15
Орта есеппен алғанда Алматы қаласындағы қызмет көрсету саласындағы
еңбек өнімділігін дүниежүзінің басқа қалаларымен салыстыруға болады.
Алматы қаласының көрсеткіші жұмыспен қамтылған жан басына есептегенде
38,2 мың АҚШ долларын құрайды, бұл Мәскеу қаласынан 15% артық және
Варшавадан 42% кем.
Алайда ішкі секторлар арасында өнімділік бойынша біршама
айырмашылықтар байқалады. Мысалы, денсаулық сақтау, білім беру сияқты
адамның қатысын көп қажет ететін секторлар көшбасшылардан ондаған есе
(жылжымайтын мүлік операциялары және сауда) артта қалып отыр.
2.1.1.1.2. сурет. Салалар бойынша еңбек өнімділігі, 2016 ж.
Дерек көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті
Алматы нақты сектордағы еңбек өнімділігі бойынша дүниежүзіндегі
басқа қалалардан біршама артта қалып отыр, мұнда еңбек өнімділігі
Алматыдағы сауда және қызмет көрсету секторларынан айтарлықтай төмен.
Бұл жағдайда егер ауыл шаруашылығы мен тау-кен өндіруші өнеркәсіптің
деңгейі есептеу базасының төмендігіне байланысты көрсетілмеген деп алатын
болсақ, құрылыс (2016 жылы 10,2 мың АҚШ доллары) және өңдеуші өнеркәсіп
(21,6 мың АҚШ доллары) салалары біршама жақсару аймағы болып табылады.
Аталған салаларда жұмыспен қамтылған халықтың 15% астамы жұмыс
жасайды және олардың үлесіне ЖӨӨ 6,4% тиесілі болады. Осылайша, 2016
16
жылдың қорытындысы бойынша қала өңдеуші өнеркәсіптің өнімділігі
бойынша көрсеткіштерге қол жеткізді және 21,6 мың АҚШ долларын
құрады.
2.1.1.1.3. кесте SWOT-талдау
Күшті жақтары:
- халықаралық деңгейдегі
постиндустриалдық мегаполис ретінде
тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсімін
қамтамасыз ету, сондай-ақ өсім
факторларының бірі инвестициялар болып
табылады;
- еңбек өнімділігінің өсуін жеделдету,
өндірістің одан әрі дамуына қолайлы
жағдай;
- Алматы агломерациясының елді
мекендерінің тұрақты еңбек, мәдени-
тұрмыстық және рекреациялық
байланыстары бар.
Әлсіз жақтары:
-
жалпы
республика
экономикасын
дамытуға сыртқы факторлардың ықпалы,
сондай-ақ
теңгенің
құнсыздануы,
ол
халықтың сатып алу қабілетін төмендетуі
мүмкін;
- Қазақстанда жоқ, өзіндік бәсекелестік
басымдықтары бар көрші елдер тарапынан
инвестициялық ресурстарға бәсекелестік
деңгейінің жоғарылығы;
- әсіресе өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек
өнімділігінің төмендігі.
Мүмкіндіктер:
- бюджеттің кіріс бөлігінің резервтерін
анықтау және бюджет қаражатын тиімді
пайдалану (мемлекет активтерін);
- нақты экономика секторын қолдау және
және кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру;
- азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
және инфляция деңгейін төмендету;
- әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету
және тұрғындарды жұмыспен қамтуды
қолдау;
- қалада инвестициялық белсенділікті
жақсарту және басым жобаларды іске
асыру.
Қауіп-қатерлер:
-
дағдарыс үдерістері экономиканың
барлық дерлік салаларын қамтиды, қаланың
негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері
өсімнің теріс мәніне әлеуетті енеді. Өндіріс
құлдырайды,
жұмыссыздық
көбейеді,
халықтың өмір сүру деңгейі төмендейді,
капиталдың сыртқа кетуі, тұтыну құнының
артуы. Қаланың ЖӨӨ бұл жағдайларда
тоқырау жағдайын болады.
- Қаржылық сектордың елдің астанасына
кетуі қаланың ЖӨӨ төмендеуіне және
білікті мамандардың кетуіне әкеп соғуы
мүмкін, сондай-ақ басқа секторлардан
(қызметтер,
сауда)
түскен
пайданы
қосымша алып кетеді.
2.1.1.2. Өнеркәсіп
2016 жылы Алматы қаласының өнеркәсібі 1 384 кәсіпорыннан құралады,
олардың 6,5% ірі және орта кәсіпорындар санатына жатқызылады. Олар қала
индустриясының негізін құрайды және өнеркәсіптік өнім көлемінің 77,5 %
өндіреді.
2016 жылы Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 772,1 млрд. теңгеге жеткен,
соңғы 3 жылда орташа жылдық нақты өсім 7,5%-ды құрады.
17
2014-2016 жылдар кезеңінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2014 жылы өсе
отырып және одан әрі 2016 жылы төмендей отырып, тұрақсыз үрдісте болды
(693,5 млрд. теңге).
2014-2016 жылдардағы кезеңде өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің нақты
көлем индексінің төмендеуі байқалады. Құлдыраудың негізгі себептері
өндірілетін өнімге тапсырыстар мен сұраныстың төмендеуі. 6 кәсіпорын
толығымен тоқтап тұрған, 8 кәсіпорын өндірістің 50%-дан астам төмендеуіне
жол берді.
2.1.1.2.1. кесте. Алматы қаласының сыртқы сауда айналымының
көрсеткіштері
Атауы/жылдар
Өлш. бір.
2014
2015
2016
Сыртқы сауда айналымы
млрд. АҚШ
доллары
22,4
14,6
12,1
Экспорт
млрд. АҚШ
доллары
5,0
2,8
2,7
Импорт
млрд. АҚШ
доллары
17,4
11,8
9,4
Сальдо
млрд. АҚШ
доллары
-12,3
-8,8
-6,7
Дерек көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер
комитеті
Үш жыл ішінде қаланың сыртқы сауда тауар айналымының көлемі 43,4%
төмендеді және 2016 жылы 12,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Сыртқы саудада
импорт – 77,7% нәтижесінде сыртқы сауда айналымының теріс сальдосы - 6,7
млрд. АҚШ долларын құрады.
Жалпы алғанда, 2016 жылы шикізаттық емес тауарлардың экспорттық
үлесі 48,2%-ды құрады.
Соңғы үш жыл ішінде қаланың тіршілік қабілеттілігін қамтамасыз ететін
ішкі салалардың үлес салмағы артқан. 2016 жылы электрмен қамту, газ және
жылу беру, ауаны желдету, сумен қамту, кәріз жүйесі және қалдықтарды
жинаудың үлесіне өнеркәсіптік өндіріс көлемінің бесінші бөлігі тиісті болған.
30-дан астам арнайы маманданған салалар, ішкі салалар мен жекелеген
өндірістер енетін тағам өнеркәсібі Алматы қаласының өнеркәсіптік кешеніндегі
ірі салалардың бірі болып табылады. 2014-2016 жылдардағы кезеңде тағам
өнімдері өндірісінің жалпы өңдеуші өнеркәсіп көлеміндегі үлес салмағы 2015
жылы 26,8%-ға төмендей отырып және одан әрі 36,7%-ға дейін өсе отырып
тұрақсыз үрдіс байқалды.
Алматы қаласында бірқатар ірі және технологиялық тұрғыда озық лак-бояу
материалдарын, сумен қамту, кәріз және шоғырсымдарды қорғау жүйелеріне
арналған полиэтилен құбырларды, термоқабықшалар, қаптама өнімдерін,
өлшеп қаптау қапшықтарын, тағам өнімдері мен мұздатылған өнімдерге
арналған қапшықтар өндіру бойынша химия өндіріс орындары орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |