138
БАҒДАРЛАМАНЫҢ 5 ҚАҒИДАТЫ:
1.
Әрбір адамға қамқорлық
2.
Үздік тәжірибе негізінде тиімді және үнемді шешімдер
3.
Экономиканың драйвері ретінде бизнесті ынталандыру
4.
Азаматтық қоғамды барынша тарту
5.
Жергілікті басқару органдарының есептілігі мен ашықтығы
Мегаполистің даму деңгейін және болашағын талдау негізінде анықталды
ДАМУДЫҢ 7 НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ:
1.
Жайлы қала
2.
Қауіпсіз қала
3.
Әлеуметтік- бағдарланған қала –
4.
Экономикалық тұрақты қала
5.
Жеке капитал мен бизнеске арналған қала
6.
Интеграцияланған қала
7.
Белсенді азаматтардың қаласы
Бүгінде Алматы Қазақстанның ең ірі экономикалық орталығы болып табылады.
Тұрақсыз экономикалық жағдайда, мегаполис бизнес-бастамаларды үшін ең
перспективалы инвестициялық алаң бола алады. Егер, сонымен қатар, Алматы
қаласы әлеуметтік-экономикалық дамуда жақсы өсу динамикасын көрсетсе,
инфрақұрылымды дамыту мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі
көрсеткіштердің сапасын жақсарту жөнінде жүйелі шараларды қабылдауы
қажет.
Орталық Азия өңірінің ең ірі және ең дамыған мегаполисі ретінде,
Алматыда халықаралық ұйымдардың кеңселері, қаржы институттары мен ірі
компаниялардың орталықтары пайда болды. Дүниежүзілік сауда ұйымы мен
Еуразиялық экономикалық одақ аясында, Халықаралық ынтымақтастық үшін
маңызды әлеуетті ашып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Нұрсултан Әбішұлы
Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында, Алматы 2050 жылға қарай
әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру жөніндегі алға қойған батыл
мақсатқа қол жеткізуде шешуші факторға айналуы қажет.
Алматы қаласының даму келешегі елдің стратегиялық және
бағдарламалық құжаттарға сәйкес қалыптасады. Бағдарламаны іске асыру үшін
Елбасының бес институционалдық реформасы мен «100 нақты қадам» Ұлы
жоспары негіз болып табылады.
3.1. Жайлы қала
139
3.1.1. Сапалы жолдар, көлік және коммуникациялар
Сапалы жолдар
2016 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның есебіне сәйкес,
Қазақстан жол сапасының әлемдік рейтингісінде 138 елдің ішінде 108 орында
тұр. Сарапшылар Қазақстандағы жол бетінің сапасын ықтимал 7 баллдан 2,7-ге
бағалады. Қаланың даму бағдарламасында, 2020 жылға қарай жақсы және
қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті автомобиль жолдарының сапасын
80%-ға арттыру көзделген (2015 ж. - 65%).
3.1.1.1 мақсат. Жол байланыстарындағы жүк деңгейін төмендету
№ Нысаналы
индикатор
Өлш
.
бірл.
201
4
201
5
201
6
201
7
201
8
201
9
202
0
Жауапты
орындауш
ы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1 Жақсы және
қанағаттандырарлы
қ жағдайдағы
жергілікті
автомобиль
жолдарының үлесі
%
43
65
60
65
70
75
80
ЖКБ
Алға қойылған мақсаттарға жету жолдары
Алматы қаласының Бас жоспарындағы негізгі ережелерді іске асыру;
1
Қалалық жол желісін кешенді түгендеу жүргізілуде, жол желілерінің
дәрежесі мен жағдайын анықтау;
Түгендеу нәтижесінде жол желілерінің барлық бағыттары бойынша
техникалық паспорттарды қалыптастыру;
Қалалық жол желісіні қамту аумақтар деңгейін анықтау мақсатында
түгендеу нәтижесі бойынша қала жолдарының кезекші картасын қалыптастыру;
Қалалық жолдардың балансын ескере отырып, аудандық әкімдіктердің
балансында жөндеу жұмыстары және амортизация есебін жоспарлау жүйесін
енгізу;
Жөндеу тізбесін қалыптастыру: көрсетілетін жұмыс түрінің барлық
аудандардағы жол желілеріне бірыңғай құрылыс және жөндеу жұмыстарын
талап ету мақсатында, құрылыс/жөндеу жұмыстарының мерзімдері мен құны;
Жол нысандарының құрылыс/жөндеу әсерін өлшеу (көпірлер, жол
айрықтар, көшелер құрылысын қоса алғанда): құрылыс/жөндеу жұмыстарының
нәтижесінде, жол салу инфрақұрылымы шешімдерді талдау негізінде болуы
тиіс. Бұл талдау, интеллектуалды көлік жүйелері және көлік жүйесін модельдеу
құралына негізделуі тиіс;
Жол желісін жоғары жылдамдықты қала жолдары және қалааралық
бірыңғай жүйелі жолдар, көпірлер және көшелер құрылысы негізінде дамыту;
140
Негізгі көшелер мен жолдардың қиылыстарында түрлі деңгейлерде көлік
жолайрығын салу;
Күрделілігі әртүрлі деңгейдегі жөндеу жұмыстарын жүргізу: ағымдағы,
орташа және күрделі жөндеу;
Жаңа қосылған аумақтардың жол желілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз
ету үшін іс-шараларды іске асыру.
Қоғамдық көлік
Қала бойынша қозғалыстың орташа жылдамдығы 2020 жылы 19
км/сағаттан 25 км/сағатқа дейін артуы тиіс. Қала тұрғындарының және
қонақтарының мобильдік мүмкіндігі қоғамдық көліктер есебінен
қамтамасыз етілетін болады. Бұл жеке көлікке балама болмақ. Қоғамдық
көлік атмосфераға зиянды заттарды аз бөліп, экологияны жақсарта отырып,
жеке көлікке қарағанда энергияны 3-4 есе аз тұтынады. Қоғамдық көлікті
дамыту жолдардағы кептелістерді азайтуға, қалалықтардың уақытын және
көлікке, инфрақұрылымға арналған шығындарды үнемдеуге әкеледі. 2020
жылы қоғамдық көліктің үлес салмағы 32 %-дан 48 %-ға дейін өседі.
Осы міндетке қол жеткізу үшін, бірінші кезекте жеке көлікпен
салыстырғанда қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыру қажет. Дамыған
елдердің тәжірибесіне сәйкес ынталандыру шаралары қолданылады (айрықша
автобус жолақтарының санын көбейту, серіктес қалалар мен көлік қатынасын
ұйымдастыру, метроны дамыту және т.б.) және шектеу шаралары (ақылы
тұрақтар енгізу, теңгермелі тарифтер және т.б.).
Жаяу жүргіншілерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, сондай-ақ
велокөлікке инфрақұрылымды дамытуға айрықша көңіл бөлінеді.
Велокөлікті ынталандырудың басты тәсілі – велосипед инфрақұрылымын
жасау.
3.1.1.2 мақсат. Қоғамдық көліктің мобильділігін және қолжетімділігін
арттыру
№
Нысаналы
индикаторлар
Өлш.
бірл.
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
Жау.
орынд.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1
Қаланың жалпы
жолаушы ағынында
қоғамдық көліктің
үлесі
%
-
-
32
38
42
45
48
ЖКБ
Алға қойылған мақсаттарға жету жолдары
БҰҰДБ-мен бірге әзірленген Алматы қаласының көлік Стратегиясын іске
асыруды жалғастыру;
Қоғамдық көліктің маршруттық желісін оңтайландыру;
Қоғамдық көліктердегі тенгерімді тарифті енгізу тұжырымдамасын жасау;
Достарыңызбен бөлісу: |