5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы үшін



жүктеу 1,09 Mb.
Pdf просмотр
бет24/30
Дата01.01.2020
өлшемі1,09 Mb.
#25658
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30

48 

 

үйлесімділікте  болуға,  достарымен  немесе  жақын  таныстарымен  бизнес  жасауға,  іскерлік 



қарым-қатынаста ұзақ уақыт бойы сақтауға негізделеді. 

Практикада  басқару  шешімдерінің  салдарын  тәуекелдің  түрлі  деңгейін  анықтайтын 

критерийлер жүйесі арқылы бағалауға болады. 

Шешімдерді бағалау критерийлері: 

1)  Вальд критериі (аса сақтық) – «үлкен қауіпті ескеру», яғни жоғары тәуекелді күту; 

2)  Сэвидж  критериі  (жоғары  тәуекелді  мейлінше  азайту)  –  «жақсы  нәтижеге  үміттену»,

 

яғни  аз тәуекелді күту; 



3)  Лаплас критериі – «орташа жағдайға бағдарлану», яғни орташа тәуекелді күту; 

4)  Оптимум критерий  - «сәттілікке сену»; 

5)  Гурвиц критериі – «ымыраға келу»; 

6)  математикалық күтімдер критериі. 

Бұл критерилердің барлығы математикалық жолмен, арнайы формулаларды  

пайдалана отырып, есептеледі.  



3.  Басқару  шешімдерді  дайындау  процесіне  әсер  ететін  айқынсыздықты  түсініксіз 

ақпараттың немесе жоқ ақпараттың көлемі бойынша төрт деңгейге бөлуге болады: 

10–15%  –  басқару    шешімдерін  дайындау  және  жүзеге  асырудың  типтік 

процедурасының тізімі мен мазмұнына әсер етпейтін,  төмен айқынсыздық; 

40–50%  –  тізімге  әсер  етпейтін,  бірақ  басқару  шешімдерін  дайындау  және  жүзеге 

асыру процедурасының мазмұнын қайта қарауды талап ететін орташа айқынсыздық; 

70—80% –  басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асыру  процедурасының тізімі 

мен мазмұнын қайта қарауды талап ететін жоғары айқынсыздық; 

90—100%  –  басқару  шешімдерін  дайындау  және  жүзеге  асыру  үшін  мамандардың 

түсінігінен тыс болатын тым жоғары айқынсыздық. 



Айқынсыздықтың  орташа  деңгейі.  Компанияның  басшылығы  баяндамалар 

материалдарын  мен  мамандардың  іс-сапарларын  алдын-ала  ресімдеу  үшін  шақыруды 

бұрыннан  күткен  болатын.  Бірақ  ол  конференция  басталған  күні  келді.  Сондықтан  бұрын 

белгіленген кездесулер мен шараларды жедел түрде ауыстыруға тура келді. 



Айқынсыздықтың  жоғары  деңгейі.  Конференцияға  қатысуға  министрдің  келісімін 

тосумен  байланысты  шақыру  конфернцияның  басталуынан  бір  күн  бұрын  келген  болатын. 

Шақыруда  бұл  жай  конференция  емес,  компанияның  жетістіктерін  байқау  деген  қосымша 

жазу  болды.  Компанияның  басшылығы  проблеманы  шеше  бастады  –  мамандарды  жіберу 

керек пе, жоқ па, егер жібергенде өнімнің қандай түрімен, ал егер жіберілмесе, онда қандай 

себеппен.  Басқару  шешімдерді  дайындау  процедурасының  әдетті  тәртібі  мен  мазмұны 

бұзылған болатын. Бірақ түні бойы тез әрекеттер нәтижесінде кейбір үлгілерін дайындалған 

болатын және шаршаған ұйқылары қанбаған мамандар конференцияға барды. 



Айқынсыздықтың тым жоғары деңгейі. Шақыруды бір орыннан басқаға ауыстырып, 

ақыр  соңында  жоғалтып  алды.  Директор  конференцияның  басталу  уақыты  есінде  болатын, 

бірақ  қалған  реквизиттер  директорда  болмады.  Күн  сайын  конференция  туралы  ой  оған 

тыныштық  бермеді.  Ол  хатшыны  шақыруды  табуды  немесе  мекен-жайын  еске  түсіруді 

сұраған  болатын.  Бірақ  қандай  да  шешімді  жүзеге  асырудың  барлық  әрекеттері  жоққа 

шығарылған болатын. 

Айқынсыздық  дәрежесін  төмендету  үшін  мамандардан  және  тіпті  кездейсоқ 

адамдардан  да  кеңес  алу  қажет.  Кейде  жаңа  шешімдерді  табу  үшін  білгісіздік  деңгейін 

жасанды түрде жоғарлату керек. Сонымен, айқнысыздықты тек төмендете ғана қоймай, оны 

басқару  керек.  Айқынсыздықты  басқару  критерийлері  тәуекелдіктерді  төмендету  емес, 

басқару  шешімдерінің  тиімділігін  арттыру  болып  табылады.  Тиімді  басқарушылық 

шешімдерге  дәлелді,  орындалатын,  орындауға  жеңіл  қабылданатын  шешімдер  жатады. 

Тиімсіз  басқарушылық  шешімдерге  дәлелсіз,  орындалмайтын  және  орындауға  қиын 

қабылданатын шешімдер жатады. 

Басқару  қызметінің  тұрақты  сипаты  сыртқы  және  ішкі  ортаның  әлсіз  ықпалдары 

кезінде  типтік  процедураларды  орындаумен  анықталады.  Басқару  қызметінің  түзетуші 




49 

 

сипаты  басшылық  компанияның  негізгі  процестерін  өзгерткенде  (түзеткенде)  сыртқы  және 



ішкі  ортаның  орташа  ықпалдары  кезінде  тиімді.  Басқару  қызметінің  инновациялық  сипаты 

компанияның  сыртқы  немесе  ішкі  ортасында  болатын  күшті  өзгерістер  кезінде  қажет.  Ол 

жоғары  бәсекеге  қабілеттікке  жету  үшін  компанияда  жаңа  процестер  мен  технологияларды 

үнемі іздеумен және жүзеге асырумен сипатталады. 

 

Студенттің өзін-өзі тексеру сұрақтары: 

1.  Басқару  қызметіндегі  «айқынсыздық»  және  «тәуекел»  ұғымдарының  айырмашылығы 

қандай деп ойлайсыз? 

2.  Басқару  шешімдерін  әзірлеу  мен  қабылдауда  қандай  тәуекел  жағдайлары  орын  алуы 

мүмкін?  

3. Мемлекеттік басқару саласындағы тәуекелдің алдын-алуға бола ма? 

4. Мемлекеттік басқарудағы тәуекелді басқару әдістерін атаңыз. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі  

1. 


Хохлов Н.В. Управление риском: Учебное пособие/ Н.В. Хохлов. - М.: ЮНИТИ- 

ДАНА, 2001. - 239 с  

2. 

Юкаева В.С. Принятие управленческих решений: Учебник/ В.С. Юкаева, Е.В.  



Зубарева, В.В. Чувикова. - М.: Дашков и К, 2011. - 324 с 

3.  Карданская  Н.Л.  Принятие  управленческого  решения:  Учебник/  Н.Л.  Карданская.  -  М.: 

ЮНИТИ, 1999. - 407 с 

4. Ларичев О.И. Теория и методы принятия решений/ О.И.Ларичев. - М.: Логос, 2000. - 294 с. 

5.  Литвак  Б.Г.  Разработка  управленческого  решения:  Учебник/  Б.Г.  Литвак.  -  М.:  "Дело", 

2000. - 392 с 

6. Смирнов Э.А. Разработка управленческих решений: Учебник/ Э.А. Смирнов. - М.: 

ЮНИТИ-ДАНА, 2002. - 271 с 

7. Саак А. Э. Разработка управленческого решения: учебник по спец. "Государственное и 

муниципальное управление" / А. Э. Саак, В. Н. Тюшняков. - СПб.: Питер, 2007. - 272 с. 

8. Разработка управленческих решений : учеб.-метод. комплекс для студентов специальности 

080504 «Государственное и муниципальное управление»/ Сост.: Ф. Г. Давлятова – Уфа : РИО 

БАГСУ, 2008. - 77  c. 

9. Учебно-методический комплекс по дисциплине «Управленческие решения» для студентов 

специальности 080507.65 «Менеджмент организации». – Самара: Изд-во: СИБиУ, 2010 

10. Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. – 

176 с. 

11. Башкатова Ю.И. Управленческие решения. – Московский международный институт 



эконометрики, информатики, финансов и права. М., 2003. – 89 с. 

12. Практика принятия решений в менеджменте. Методические рекомендации для 

проведения практических занятий по направлению подготовки 080200 «Менеджмент» / Сост. 

М. П. Прохорова. – Н.Новгород: Изд-во ВГИПУ, 2011. –  57 с. 

13. Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. – 

176 с


.

      

 

12 тақырып. Басқару шешімдерін рәсімдеу және олардың орындалуын бақылау 

 

Дәріс жоспары: 

1. Басқару шешімдерін дайындау формалары 

2. Басқару шешімдерін жүзеге асыру формалары 

3. Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру формаларын бірге пайдалану механизмі 

 

1.  Басқарушылық шешімдерді дайындау жағдайларына байланысты келесі  

формаларды қолдануға болады: 




жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау