117
келе бермейді. Аудандағы қолданылып жүрген су тарататын желіні тұрғындар,
құрылыстың СНжЕ талаптарын сақтамай өз бетімен салған.
Күрделі
жөндеу
жұмыстарын
арттыру
сумен
жабдықтау
инфрақұрылымындағы апаттарды, тозуды және шығындарды азайтуға ықпал
етеді. Бірақ, қалаға қосылған Наурызбай, Алатау және Түрксіб аудандарының
су желілілерінің коммуналдық меншікке берілгеннен кейін қала су желілерінің
ұзындығы 2015 жылғы 2699,5 шақырымнан 2016 жылы 2826,6 шақырымға, ал
2016 жылғы 31 желтоқсанда 2917 шақырымға дейін ұлғайды.
Қалаға қайта берілетін желілердің қомақты тозуына байланысты қайта
құрылым көрсеткіштері 2015 жылы 1,16 %-дан 2016 жылы 0,68% жетті.
Күрделі жөндеу және қайта құру жұмыстар арқасында апаттар саны
жыл сайын 5%-ға дейін төмендеуде.
Бұған қарамастан, шығын деңгейі салыстырып отырған қалалардан
едәуір жоғары. Мысалы, 2014 жылы тозу деңгейі 67%, ал сумен жабдықтаудағы
шығындар 26% құраған. Бұл көрсеткіштер 2016 жылы тиісінше 65,9% және
25,7%-ға дейін төмендеген, осы көрсеткіштерге сәйкес, салыстырмалы
қалаларға шаққанда әлі де 2 есе және одан да асады. Сондай-ақ, шығындардың
негізгі көздері абоненттік желілерде (40%), иесіз желілерде (20%) және суды
есептей алмау (20-40%) болғанын көрсетіп отыр.
Ағымдағы желілерді ауыстыру қадамын сақтау кезінде (1,1%) желілердің
тозуы және шығыны мәселелері, келесі 60 жыл бойы сақталатын болады және
мақсатты деңгейге (50% шығын) 2030 жылдарға қарай қол жеткізіледі.
2.1.5.4. сурет. Сумен жабдықтау жүйелерінің көрсеткіштері
Дереккөз: ШЖҚ «Холдинг Алматы Су» МКК мәліметтері
118
Суды пайдалану 2016 жылы 132,38 млн. текше метрді құрады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ірі су пайдаланушы болып тұрғын үй
қоры (61,14 млн. текше м.), халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар және
өнеркәсіптер (26,26 млн. текше. м.), электрмен жабдықтау, жылумен
қамтамасыз етуге негізделген кәсіпорындар (44,97 млн. текше м).
Сонымен қатар, есептеуіш құралдарын орнату бойынша жұмыстар
белсенді жүргізілуде, ол суды үнемді пайдалануға көмектеседі. Ортақ суды
есептейтін құралмен қамтылу деңгейі 100% немесе қажетті 9094 бірліктің
9094-сы. Жеке есептеуіш құралмен жабдықталуы 87,48% құрайды. Қосымша
69,15 мың құрал орнату керек.
Жалпықалалық кәріз қаладан келетін, маңайындағы демалыс
аймақтарынан, бірқатар кенттерден және Талғар мен Қаскелең қалаларынан
келетін сарқынды суды қабылдау, ағызу және тазалауды жүзеге асырады. Суды
ағызу жүйелерімен қамту деңгейі қарқынды түрде өсуде: жыл сайын 7%-ға.
Алайда, бұл көрсеткішке қосылған Наурызбай ауданы кірмеген. Наурызбай
ауданындағы су ағызатын құбырдың ұзындығы 8,9 км (басқа аудандардағы
жалпы ұзындықтың 6% ) құрайды.
Коммуналдық меншіктегі кәріз желілерінің ұзындығы 1544,76 км
құрайды. Алматы қаласында күрделі жөндеуден өткен су ағызатын желінің
үлесі салыстырып отырған қалалар деңгейінен төмен. 2014 жылы ол 0,3%
құрап, 2016 жылы 0,9%-ға дейін өсті. Күрделі жөндеуден өткен су ағызатын
желінің үлесі тозған желілердің өсуін жаппайды, ол тозу деңгейінің артуын
жыл сайын 2%-ға арттырады. Алматыда бұл деңгей 2014 жылы 61-ға % тең
болған, 2016 жылы 65%-ға жетті.
Жалпы тозу деңгейі салыстырып отырған қалалардан 3 есеге жоғары
деңгейде тұр. Жоғарыда мазмұндалғандардан күрделі жөндеуден өткен су
ағызатын желінің үлесі жеткіліксіз екенін байқауға болады.
Күрделі жөндеудің ағымдағы үлесін сақтау кезінде 20 жылдан кейін тозу
деңгейі 90 %-ды құрайтын болады, ол келешекте апатты жағдайларға әкеліп, су
ағызатын желілердің үлкен бөлігінің істен шығуына алып келеді.
Статистикалық деректер бойынша 2016 жылдың басына өткізілген судың
жалпы көлемінен, билогиялық жолмен толық тазартылғаны 98,5% сарқынды су,
ол 127 млн. текше м. құрайды.
Газбен жабдықтау
Қалада газды таратумен айналысатын 4 кәсіпорын бар , оның ішіндегі ең
ірісі «ҚазТрансГаз - Алмак» ЖШС.
Қала тұрғындарының газды тұтынуы 470 млн. текше метрді құрады
немесе қаладағы газды тұтынудың жалпы көлемінің 39%, өндірістік
қажеттіліктерге 733 млн. текше м. (61%) газ пайдаланылған.
Алматыдағы газбен қамтылудың деңгейі өте жоғары, тіпті халықаралық
деңгей үшін де жоғары. Газбен қамтудың көрсеткіші 2015 жылы 93%-дан 2016
119
жылы 95%-ға артты, ал 2017 жылы 97% жетті. Шамамен 7 мың үй газ
жабдығын сатып алуға қаражаттың болмауы және оны орнату жұмыстарына
ақы төлей алмауы себебінен, оның құны бағалау бойынша 300 мың теңгені
құрайды, газ құбырына қосылмаған. Бұл ретте, газға қосылмаған үйлер қатты
отын (көмір) есебінен жылытылып, ауаны ластауда.
Осыған сйкес, 2016 жылы 25 ақпанда 3 компаниямен келіссөздер
жүргізілді. («Тәуекел Т» ЖШС, «Строй Сервис Холдинг» ЖШС, «КазТрансГаз
Аймақ» АҚ) газ құбырына қосылуының бағасын төмендету туралы келісімге
қол жетті, нақтырақ:
1. «Тәуекел Т» ЖШС-тігі газбен қамтамасыз ететін құбырына қосылу
бағамын 300 мың теңгеден 190 мың теңгеге дейін түсірді. (Газға
қосылмаған абонент саны шамамен 700 үй.)
2. «Строй Сервис Холдинг» ЖШС-тігі газбен қамтамасыз ететін
құбырына қосылу бағамын 600 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейін
түсірді. (Газға қосылмаған абонент саны шамамен 380 үй.)
3. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы газбен қамтамасыз ететін құбырына
қосылу бағамын 180 мың теңгеден 140 мың теңгеге дейін түсірді.
(Газға қосылмаған абонент саны шамамен 5 900 үй.)
Жеңілдіктер қарастырылған:
- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына – тегін.
- Жағдайы төмен азаматтарға және көп балалы аналарға - 50%
- I- II топтағы мүгедектерге - 30%
Қосылуға пайызсыз несиелендіру де қарастырылған, өз қаражаты
есебінен.
Осы шаралар арқасында 2016 жылы төмендетілген бағамен шамамен 6100
үй газға қосылған.
Алматы қаласы бойынша табиғи газды орташа сағаттық тұтынуы 35 мың
текше метр/сағатты құрайды, қысқы кезеңдегі қарбалас сағаттарда – 428 текше
метр/сағат.
Табиғи газдың шығындары 2016 жылы 51,5 млн. текше метрмен (3,9%
берілген газға) 2015 жылмен салыстырғанда 45,8 млн. текше метр құрады.
Қаланың тұтынушылары табиғи газбен бірге сығымдалған газды
пайдаланады. 2013 жылы тұрғындарға осы отынның 102 тоннасы босатылды,
2014 жылы 45 тонна босатылды. 55,9% төмендеуі тұтынушылардың табиғи
газды пайдалануына көшуіне және сығымдалған газды пайдаланушы үйлердің
санының азаюына байланысты болып отыр. 2015 жылы көппәтерлі үйлер
толығымен сығымдалған газдан табиғи газға ауысты.
2017 жылдың басында қаладағы көше газ желілерінің ұзындығы 5 мың
км. құрады. Жылдық өсу (2016 жылы 2015 жылдағымен салыстырғанда ) 1%
құрады. Көбінесе Медеу және Түрксіб аудандарындағы газ желілері өте ұзын
болып табылады. Орамішілік (ішкі аулалық) желілер 2014 жылмен
Достарыңызбен бөлісу: |