Vi сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXII кезектен тыс сессиясының 2017 жылғы № шешіміне қосымша



жүктеу 2,96 Mb.
Pdf просмотр
бет44/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,96 Mb.
#25603
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66

129 
 
 
Салыстырмалы  көрсеткіштерде  атмосфераның  ластану  деңгейін  өлшеу 
кезінде  (абсолюттік  өлшемде  компоненттер  бойынша  мәліметтерді  бермей  – 
мкг/м3),  Алматы  қаласының  атмосферасының  ластану  деңгейінің  нақты  түрін 
бағалау  қиын.  Сәйкесінше,  атмосфералық  ластануды  бар  өлшеу  әдістері  мен 
бағалау  кезінде  экологиялық  жағдайды  жақсарту  бойынша  болашаққа  нақты 
және  қол  жететін  мақсаттарды  қою  мүмкін  болмай  тұр.  Сондықтан 
атмосфералық ластануды өлшеу әдістері мен бағалау деңгейін бірталай өзгерту 
талап етіледі. 
 
2.1.6.2. Қатты тұрмыстық қалдықтар 
 
Қазіргі  таңда  ҚР  Экологиялық  кодексіне  сәйке  Алматы  қаласында  қатты 
тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау және  шығару мәселесі қадағаланады, ол 
барлық коммуналдық қалдықтардың 95% құрайды. Алматы қаласында Өндіріс 
және  тұтыну  қалдықтарын  есепке  алу,  кәдеге  жарату  және  залалсыздандыру 
ережесі  болғанына  қарамастан  қауіпті,  құрылыс,  ірі  көлемді  қалдықтарды 
жинау,  шығару  және  сақтау  мәселесін  шешу  Алматы  қаласында,  жалпы 
елімізде де тиісті деңгейде емес.  
Жалпы  коммуналдық  қалдықтар  көлемі  жылына  шамамен  670  мың 
тоннаны құрайды және ол Алматы облысы аумағында орналасқан полигондарға 
шығарылады. Қала тұрғындарының бүгінгі күнде өсуі қарқыны кезінде:  
 
2.1.6.2.1. сурет. Қатты тұрмыстық қалдықтардың болжамды өсуі. 
 
 
Дерек  көз:    «Қазақстандағы  қоқыс  өңдеуді  жаңғыртуға  қажетті    инвестицияларды  бағалау» 
COWI консалтинг жобасы 
 
Коммуналдық  қалдықтардың  жан  басына  шаққандағы  ағымдағы  көлемі 
жылына  400  кг  құрайды,  салыстырылып  отырған  қалалардың  көп  бөлігінен 
қалдық деңгейі төмен.   
 
Қала  бойынша 2015 жылдан бері қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару 
мен  жинауды  33  қоқыс  шығарушы  кәсіпорын  жүзеге  асырды.  Қала  бойынша 
тұрмыстық қалдықтарды жинауда 70% қызметті «Тәртіп» АҚ көрсетеді. 


130 
 
Бүгінгі  таңда    қатты  тұрмыстық  қалдықтар  қалдық  түрлеріне  қарай 
бөлектеп  жиналмайды.  Қалдықтарды  жинау  қайталама  шикізаттың  негізгі  3 
түрі  бойынша  жүргізіледі:    пластик,  шыны  және  қағаз.  Бірқатар  себептерге 
байланысты  (қайталама  шикізат  нарығы  дамуының  төмендігі,  халықты 
жұмылдырудың  төменгі  деңгейі,  экономикалық  ынталандырудың  жоқтығы 
және  техникамен  әлсіз  жабдықталуы)  бұл  жоба  белгісіз  бір  мерзімге  дейін 
тоқталды.  
Сонымен қатар қатты тұрмыстық қалдықтардың құрылымы 75%-ға қалдық 
пайдалануға мүмкіндік береді, оның ішінде тамақ қалдықтарының қоса алғанда 
(25%), қағаз (14%), пластик (16%), шыны (12%), ағаш (4%) және металдар (3%) 
құрайды. 
2.1.6.2.2. сурет. ҚТҚ морфологиялық құрылымы
2015ж.
 
 
Дерек  көз:    Қалалар  бойынша  экологиялық  және  статистикалық  есептер,  жұмыс  тобының 
сараптамасы  
 
Қала  аумағында  қатты  тұрмыстық    қалдықтар  өңдейтін  ірі  кәсіпорын 
болмағандықтан,    ҚТҚ  Алматы  облысы  аумағындағы  полигонға  тасылады. 
Қарасай  ауданында  (қаладан  35  км  қашықтықта)  орналасқан  полигон  күніне 
1200-1500  тонна  қалдықтарды  қабылдайды,  ал  қалған  400-500  тоннасы  облыс 
аумағындағы шағын полигондарға тасылады. 
Қалдықтарды жинау ашық тәсілде аз мөлшердегі қолмен сұрыптау арқылы 
жүзеге  асырылады.  Бүгінгі  таңда  қалдықтардың  жыл  сайынғы  қордаланған 
және жинақталған көлемін бағамдау іске асырылмай отыр.  Дегенмен, Қарасай 
ауданында  орналасқан  полигондағы  қалдықтардың  көлеміне  баға  берсек  10 
млн. тоннаны құрайды, ал қалдықтар көлемінің артуы  80%-дан асып түскен. 
Қоқыс  полигондарында  қалдықтардың  жиналып  қалу  себебі,  қайталама 
өңдейтін  ірі  орындардың  болмауы    болып  табылады.    Өңдеудің  ағымдағы 
деңгейі  қадағаланбайды,    бірақ  сарапшылардың  пікірінше  5-6  %  аспайды, 
өнімдерді 
қайтадан 
пайдалану 
үшін 
(қағаз, 
пластик 
және 
т.б.) 
ұйымдастырылмаған қолмен сұрыптау жүзеге асырылады. 
 


131 
 
2.1.6.2.1. кесте. Қалдықтарды  қайта өңдеу деңгейі 
 
Көрсеткіш 
Өлшем 
бірлігі 
2013 
2014 
2015 
Қатты тұрмыстық қалдықтардың жалпы 
көлеміндегі  қатты тұрмыстық қалдықтарды 
өңдеудің үлесі  

6,0 
6,0 
7,0* 
Дереккөз:  Сарапшылармен сұхбат, жұмыс тобының сараптамасы* 
 
Алматы  қаласының  статистика  Департаменті  қалдықтарды  қайта  өңдеу 
бойынша  мәліметтерді  жинауды  жүзеге  асырмайды.  Сонымен  қатар  Алматы 
қаласы  бойынша  Экология  департаменті  қалдықты  өңдеу  көлемі  бойынша 
табиғатты пайдаланушылардан ведомствалық есептілікті жинауды жүргізбеген. 
Бүгінгі  таңда  ҚР  Энергетика  министрлігі  қайталама  шикізатты  кәдеге  жарату 
және  қайта  өңдеу  саласында  жұмыс  істеп  жатқан  орта  және  шағын  бизнес 
кәсіпорындарын  мемлекеттік  статистикалық  есепке  қою  қажеттілігі  жөніндегі  
жұмыстарды жүргізуде. Есепке алудың нормативтік негізін дайындау мәселесі 
әзірлену үстінде.  
 
2.1.6.2.3. сурет. Қалдықтарды қайта өңдеу деңгейінің үлесі, 2015 ж.  
 
 
 
Дерек көз:  Қалалар бойынша экологиялық есептер, жұмыс тобының сараптамасы 
 
Бүгінгі таңда  қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеу зауыттарының 
құрылыстарын салу жоспарда бар. 
 
2.1.6.2.2. кесте.  SWOT – талдау 
 
Басым  жақтары:  
- Алматы қаласының экологиялық 
жағдайын жақсартуға азаматтық қоғамның 
аса мүдделілігі. 
 
Әлсіз жақтары: 
- көптеген жылдар бойы ауаның ластану 
деңгейінің жоғарылауы;  
- қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару 
жүйесінің болмауы. 
Мүмкіндіктер:  
Алматыда ыңғайлы экологиялық жағдай 
туғызу 
 
           Қауіп - қатер: 
- Алматы қаласы ауа бассейні ластануының 
жоғары деңгейде сақталуы -  көліктердің 
көбеюі жіне құрылыстардың,   соның ішінде 
тау-әуе ағынының транзит аймағы болып 
табылатын қаланың оңтүстік бөлігін қоса 


жүктеу 2,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау