59
туралы сақтықпен сөйлейтіндігін көрсетті. Бастауыш сынып оқушылары мұғалімнің әрекетіне
түсінік беру «
олардың жұмысы емес» деп санады. алайда, оқушылар зерттеушілерге өзекті
педагогикалық проблемалар мен бос сөзділікті жіктей қарастыра отырып, нені өзгерткілері
келетіні туралы өз пікірлерін жеткізді.
Оқушылармен пікірлесу – басшылықтың дәстүрлі қарым-қатынасынан өзгеше және
оқушылар мен мұғалімдер арасында ыңғайсыз жағдай тудыруы мүмкін күрделі үдеріс.
Оқушылармен әңгімелесу барысында ешқандай алалауға жол берілмеу маңызды, әсіресе,
«үндемейтін» және «жеке-дара» оқушылардың барлығының да пікірлері ескерілуге тиіс.
Сондай-ақ, оқушылардың пікірлесуде шынайы болуы, оқыту мен оқуға байланысты оқушыларға
қызықты және маңызды сұрақтар қамтылуы аса маңызды.
«Оқушы үні» жобасы аяқталған соң, жобаға қатысқан мұғалімдер арасында сауалнама
жүргізіліп, оның нәтижесінде оқушылармен пікірлесу:
• оқушылардың өзін-өзі құрметтеуін;
• мектеп пен оқуға қатысты жағымды көзқарас туындауын;
• мұғалімдерге деген эмоционалдық жағымды қатынас туындауын дамытуға ықпал
ететіндігі расталды.
жобаға қатысқан мұғалімдер оқушылардың жауапкершілігі мен сындарлылығына таң
қалса, оқушылар өз кезегінде пікірлесудің артықшылығын мойындады. Нәтижесінде олар:
• өзгелердің өздерін құрметтейтіндігін, оларды тыңдап, пікірлерімен санасатындығын
сезінді;
• мәселені шешуде олардың пікірлері есепке алынатындығына көздерін жеткізді;
• өзіндік білім алуын бақылау деңгейін анықтады;
• бірлесіп талқылауға болатын сұрақтар ауқымын анықтады;
• оқуды қалай жақсартуға болатыны туралы сенімді нығайтты;
• мектеп пен оқуға деген жағымды қарым-қатынас қалыптастырды.
Оқушылармен білім беру мәселелері бойынша пікірлесу олардың өзін-өзі реттеуін
дамытуына ықпал етеді. Мектеп пен сынып жұмысына қатысы бар тақырыпта оқушылармен
ашық пікірлесудің жағымды әсері ретінде оқушылардың өз оқуын бақылай алатындығына, ол
туралы пікір айтуға, өз оқуын жетілдіруге ықпал ете алатындығына сенімді болуын жатқызуға
болады.
Мұғалімдер үшін маңызы
Әңгімеге арқау болған бөлімнің негізгі идеясы
ақпарат беріледі дегенге саяды, бірақ ол
білім мен түсінікті оқушы қалыптастырады, ал мұғалім – бұл үдерісте көмек көрсететін жан.
Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі факторлар мыналар: мұғалімнің
(1) балалардың қалай оқитынын түсінуі; (2) нені оқыту керектігін түсінуі; (3) тізбектелген
сабақтар топтамасын қалай құрылымдау туралы ұғым қалыптасуы; (4) сонымен қатар оқу
нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруі
(14-сурет).