Vi сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXII кезектен тыс сессиясының 2017 жылғы № шешіміне қосымша



жүктеу 2,96 Mb.
Pdf просмотр
бет25/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,96 Mb.
#25603
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66

74 
 
2014 жылы «Қазақстан Республикасының спорт шебері» – 310, 2015 жылы – 93, 
2016 жылы 35 адамды құрады.  
Алматыда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын 
тұрғындар  санының  өсу  үрдісі  байқалады.  Соңғы  2  жыл  ішінде  аталған 
көрсеткіш 
2014 
жылғы 
қала 
тұрғындарының 
26,5%-нан                                              
(451  428  адам)    2016  жылдың  қорытындысы  бойынша  қала  тұрғындарының 
28,5%-на (485 975 адам) дейін өскен. 
2016 жылы 28 қысқы Универсиаданың барлық нысандарының құрылысы 
аяқталды:  Алатау  ауданындағы  12  мың  көрерменге  арналған  мұз  айдыны; 
Медеу ауданындағы 3 мың көрерменге арналған «Алматы Арена» мұз айдыны 
және  5  мың  орынды  жатақхананы,  қызмет  көрсету  нысандарын,  дүкендерді, 
тамақтану пунктерін қамтитын атлетикалық ауыл және т.б. Аталған  спорттық 
құрылғылар қаланың спорттық инфрақұрылымдарымен белсенді  ықпалдасуда.  
Алматы  қаласы  еліміздің  спорттық  астанасы  ретінде  танылды.  Қалада 
көптеген  жетекші  спорттық  құрылғылар  орналасқан,  спорт  саласындағы 
жетекші  мамандар,  спортшылар  мен  бапкерлер  тұрады  және  жұмыс  жасайды. 
Сонымен  қатар,  Алматыда  жетекші  ғылыми-оқу  мекемелері,  оның  ішінде 
спорттық,  сондай-ақ  мамандандырылған  спорт  ұйымдары  орналасқан: 
Спорттық  медицина  және  оңалту  орталығы,  допингке  қарсы  зертханалар, 
республикалық спорт колледждері, жоғары спорт шеберлігінің мектептері мен 
интернаттары және т.б.  
Қазақстан  Республикасы  Мәдениет  және  спорт  министрлігі  өткізген  
республикалық  рейтингтің  қорытындысына  сәйкес,  спортшылардың  Жазғы 
Азия  ойындары  мен  Қысқы  Олимпиада  ойындарына,  сонымен  қатар 
халықаралық ресми кешенді жарыстарға (Жазғы Азия ойындары) қатысу және 
лицензиаттарды  дайындау  нәтижелері  бойынша  қала  сенімді  түрде  I  орынды 
иеленді.     
Алматы  қаласының  спортшылары  бүкіл  Республика  құрамасының       
30%-ынан  астамын  қамтамасыз  ете  отырып,  Қазақстан  Республикасының 
ұлттық құрамасының басты доноры болып табылады.  
Қала тұрғындарын дене шынықтыру мен спортқа тартуға қатысты    2016 
жылдың  қорытындысы  бойынша  2015  жылмен  салыстырғанда  1900-дан  астам 
түрлі  бұқаралық-спорттық  іс-шара  өткізілді.  Спорт  түрлерінен  чемпионаттар 
мен  қала  біріншіліктері,  сондай-ақ  Республика  мен  қаланың  маңызды  
күндеріне 
арналған 
бұқаралық 
іс-шаралар, 
ведомстволық 
және 
ведомствоаралық жарыстар мен спартакиадалар және т.б. өткізілді. 
Алматы спорт алаңының астанасы ретінде өз позициясын нығайта түсуде, 
мұнда жыл сайын халықаралық деңгейдегі жоғары жетістіктерге арналған түрлі 
спорттық  іс-шаралар  өткізіледі.  Жыл  сайын  қала  аумағында  ірі  халықаралық 
ресми сайыстар өткізіледі. 
Қалада  командалық  спорт  түрлерімен  шұғылдануға  арналған  жалпы 
қолжетімді  алаңдардың  саны  өте  аз.  Қаладағы  алаңдардың  көпшілігі 
ведомствалық    иелікте  немесе  жеке  меншікте.  Жоғары  жетістіктер  спорты 
спорттық құрылғылардың жетіспеушілігін сезінуде, 21 спорт мектебінің тек 4-


75 
 
еуінің  өз  базалары  бар.  Халықаралық  стандарттарға  сәйкес  келетін  сапалы 
құралдар мен заманауи жабдықтар жетіспейді. 
Мектепке  дейінгі  мекемелердің  және  жалпы  орта  білім  беретін 
ұйымдардың  материалдық  базасы  әрі  қарай  дамытуды,  жаңартуды  және 
оқушылардың  дене  тәрбиесіне  арналған  бағдарламаларды  толық  көлемде 
орындау үшін қажетті спорттық құрылғылармен жабдықтауды талап етеді.  
Заманауи  спорт  түрлі  инновациялардың  әсеріне  ұшырайтындықтан 
спортшылармен  жұмыс  жасаудың  ғылыми  және  инженерлік  ізденістерге 
негізделген  жаңашыл  әдістемелерін  меңгерген  мамандарды  дайындауға  баса 
назар аудару талап етіледі.   
Қазіргі  уақытта  осы  салада,  әсіресе  жас  мамандар  арасында  білікті 
кадрлардың  жетіспеушілігі  байқалып  отыр.  Спортты,  әсіресе,  жоғары 
жетістіктер  спортын  әрі  қарай  дамыту  үшін  білікті  кадрларды  даярлауға, 
сондай-ақ  осы  саладағы  мамандарды  қайта  даярлауға  және  біліктілігін 
арттыруға баса назар аудару маңызды. 
 
 
2.1.2.5.1.  кесте. Алматы қаласы бойынша спортты дамытудың негізгі 
көрсеткіштері 
№  Атауы/жылдар 
Өлш.бірл.  2014 
2015 
2016 

Дене  шынықтыру  және  спортпен 
жүйелі  түрде  шұғылданатын  барлық 
жастағы тұрғындарды қамту 
 

26,5 
27,5 
28,5 

Балалар  мен  жасөспірімдердің  жалпы 
санынан 
дене 
шынықтыруға 
дайындайтын  спорт  клубтарында  дене 
шынықтыру 
және 
спортпен 
шұғылданатын  7  мен  18  жасқа  дейінгі 
балалар мен жасөспірімдерді қамту 
 


8,5 

Дереккөз: Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ведомстволық деректері 
 
2.1.2.5.2. кесте. 2016 жылы Алматы қаласында өткізілген халықаралық 
спорттық іс-шаралар 
«Тур Алматы» халықаралық веложарысы 
Футзалдан УЕФА кубогінің іріктеу мачтары 
«Алматы Марафоны» қайырымдылық жүгіру жарысы 
Дзюдо спортынан Grand Prix 
Конфедерациялар кубогінің финалы 
Спидвейден Әлем Чемпионатының кезеңі 
Қазақ күресінен «Евразия Барысы» халықаралық жарысы 
Гольфтен «Kazakhstan Open 2016» халықаралық турнирі 
Шахматтан «Almaty Open 2016» халықаралық турнирі 
Балалар арасында футболдан «Весенние каникулы 2016» халықаралық турнирі 
Ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала ойындары» республикалық фестивалі 
Шорт-тректен Олег Слатинды еске алуға арналған ашық чемпионат 
Г. Қосановты еске алуға арналған жеңіл атлетикадан жарыс 


жүктеу 2,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау