80
2.1.2.7. Үштілділікті дамыту
Соңғы жылдары мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі
арта түсуде. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 72%, ал 2015 жылы 75% құраса, 2016
жылы 3% артып, 78% көрсетті. Сондай-ақ қазақ тілінде оқытатын мектептердің
үлесі артып келеді, 2013 жылы олардың саны 59 болса, 2016 жылы бұл
көрсеткіш 65 мектепті құрады. Дәл осы фактор жалпы тілдік ахуалға
индикативті түрде әсер етуде.
Көптеген орта және ірі компаниялар мен мекемелердіңқызметкерлері
мемлекеттік тілді үйренуде.
Мемлекеттік
тілді
меңгерген
тұрғындардың
үлесін
арттыру
бағытындағыжұмыстар белсенді түрдежүргізіліп келеді. Жалпы алғанда 20
мультимедиялы кабинет іске қосылған, қала және аудан әкімдіктерінің мәжіліс
залдары ілеспе аударма жасауға арналған құрал-жабдықтармен жабдықталған,
сонымен қатар тіл үйретуге арналған бағдарламалар әзірленген. Ісқағаздарын
жүргізуге арналған жинақтардың үлгісі шығарылды. Аталған басылымдардың
іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді өз бетімен меңгеруге арналған
қосымша әдістемелік құрал ретінде ұсынылатын электронды нұсқаларының
үлгілері де бар.
2014-2015 жылдары тілдерді жаңа технологиямен оқытуға бағытталған
«Инновациялық оқытудың бағдарламалық-ақпараттық кешені» шығарылды.
Мұндай кешенмен Алматы қаласы әкімдігі ғимаратының, аудан әкімдері
аппараттарының және өзге де мемлекеттік мекемелердің 20 оқыту кабинеттері
жабдықталған.
Мемлекеттік орган қызметкерлеріне, сондай-ақ Алматы қаласы
тұрғындарына арналған қазақ және ағылшын тілдерін оқытатын курстар
ұйымдастырылған. 2014 жылы қазақ тілі курстарында – 836, 2015 жылы – 797,
ал 2016 жылы – 551 тыңдаушы оқытылды. Ағылшын тілі курстарында 2014
жылы – 216, 2015 жылы – 230 және 2016 жылы – 194 мемлекеттік қызметші
оқытылды.
Жексенбілік мектептерде этно-мәдени орталықтардың өкілдеріне қазақ
тілімен қатар өз ана тілдері де оқытылады.
ҚР Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесе отырып, мемлекеттік
қызметшілердің қазақ тілін білу деңгейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша анықтау
мақсатында диагностикалық тестілеу жүргізілді. Тестілеуге 2014 жылы 730
адам, 2015 жылы – 565, 2016 жылы 5345 мемлекеттік қызметші қатысты.
Алматы қаласында жергілікті атқарушы органдардың іс қағаздарын
жүргізуге арналған мониторинг тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
Мемлекеттік тілде құжат айналымы 2014 жылы – 65%, 2015 жылы – 66% және
сәйкесінше 2016 жылы – 62% құраған болатын.
Мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау мақсатында қаладағы аудан
әкімдіктерімен, басқармалармен және этно-мәдени орталықтармен бірлесе