26
2.1.1.4.1 сурет. Жалпы тіркелгендер санындағы Алматы қаласының ШОК
субъектілерінің үлесі, бірлік
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
Сурет 2.1.1.4.2. Алматы қаласының 2016 жылы ұйымдастыру-құқықтық
нысандары бойынша ШОК құрылымы
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
Алматы қаласындағы шағын және орта кәсіпкерліктің тіркелген
субъектілерінің құрылымында шағын және орта кәсіпорындар басым болып
келеді, алайда, әрекет етіп жүрген кәсіпорындар арасында жеке кәсіпкерлер
(бұдан әрі – ЖК) көшбасшылық орынды иеленіп келеді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің салалық
ерекшелігі қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың басымдылығымен
сипатталады. Үлестің аса көп бөлігіне сауда саласы ие болып отыр, бұл
қаланың жалпы өңірлік өнімі құрылымының жалпы серпініне сәйкес келеді.
27
Сонымен қатар, бұл сауда саласында жиі кездесетін жеке кәсіпкерлердің шағын
және орта кәсіпкерлік құрылымындағы басымдығымен түсіндіріледі.
Шағын және орта кәсіпкерлік соңғы үш жыл ішінде айтарлықтай өсу
қарқынымен қалада жұмыс орындарын құрудың (қалада 886,7 мың жұмыспен
қамтылғандардың жалпы санының 65,6%) аса маңызды көзі болып табылады.
2.1.1.4.3. сурет. ШОК-те жұмыспен қамтылғандардың үлесі
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті
2016 жылы ШОК субъектілері шығарған өнім 4 458,5 млрд. теңгені
құрады, бұл 2015 жылдың деңейінен 6,1%-ға жоғары. Алматы қаласында ШОК
өнім шығару деңгейі көрсеткішінің оң серпіні өз өнімінің түрлерін көбейту,
өндірісті жаңғырту, сапаны арттыру және өтім нарығын кеңейту жолымен
шағын және орта бизнес кәсіпорындарын дамыту үшін алғы шарт болып
табылады.
Жалпы алғанда, мемлекеттік қолдау көлемі «Даму» қоры арқылы,
кәсіпкерлерді қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсетуді қоса алғанда,
шамамен 10 млрд. теңгені құрады. ШОК несиелеудің жалпы көлемі
2014-2016 жылдар кезеңінде 2 199,7 млрд. теңгені құрады.
2.1.1.4.4. сурет. Екінші деңгейдегі банктердің ШОК-ке несие беруі
28
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Қолайлы кәсіпкерлік жағдай жасау үшін жылына екі рет Алматы қаласы
Іскерлік кеңесінің мәжілістері өткізіліп тұрады. Негізгі назар Алматы
қаласында әкімшілік кедергілерді жою, көлеңкелі экономиканың көлемдерін
қысқарту, кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын құру және жетілдіру
бойынша ұсыныстар әзірлеу жолымен кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы
жағдайлар жасауға аударылады.
Алматы қаласында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының
(бұдан әрі – КҚО) 3 орталығы табысты түрде жұмыс істейді, онда кәсіпкерлерге
«бір терезе» тәртібінде қызметтер кешені ұсынылады, мемлекеттік қолдаудың
нақты құралдарын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2014-2016 жылы
11 870 кәсіпкерге бизнесті жүргізудің сервистік қолдауының шеңберінде
қызметтер көрсетілді.
Сурет 2.1.1.4.5. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында ұсынылған
қызметтердің саны
Жалпы алғанда, ШОК сегменті қаладағы салықтар мен жұмыс
орындарының (60%-дан астам) негізгі көзі болып қалуды жалғастыруда.
Осыған байланысты, қаладағы ШОК қызметін дамыту негізгі бағыттардың бірі
болып қалып отыр.
2.1.1.4.4. кесте. Шағын және орта бизнес көрсеткіштері
Атауы/жылдар
Өлшем. бірл.
2014
2015
2016
Шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерінің нақты өнім өндіру
көлемінің индексі
%
112,5
90,7
91,6
Шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерінің өнім шығаруы
млрд. теңге
3 799,9 3 665,9
4 458,5
Тіркелгендердің жалпы көлемі бойынша
%
50,9
76,8*
65,2
29
Атауы/жылдар
Өлшем. бірл.
2014
2015
2016
белсенді шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерінің үлесі
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика комитеті, 2015ж.
* Халықаралық тәжірибеге сәйкес, шағын және орта бизнес субьектілерінің сандық
көрсеткіштерін қалыптастыру және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кіріс комитетінің деректерімен сәйкессіздіктерді жоюда ортақ тәсілдерді
жүзеге асыру мақсатында, 2015жылдың 1 ақпанынан бастап «белсенді» субъектілерінің
сандық индексінің орнына «ағымдағы»сөзі жазылып, жарияланады.
2014 жылдың деректері 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап, тек жұмыспен
қамтылғандар саны бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне
жатқызу критерийлері статистикасының мақсаты үшін пайдалануды көздейтін
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын
енгізу (Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі №36-
V «Қазақстан Республикасының рұқсат беру құжаттарын қысқарту, сондай-ақ
мемлекеттік
органдардың
бақылау
және
қадағалау
функцияларын
оңтайландыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер
енгізу туралы» Заңы) есебінен келтірілді.
Сауда
Алматы жалпы республикалық сауда көрсеткішінде сауданың меншікті
үлесі бойынша 1 орынды иеленеді. 2016 жылдың ішінде сауда қаланың ЖӨӨ ең
жоғары үлесін қамтамасыз еткен (35,6%), бұл ретте 2016 жыл ішіндегі көтерме
сауданың жалпы көлемі (9755,9 млрд. теңге, республикалық көлемнен 54,2%)
бөлшек сауда көлемінен (2193,7 млрд. теңге, республикалық көлемнен 27,5%) 4
есеге артық болған. Көтерме сауданың жалпы республикалық көлемінің
жартысынан астамы Алматы қаласында шоғырлануы негізінен тіркелген ірі
компаниялардың қалада болуымен байланысты.
Бөлшек сауда құрылымында қарастырылып отырған кезең ішінде азық-
түліктік емес тауарларды сату басым болған, бөлшек сауда айналымының
82,8% немесе 1817,2 млрд.теңгеге жуығын құраған.
2014-2016 жылдар кезеңінде бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі
10,8% көтерілген.
2016 жылы өңірдегі бөлшек сауданың жалпы көлемінің 65,5%-ы сауда
кәсіпорындары арқылы (2014 жылы – 70,2%) іске асырылған, бұл қаладағы
сауданың заманауи түрінің дамуымен байланысты. 2016 жылы 15 931 немесе
1 646,8 мың ш.м. (сауда орталықтарының жалпы алаңы) сауда нысандары
жұмыс жасаған.
2.1.1.4.5. кесте. Көтерме және бөлшек сауда көрсеткіштері
Атауы/жылдар
Өлшем.
бірл.
2014
2015
2016
Бөлшек сауда көлемі
млрд.
теңге
1 641,3 1 786,6 2 193,7
Республика көлеміндегі үлес салмағы
%
25,9
27,3
27,5
Достарыңызбен бөлісу: |