44
- шешімдердің сапасының төмендігі – 30%;
- орындаушылардың кінәсі – 30%.
Қабылданатын шешімдер сапасына ықпал ететін себептер ұйымдастырушылық,
экономикалық және психологиялық сипатта болады. Оларға төмендегілерді жатқызуға
болады:
қабылданатын шешімдер санының көптігі. Жетекші жылына 300-1000 аралығындағы
(кейде одан да көп) бұйрықтарға қол қояды екен;
қабылданатын шешімдердің алдыңғы шешімдермен сабақтаспауы, бұрынғыларды
қайталауы;
псевдошешімдердің қабылдануы (мазмұнының шашыраңқылығы, түсініксіздігі).
Көптеген шешімдер жалпылама сипатта болады, мысалы, «... көңіл аудару керек», «...
арттыру керек», «... тиісті шараны қабылдау керек», «... талапты күшейту керек».
шешімдерді дайындау және қабылдау процесінің жеткіліксіз технологияландырылуы;
түрлі проблемалардың ұйымның шағын жүйелеріне ықпалының теңгерімсіздігі;
шешімдерді орындаушылармен келісу процедурасының болмауы;
жұмысты орындау үшін мерзімдерінің дұрыс қойылмауы;
инновациялық шешімдердің төмен деңгейі;
шешімді дайындауда іс жүргізу стандарттарының сақталмауы;
шешім қабылдау үшін ақпаратпен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі;
жүзеге асқан шешімдер тиімділігін бағалау механизмінің жетілмеуі;
шешімдердің эмоция ықпалымен қабылдануы;
жүйелі және кешенді тәсілдерді жоққа шығару;
тәуекел мүмкіндігі мен оның салдарының ескерілмеуі;
шешімнің асығыс қабылдануы, қабылданған нұсқаға экономикалық жағынан терең
талдау жасалмауы;
жалған алғышарттарды пайдалану;
шешімдерді компромисс негізінде қабылдау (түрлі көзқарастарды ымыраға келтіру
үшін).
Басқару шешімдерін дайындау сапасын жоғарлату мен оны жүзеге асыру
нәтижелерінің тиімділігі ұйымдастырушылық қызметке байланысты. Ең алдымен
шығармашылық ұжым құру керек. Басшы ұжымның тиімді жұмысы үшін келесідей
ынталандырушы жағдайлар қалыптастыруы керек:
басқару шешімдерін дайындау кезінде шығармашылық жағдай жасау;
әзірлеушілерді ақпаратпен толық және уақытында қамтамасыз ету;
заманауи ақпараттық технологияларды қолдану;
ұжымда шешім әзірлеушілермен кәсіби тұрғыдан «ми шабуылын» өткізу және
алынған нәтижені тіркеу;
шешілетін тапсырма бойынша кәсіби мамандардың тәжірибесі мен білімдерін
қолдану;
басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру процесінің барлық кезеңдерін,
әсіресе ситуацияны жан-жақтан қарастыру;
субъективизмді және боямашылықты (мезеттік нәтижені) жеңуге ұмтылу;
шешімдерде беделді мамандар мойындаған ұжымның негізгі жетістіктерін (ғылымда,
әдіснамада, технологияда) көрсету;
шешімдер мониторингін жүзеге асыру.
Сапалы басқару шешімдерін қабылдау бойынша нұсқаулар ұсынылады:
барлық бөліктерді егжей-тегжейлі қарастырмас бұрыны, проблеманы тұтастай көре
білу керек;
барлық мүкін нұсқаларды қарастырмай тұрып, шешім қабылдамаңыз;
күмәнданыңыз. Көпшілікпен мойындалған ақиқаттардың өзі күмән туғызуы керек;
табысқа жету мүмкіндігі тым аз болса да, мәселеге жан-жақты қарап көріңіз;
шешілетін мәселенің мәнін дұрыс түсінуге мүмкіндік беретін модельді немесе
45
аналогияны табыңыз;
мүмкіндігінше көп сұрақ қойыңыз. Дұрыс қойылған сұрақ жауап мазмұнынын
түбегейлі өзгертуі мүмкін;
ойыңызға келген, бірінші шешіммен қанағаттанып қалмаңыз. Басқаларын
іздестіріңіз. Олардың кемшілік тұстарын анықтаңыз, бір-бірімен салыстырңыз, оңтайлысын
таңдаңыз;
соңғы шешімді қабылдамас бұрын өз проблемаңыз туралы біреумен сөйлесіңіз.
Басқалардың пікірін тыңдаған дұрыс. Сіз елемеген тұсты басқалар байқауы мүмкін.
Студенттің өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Шешімдердің сапасына қандай талаптар қойылады?
2. Шешімдердің сапасы қандай көрсеткіштермен бағаланады?
3. Сапалы шешімдерді таңдау.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Юкаева В.С. Принятие управленческих решений: Учебник/ В.С. Юкаева, Е.В. Зубарева,
В.В. Чувикова. - М.: Дашков и К, 2011. - 324 с.
2. Карданская Н.Л. Принятие управленческого решения: Учебник/ Н.Л. Карданская. - М.:
ЮНИТИ, 1999. - 407 с.
3. Ларичев О.И. Теория и методы принятия решений/ О.И. Ларичев. - М.: Логос, 2000. - 294
с.
4. Литвак Б.Г. Разработка управленческого решения: Учебник/ Б.Г. Литвак. - М.: "Дело",
2000. - 392 с.
5. Смирнов Э.А. Разработка управленческих решений: Учебник/ Э.А. Смирнов. - М.:
ЮНИТИ-ДАНА, 2002. - 271 с.
6. Саак А. Э. Разработка управленческого решения: учебник по спец. "Государственное и
муниципальное управление" / А. Э. Саак, В. Н. Тюшняков. - СПб.: Питер, 2007. - 272 с.
7. Разработка управленческих решений : учеб.-метод. комплекс для студентов
специальности 080504 «Государственное и муниципальное управление»/ Сост.: Ф. Г.
Давлятова – Уфа : РИО БАГСУ, 2008. - 77 c.
8. Учебно-методический комплекс по дисциплине «Управленческие решения» для
студентов специальности 080507.65 «Менеджмент организации». – Самара: Изд-во:
СИБиУ, 2010
9. Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. –
176 с.
10. Башкатова Ю.И. Управленческие решения. – Московский международный институт
эконометрики, информатики, финансов и права. М., 2003. – 89 с.
11. Практика принятия решений в менеджменте. Методические рекомендации для
проведения практических занятий по направлению подготовки 080200 «Менеджмент» /
Сост. М. П. Прохорова. – Н.Новгород: Изд-во ВГИПУ, 2011. – 57 с.
12. Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. –
176 с
.
11 тақырып. Айқынсыздық пен тәуекел жағдайында басқару шешімдерін әзірлеу
және қабылдау
Дәріс жоспары:
1. Айқынсыздық пен тәуекелдің мәні. Тәуекел түрлері.
2. Тәуекелді талдау
3. Тәуекелді төмендету шаралары
1. Кәсіпкерлік қызметпен байланысты тәуекел кәсіпкерлік тәуекел немесе