13
жұмыстарының капиталдық салымдары мен көлемдерін құрылыстың кезеңдері мен
мерзімдері бойынша құрылыстың тиісті ұйымдастырушылық-техникалық деңгейін
қамтамасыз ету есебінен оңтайлы бөлу үшін негіз болады.
6.7.2.2 Егер құрылысты ұйымдастыру жобасы жұмыс жобасының құрамында
әзірленбеген болса, онда құрылыс объектісінің мемлекеттік нормативтерге сәйкестілігін
және құрылыстың қауіпсіздік талаптарына сәйкестілігін бағалауға қатысты бақылау
шараларының тізімі мен тәртібі құрылыс қатысушыларының арасындағы мердігерлік
шарттың шарттарымен белгіленеді. Бұл жағдайда объектіні енгізудің жоспарлық
мерзімдерін сақтауға қатысты инвестициялық жобаны жүзеге асырудың сәйкестілігін
бағалаудың негізіне мердігерлік шарт жатады.
6.7.2.3 Құрылысты ұйымдастыру жобасы, әдетте, жобалау-сметалық құжаттамада
(жұмыс сызбасында) қарастырылған құрылыстың барлық көлеміне әзірленеді. Құрылысты
ұйымдастыру жобасының құрамында:
- ішінде негізгі және көмекші ғимараттар мен имараттардың құрылысын салудың,
құрылыс-монтаж жұмыстарының инвестициялары мен көлемдерін құрылыс кезеңдері мен
уақыт бойынша бөлу арқылы дайындық кезеңінің жұмыстары мен қосу кешендерінің
кезегі мен мерзімі берілетін құрылыстың күнтізбелік жоспары; құрылыстың күнтізбелік
жоспарының негізінде объектідегі құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінің бас кестесі
құрылады, оған дамыту және нақтылау ретінде жыл мен тоқсанға бөлінген кестелер
беріледі;
- соғылатын ғимараттар мен имараттарды, уақытша инвентарлық ғимараттар мен
имараттарды орналастыруға арналған телімдерді, негізгі инженерлік коммуникацияларды,
қоймаларды, монтаждық крандарды, өндірістік база объектілерін, сонымен қатар
қолданыстағы және көшірілетін құрылыстарды орналастыру көрсетілген құрылыстың бас
жоспары;
- негізгі технологиялық процестердің жүйелігі мен құрамын сипаттау арқылы
ғимаратты (имаратты) салудың ұйымдастырушы-технологиялық схемалары;
- жеке объектілер, қосу кешендері мен құрылыстың кезеңдері бойынша жұмыстарды
бөлу арқылы құрылыс жұмыстары көлемінің ведомостьі;
- объектілер, қосу кешендері мен құрылыс мерзімдері бойынша бөлу арқылы
құрылыс конструкцияларына, бұйымдары мен материалдарына қажеттілік кестесі;
- негізгі құрылыс машиналарына қажеттілік кестесі;
- жұмыс кадрларына қажеттілік кестесі;
- тұрақты әрекет ететін геодезиялық топты құру мен ұйымдастыру үшін геодезиялық
бөлу негізін соғу тәртібі туралы нұсқаулар;
- құрылыс
жағдайының сипаты, қабылданған шешімдер, негізгі техника-
экономикалық көрсеткіштер бойынша негіздейтін материалдары бар түсіндірме қағаз
әзірленеді.
6.7.1.4 Құрылысты ұйымдастыру жобасының сәйкестілігін бағалау жобалау
шешімдерде:
- құрылыс ұзақтығының ең аз мерзімін қамтамасыз ету мақсатында құрылысты
ұйымдастыру мен басқаруддың алдыңғы қатарлы әдістерін қолдану;
- объектінің жобалық қуаттылығын берілген мерзімде игеру;
- құрылыстың мемлекеттік нормативтерге сәйкестілігінің берілген деңгейін
қамтамасыз ететін технологиялық процестерді қолдану;
- алдыңғы қатарлы техникалық құралдар мен құрылыс өндірісін басқарудың
автоматтандырылған жүйелерін пайдалану;
- құрылысқа
конструкцияларды, бұйымдар мен материалдарды жеткізудің
кешенділігі;
14
- жұмыс фронтын барынша пайдалану, құрылыс процесінің үзілмеуі мен
ағымдылығын, ресурстар мен өндірістік қуаттылықты тең пайдалануды қамтамасыз ету
арқылы құрылыс процестерін бірлестіру;
- алдыңғы қатарлы құрылыс конструкцияларын, бұйымдары мен материалдарын
қолдану;
- өндірістік машиналарды барынша пайдалану кезіндегі жұмыстың механизациясы;
- құрылыс конструкцияларын монтаждаудың алдыңғы қатарлы әдістерін пайдалану;
- технологиялық жабдықтарды ірілендірілген блоктармен жеткізу және монтаждау;
- қоршаған ортаның қауіпсіздігі мен қорғауға қойылатын талаптарды сақтау сияқты
шаралардың бар екендігін тексереді.
6.7.3 Жұмыс өндірісінің жобасы
6.7.3.1 Құрылыстың мерзімін қысқарту мен құрылыс-монтаж жұмыстарының
мемлекеттік нормативтерге сәйкестілігін қамтамасыз етуге ықпал ететін құрылыс-монтаж
жұмыстарының ең тиімді технологиясын таңдау бөлігінде құрылыс объектісінің
сәйкестілігін бағалау құрылыс жұмыстары өндірісінің жобасын тексеру негізінде іске
асырылады.
6.7.3.2 Жұмыс өндірісінің жобасы құрылыстың дайындық кезеңіндегі жұмыстарға
құрылысты ұйымдастыру жобасының негізіндегі, құрылыс-монтаж жұмыстарының жеке
түрлерін орындауға, сонымен қатар жалпы объектіні және (немесе) оның құрамдас
бөліктерін салуға қатысты жұмыс сызбалары бойынша әзірленеді.
6.7.3.3 Құрылыс жұмыстарының өндірісінің жобасының сәйкестілігін бағалау
аясында:
1) объект бойынша жұмыс өндірісінің күнтізбелік жоспары;
2) құрылыс бас жоспары;
3) объектіге құрылыс конструкцияларының, бұйымдары мен материалдарының
түсуінің кестесі;
4) жұмыс кадрларына қажеттілік кестесі;
5) негізгі құрылыс машиналарына қажеттілік кестесі;
6) жұмыстардың жеке түрлеріне жасалған технологиялық карталар;
7) геодезиялық жұмыс өндірісіне қатысты шешімдер;
8) еңбекті қорғау және қауіпсіздікке қатысты шаралар;
9) түсіндірме қағазы тексеріледі.
6.7.3.4 Жұмыс өндірісінің күнтізбелік жоспары объектінің күрделігіне, жұмыс
көлемдері мен технологиясына байланысты жұмысты орындау жүйелілігі мен мерзімдерін
белгілеуі керек. Күнтізбелік жоспардың деректері бойынша машинаға, жұмысшыларға,
құрылыс конструкцияларына, бұйымдары мен материалдарына, технологиялық жабдыққа
қажеттілік анықталады, жұмыс кестесі бірліктермен құрастырылады: жұмыс көлемі –
уақыты (күн, апта, ай).
6.7.3.5 Құрылыстың бас жоспары:
1) тұрақты және уақытша көлік жолдарын орналастырудан;
2) сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау желілерінің
схемаларынан;
3) әкімшілік-шаруашылық және диспетчерлік байланыстың схемаларынан;
4) монтаждық крандарды орналастырудан;
5) қоймаларды, құрылысты қамтамасыз ету үшін пайдаланатын
уақытша
инвентарлық ғимараттарды, имараттарды, жабдықтарды орналастырудан тұруы керек.
6.7.3.6 Түсіндірме қағаз:
1) жобада қабылданған шешімдерді сипаттау мен негіздеуден;