Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет29/126
Дата01.01.2020
өлшемі11,77 Mb.
#25670
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   126

64
Білім  алуда  тәуелсіздікті  қамтамасыз  ету  оқуды  даралаудың  шешуші  критерийі  болып 
табылады.  Кейбір  оқу  модельдерінде  мұғалім  оқу  үдерісінде  өте  басым  позицияда  болады. 
Мұғалім оқу мақсаттары мен оларды іске асырудың нақты тәсілдерін таңдайды; тапсырманы 
орындау  барысында  оқушыны  бағыттап  отырады;  тапсырманың  орындалу  мерзімі  мен 
жұмыстың ұзақтығын басқарады, күтілетін нәтижелерді анықтап, оқушылардың оқу үдерісін 
бағыттап, кері байланыс ұсынады. Осындай типті жүйеде оқушы мұғалімге тәуелді болады. 
Керісінше болған жағдайда, оқушы жұмыстың жеке құндылығын айқындап, оқудың мақсаты 
мен мазмұнын белгілейді, жұмыстың мерзімі мен орындалу ұзақтығын, сондай-ақ нәтижесі 
қандай бола керектігін анықтайды. Мұндай жүйеде оқушы үшінші тұлғалардың басқаруынан 
тәуелсіз болады. екі тәсілдің де артықшылықтары бар және оларды белгілі бір жағдайларға 
қолдануға  болады.  Бірақ  оқушылар  есейіп,  білімнің  күрделенуіне  және  кәсіби  қызметке 
тартылуына байланысты тәуелсіздікке қажеттіліктері артады. 
Қарқынды  дамып  жатқан  өмір  жағдайында  үздіксіз  білім  алу  қажеттігі  бізден  тәуелсіз 
оқи  білу  қабілетін  талап  етеді.  Сондықтан  жаңа  кезеңдерден  өтуіне  қарай  басқа  адамдарға 
тәуелділігін қысқарта алған оқушылар ең нәтижелі оқушы болады. Тәуелсіз оқушылар тәсілдер, 
құндылықтар, дағдылар және білім кешенімен қаруланады, және де бір нәрсені үйрену қажет 
болған кез келген жағдайда оны іске қоса алады. есейген сайын оқушы тәуелсіздікті көбірек 
қажетсінеді; оқытудың әрбір кезеңін оқушы тәуелді жағдайда бастайды, содан соң (қолайлы 
жағдайда) мұғалімнің қолдауымен және мадақтауымен дербестік пен тәуелсіздіктің жоғары 
деңгейіне көтеріледі. Өзін-өзі басқарудағы метатанымдық қабілеттер тәжірибеге қарай және 
уақыт өте жақсарады деп ойлағанымыз дұрыс.
ПАйДАЛАНЫЛҒАН әДЕБИЕТ
Bronson, M. (2000). Self-regulation in early childhood: Nature and Nurture [ерте жастағы өзін-өзі 
басқару: табиғат және тәрбие]. New York London: Guilford Press.
Bruner,  J.  (1996).  The Culture of Education  [Білім  беру  мәдениеті].  Cambridge,  MA:  Harvard 
University Press.
Chaiklin, S. (1999). Developmental teaching in upper-secondary school [Орта мектептің жоғары 
сыныптарындағы дамытуға оқыту]. In M. Hedegaard & J. Lompscher (Eds.), Learning Activity 
and Development. Oxford: Aarhus University Press.
Csikszentmihalyi, M. (2008). Flow [ағым]. Harper Perennial.
Flavell,  J.  H.  (1976).  Metacognitive  aspects  of  problem  solving  [Проблеманы  шешудің 
метатанымдық аспектілері]. In L. B. Resnick (Ed.), The Nature of Intelligence. Hillsdale, NJ, 
Erlbaum.
Flavell, J.  H.,  Green, F. L., & Flavell, E. R. (1995). Young children’s  knowledge about thinking 
[Кішкентай  балалардың  ойлау  туралы  білімі].  Monographs of the Society for Research in 
Child Developmen, 60 (1), Serial No 243.
Forrest-Pressley, D. L., MacKinnon, G. E., & Waller, T. G. (Eds). (1985). Metacognition, Cognition 
& Human Performance [Метатанымдылық, адамның танымы мен жетістіктері]. New York: 
Academic Press.
Lave, J. (1988). Cognition in Practice [Тәжірибе арқылы тану]. Cambridge University Press.
Lave, J., & Wenger, E. (1991). Situated learning: Legitimate peripheral participation [жағдаяттық 
оқыту: Заңды перифериялық қатысу]. New York, Cambridge University Press.
Leontiev,  A.  N.  (1981).  The  problem  of  activity  in  psychology  [Психологиядағы  белсенділік 
проблемасы]. In J. Wertsch (Ed.), The concept of activity in Soviet psychology. Armonk, NY: 
Sharpe
Matlin, M. (1998). Cognition (4
th
 edition) [Таным]. Orlando: Harcourt Brace.
Nunes, T., Schliemann, A. D., & Carraher, D. W. (1993). Street Mathematics and School Mathematics 
[Көше математикасы мен мектеп математикасы]. Cambridge: Cambridge University Press.


65
Perry, N. E., VandeKamp, K. J. O., Mercer, L. K., & Nordby, C. J. (2002). Investigating Teacher-Student 
Interactions that Foster Self-Regulated Learning [Өздігінен басқарылатын оқытудың дамуына 
ықпал ететін мұғалім-оқушы өзара іс-қимылдарын зерттеу]. Educational Psychologist, 37 
(1), 5–15.
Ryan,  R.  M.,  &  Deci,  E.  L.  (2009).  Promoting  self-determined  school  engagement:  Motivation, 
learning,  and  well-being  [Өзін-өзі  анықтайтын  мектептегі  қызығушылықты  арттыру: 
ынталандыру, оқу және ахуал]. In K. R. Wentzel & A. Wigfield (Eds.), Handbook on motivation 
at school (pp. 171–196). New York: Routledge.
Ruddock, J., & Flutter, J. Consulting Young People in Schools [Мектептерде жастарға кеңес беру] 
Available from: www.consultingpupils.co.uk [accessed April 2005].
Schunk, D., & Zimmerman, B. (Eds.). (1994). Self-regulation of learning and performance: Issues 
and educational applications [Оқуды және үлгерімін өздігінен реттеу; мәселелер және білім 
беруде қолдану]. Hillsdale, NJ: Erlbaum.
Tharp, R. G., & Gallimore, R. (1988). Rousing minds to life [Сананы ояту]. Cambridge University 
Press.
Vygotsky, L. S. (1978). Mind in Society [Қоғамдағы сана]. Cambridge, MA: Harvard University 
Press.
Whitebread,  D.  (2000).  Organising  activities  to  help  children  remember  and  understand  [Өзара 
түсінісу мен түсінісуде балаларға көмек көрсетуге арналған қызметті ұйымдастыру]. In 
D. Whitebread (Ed.), The Psychology of Teaching and Learning in the Primary School. London: 
Routledge.
ЖҰМЫС әДІСТЕРІ
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау. 
Қалыптастырушы бағалау
Кіріспе
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша 
түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана 
объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, 
сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, 
қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.
Александер, 2001
Бағалау – оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы 
қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым 
бағалаудың екі аспектісін көздейді: оқуды бағалау (жиынтық бағалау) және оқу үшін бағалау 
(қалыптастырушы бағалау). Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті 
тұрғысынан сипатталған және бағаланған. Сондықтан да осы модуль оқу үшін бағалау, сондай-
ақ оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған.
Модуль мұғалімдерге:
•  бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге;
•  бағалау түрлерінің барабар мақсаттарын анықтауға және негіздеуге;
•  бағалаудың формалды және формалды емес жүйелерін анықтауға/бағалауға;
•  әркімнің оқу сапасын жақсарта алатынын/ алмайтынын түсіндіруге көмектеседі.


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау