Vi сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXII кезектен тыс сессиясының 2017 жылғы № шешіміне қосымша



жүктеу 2,96 Mb.
Pdf просмотр
бет30/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,96 Mb.
#25603
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66

88 
 
2016жыл-2 907), 4  580 апаттық жағдайлар бойынша жаттығу (2014 жыл-1 993,  
2015 жыл-1993, 2016 жыл-594) өткізді. 
Халықты және басшылық құрамды азаматтық қорғау саласындағы оқыту 
мен қалалық даярлау және біліктілігін арттыру  курстарында - 4635 адам оқудан 
өтті    (2014  жыл-1557,    2015  жыл-1658,  2016  жыл-1420).  «Азаматтық  қорғау 
республикалық оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС-да 95 адам оқудан өтті  (2014 
жыл-34, 2015 жыл-26, 2016 жыл-35). 
«Қалалық  білім  берудегі  жаңа  технологиялардың  ғылыми-әдістемелік 
орталығы»  МКК  базасында    Алматы  қаласы  Білім  басқармасымен  бірлесе 
отырып 27 интерактивтік сабақ өткізіліп (2014 жыл- 9, 2015 жыл- 9, 2016 жыл- 
9),  онда  183  500  оқушы  қамтылды  (2014  жыл-54  500,    2015  жыл-64  500, 
2016жыл-64 500).  
2014-2016  жылдары  cу  тасқындарына,  селдерге,  көшкіндерге,  жер 
сілкіністеріне,  өрттерге  қарсы  іс-қимыл  инфрақұрылымның  қамтылу  деңгейі 
49%-дан 52%-ға дейін өсті. 
2016 жылы ТЖ алдын алу мен олардың салдарынан болатын шығындарды 
азайту үшін Департамент осы бағытта бірқатар жұмыс атқарды. 
Осылайша,  2016  жылы  Департамент  қаланың  төтенше  жағдайларға 
дайындығы  жөніндегі  мәселені  Алматы  қаласының  әкімдігі  жанындағы  ТЖ 
алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысына 18 рет енгізіп, 30 
мәселені  қарастырды.  Алматы  қаласы  әкімінің  шешімімен  2016  жылы 
авариялық-қайта  қалпына  келтіру  жұмыстарына  және  ТЖ  зардаптарын  жоюға 
жергілікті  атқарушы  органның  резервінен  4  млрд.  90  млн.  028  мың  теңге 
бөлінді. 
Сел тасқыны бойынша ең осал учаскелердегі мәселелерді шешу үшін  2016 
жылы  қауіпті  4  бағыт  бойынша  жергілікті  бюджеттен  Ақсай  және  Үлкен 
Алматы  өзендерінің  бассейндерінде  екі  селге  тосқауыл  бөгетін  салуға,  Кіші 
Алматы  өзенінің  бассейніндегі  бұрыннан  бар  бөгеттердің  біреуін  қайта 
жаңғыртуға,  сондай-ақ  ГЭС-1-ҮАК  автожолының  қауіпті  учаскелерінде  
темірбетонді  қорғаныс  қабырлағаларын  орнату  және  құзды  қиябеткейлерді 
тастардың құлауынан қорғау үшін тормен нығатуға ЖСҚ әзірлеу үшін қаражат 
бөлініп,  игерілді.  Әкімдік  Үлкен  және  Кіші  Алматы  өзендерінің 
бассейндеріндегі  №13  бис  және  №6  көлдерінің  маңдайшасын  бөлшектеуге 
қосымша ақша қаражатын бөлді.  
Алматы  қаласының  таулы  және  тау  бөктеріндегі  аумақтарына 
мониторингті  сел-  және  көшкін  қаупі  бар  өзендердің  бассейндерінде 
орналасқан  тоғыз  тұрақты  және  селге  қауіпті  кезеңде  тоғыз  маусымдық 
гидрометеорологиялық бекет жүзеге асырады.                   
Көшкін,  су  тасқыны  қаупін  және  жоғары  таулы  мореньдік  көлдер  мен 
мұздықтардың, сел оймалары мен ошақтарының жағдайын жалпылама анықтау 
үшін қала Әкімдігімен және «Қазселденқорғау» АҚПБ бірлесе отырып, 8 ұшып 
тексеру жүргізілді. 


89 
 
Қабылданған  шаралар  мен  жаңалықтар  №6,  13-бис  көлдерінің 
қазаншұңқырындағы  судың  көлемін  өткен  жылдарға  қарағанда  бірнеше  есеге 
азайтуға мүмкіндік берді, ал №4 көлдегі су толығымен сорып алынды.  
Сонымен  қатар  2016  жылы  жергілікті  бюджеттен  Алматы  қаласының 
құтқару қызметіне 10 тереңдік сорғы сатып алынды, бұл 2017 жылы алдын алу 
іс-шараларын жүргізу тиімділігін бірнеше есеге артуға мүмкіндік береді. 
Департамент  «Қазселденқорғау»  АҚПБ,  «GranitTechnology»  ЖШС  және 
«Алатау»  СЭЗ  ПИТ  бірлесе  отырып,  №13-бис  көлінде  мониторигтің 
автоматтандырылған  жүйесінің  пилоттық  жобасын  енгізді,  оның  шеңберінде 
автоматтандырылған  режимде  10  параметрді  өлшеуді  жүргізуге  мүмкіндік 
беретін мониторингілеу жүйесінің дербес станциясы орнатылды. 
Осылайша,  алынған  деректерді  жинақтау,  өңдеу  және  сақтау  әрі  қарай 
төтенше жағдайларды болжауға және көлдердегі су деңгейін қауіпсіз деңгейге 
дейін төмендету жөнінде тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.  
Қазіргі  уақытта  Алматы  қаласының  таулы  және  тау  бөктеріндегі 
аудандарында  сел  қаупін  мониторингілеу  қолмен  жүргізіледі.  Осыған 
байланысты,  автоматтандырылған  жүйелерді  енгізуге  бағытталған  әлемдік 
тәжірибені  және  техникалық  прогресті  ескере  отырып,  Сел  қаупін 
мониторингілеудің  автоматтандырылған  жүйесін  ұйымдастыру  және  оның 
жұмыс  істеу  әдістемесін  жасау  бойынша  ғылыми  мекемелердің  әлеуетін 
пайдалануға шешім қабылданған болатын.  
Алматы  өңірінде  99  көшкін  қауіпті  учаске  бар,  оның  ішінде  Үлкен 
Алматы,  Кіші  Алматы  және  Ақсай  шатқалдарында  орналасқан  18  көшкін 
қауіпті  учаске  қала  тұрғындары  мен  туристерге  қауіп  төндіруі  мүмкін.  Қар 
көшкіні  жағдайына  тұрақты  мониторингті  Қазгидрометтің  екі  маусымдық  қар 
көшу бекеті жүзеге асырады. 
Департамент 
Сейсмология 
институтының 
Алматы 
қаласының 
аумағындағы  барлық  ғимараттар  мен  имараттарды  сейсмикалық  тұрақтылығы 
тұрғысынан  паспорттау  жөніндегі  ұсынысын  енгізді.  Осы  кешенді 
Бағдарламаның нәтижесі ең осал жерлерге көңіл бөле отырып, тозығы жеткен 
тұрғын үйлерді сейсмикалық күшейту және бұзу бағдарламаларына түзетулерді 
жүзеге асыруға мүмкіндік бере отырып, осы жұмыстың тиімділігін арттырады, 
ықтимал  ірі  жер  сілкіністері  кезінде  қираулардың  саны  мен  зардаптарын 
азайтады.  
2016  жылы  Әкімдік  бөлген  ақша  қаражатына  қаланың  ең  осал 
учаскелерінде  77  сөзбен  дабыл  беру  құрылғысы  орнатылды.  Сонымен  қатар 
олардың саны қолданыстағы дабыл жүйелерімен бірге 321 бірлікке жетті.  
Қаладағы  өрт  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мәселесі  ерекше  бақылауға 
алынған. 2016 жылы шаруашылық жүргізу субъектілеріне 3012 өрт-техникалық 
тексеру  жүргізілді  (2015  жыл  –  1145  +2,6  есеге).  Өрт-техникалық 
тексерулердің 
нәтижесі 
бойынша 
12 
088 
өртке 
қарсы  


жүктеу 2,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау