінің соңғы өнімінің мемлекеттік нормативтерге сәйкестілігін қамтамасыз ету үшін
жалпы инвестициялық процестің әрбір кезеңінің осы кезеңдерге қойылатын мемлекеттік
нормативтердің белгіленген талаптарға сәйкестілігін қамтамасыз ету керек.
Осы әдістемелік құжаттың ережелері инвестициялық циклдің:
1) инвестициялық жобаның экономика-техникалық негіздемесі;
2) жер телімін жер заңнамасы мен елді мекеннің құрылысын салудың бас жоспарына
сай таңдау;
3) инженерлік-геодезиялық іздеу;
4) объектіні инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосуға техникалық
шартты беру;
5) сәулет-жоспарлық тапсырманы беру;
6) инженерлік-геологиялық іздеулер;
7) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
8) жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау;
9) жұмыс өндірісінің жобасын әзірлеу;
10) құрылысты ұйымдастыру жобасын әзірлеу;
11) объектінің құрылысын салуға рұқсат;
12) құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісі;
13) құрылысы аяқталған объектіні өткізу-қабылдау сияқты кезеңдері бойынша
мемлекеттік нормативтерге сәйкестілікті бағалаудың тәртібін қалыптастыруға
бағытталған.
4
5.2 Осы әдістемелік құжатта 5.1 тармағында көрсетілген жалпы құрылыс
процестерінің барлық кезеңінің сәйкестілігін бағалау мақсатында келесі тәртіп
қабылданған:
1) сәйкестілікті бағалау объектісін анықтау;
2) әрбір кезеңге талап белгілеу;
3) өз қызметін белгілі кезең бойынша жүзеге асыратын субъектіні белгілеу және
заңнамаға сәйкес оған қойылатын талаптарды анықтау;
4) өз қызметін белгілі кезең бойынша жүзеге асыратын субъектіге жауапкершілік
шараларын белгілеу;
5) өз қызметін белгілі кезең бойынша жүзеге асыратын субъектінің қызметінің
тиімділігін көтеруге қатысты машақтандыру механизмін анықтау;
6) кезеңді іске асыру барысын бақылаудың формасын белгілеу;
7) кезеңді жүзеге асыруға бақылауды жүзеге асыратын субъектіні анықтау;
8) кезеңді іске асыруға бақылауды жүзеге асыратын субъектіге қойылатын
талаптарды белгілеу;
9) кезеңді іске асыруға бақылауды жүзеге асыратын субъектінің құқықтары мен
міндеттерін белгілеу;
10) кезеңді іске асыруға бақылауды жүзеге асыратын субъектінің жауапкершілік
шараларын белгілеу;
11) кезеңдердің
құрылыстағы
мемлекеттік
нормативтердің
талаптарына
сәйкестілігін бағалау құжатының соңғы формасын белгілеу.
6 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ӘРТҮРЛІ САТЫСЫНДАҒЫ
СӘЙКЕСТІЛІКТІ БАҒАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
6.1 Техника-экономикалық негіздеу
6.1.1 Құрылыс объектісінің техника-экономикалық негіздеуді әзірлеу және бекіту
кезеңіндегі сәйкестілігін бағалау мен қамтамасыз етуді инвестициялық жобаның техника-
экономикалық негіздеменің жобалау және жоба алдылық жұмыстар саласындағы
мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкестілігін (сараптау) тексеру жолы арқылы
жүзеге асырылады.
6.1.2 Инвестициялық жобаны техника-экономикалық негіздеу (ТЭН) әзірлеу, келісу,
бекіту жөніндегі нормативтік құжаттың негізінде және құрылысқа техника-экономикалық
негіздеу құрамы бойынша әзірленеді.
6.1.3 ТЭН әзірлеу ТЭН әзірлеуші мен инвестициялық жобаның тапсырыс
берушісінің арасындағы шартқа сәйкес жүзеге асады. ТЭН әзірлеудің техникалық
тапсырмасын тапсырыс беруші жасайды және қажеттілік бойынша тапсырыс берушінің
шешімі бойынша ТЭН әзірлеушімен келісіледі.
6.1.4 ТЭН құрамы мен мазмұны шығын мен пайдаға экономикалық сараптау жүргізу
негізінде құрылыс жобасының тиімділігі мен жүзеге асыруды зерттеу нәтижелерінен
тұратын әрбір бөлімді әзірлеу арқылы объектілердің құрылысын салуға арналған
инвестицияның мақсатқа сәйкестілігі мен тиімділігін анықтау үшін жеткілікті болуы
керек.
6.1.5 Инвестицияладың экономикалық тиімділігі тиісті есептермен және объектінің
техника-экономикалық көрсеткіштерін, егер ондайлар болса – аналогтардың жобаларымен
салыстырумен расталуы керек.
6.1.6 ТЭН нәтижелері шаруашылық қажеттілік, техникалық мүмкіндік, құрылысқа
инвестиция салудың коммерциялық, экономикалық және әлеуметтік мақсатқа