7
Бірінші бағыт: инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
8. Аталған бағыт мынадай жұмыс және объектілер түрлері бойынша
инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен халықты жұмыспен
қамтуға жәрдемдесуді көздейді:
1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа
және ағымдағы жөндеу (сумен жабдықтау, кәріз объектілері, газбен, жылумен,
электрмен жабдықтау жүйелері);
2) әлеуметтік-мәдени объектілерді (білім беру, денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс
объектілерін) күрделі және ағымдағы жөндеу. Сейсмологиялық қауіпті өңірлер
үшін сейсмологиялық қауіпсіздікті күшейте отырып, күрделі жөндеуге жол
беріледі;
3) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы
жөндеу (қалалық автомобиль жолдары, кентішілік және ауылішілік жолдар,
кірме жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар
мен көпірлер);
4) ауылдық жерлердегі фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік
амбулаториялар салу (ауылдағы авариялық, бейімделмеген және саман
объектілердің проблемаларын шешетін объектілерге басым назар аударылады);
5) елді мекендерді абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, скверлерді
жарықтандыру және көгалдандыру, иесі жоқ объектілерді бұзу, қатты
тұрмыстық қалдықтар полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды,
балалардың ойын және спорт алаңшаларын жайластыру);
6) мүгедектердің және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының
қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-мәдени объектілерді,
инженерлік-көліктік инфрақұрылымды күрделі, ағымдағы жөндеу жүргізіледі.
9. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық
елді мекендерде іске асыру осы Бағдарламаның 8-тармағында көзделген барлық
жұмыс түрлері мен объектілері бойынша, ал қалаларда – осы Бағдарламаның
8-тармағының 1), 2), 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген жұмыс түрлері
бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте шағын қалаларда іске асырылып жатқан
жобаларға басымдық беріледі.
Саяжай кенттерінде осы Бағдарламаның 8-тармағының 1) және
3) тармақшаларында көрсетілген жұмыс түрлері коммуналдық меншіктегі
объектілер бойынша іске асырылады.
10. Жергілікті атқарушы органдар жобаларды іріктеуді:
1) жеткізілген қаржыландыру лимиттері, бұл ретте бір жұмыс орнының
құны жобалардың барлық түрлері бойынша 3 млн. теңге лимиттен аспайды;
2) мемлекеттік сараптамадан өткен объектілерді салуға және күрделі
жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;
8
3) жобалар шеңберінде орташа және (немесе) ағымдағы жөндеуді жүзеге
асыру жоспарланып отырған ақаулар ведомосінің, сметалық құжаттаманың,
орындалатын жұмыс көлемінің шығыстар сметасының болуы;
4) мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдері және отандық
өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу
мүмкіндігі;
5) жобаларды іске асыруды бастау және аяқтау мерзімдері;
6) жобалардың іске асырылуын жергілікті бюджет қаражаты есебінен
қоса қаржыландыру мүмкіндіктері;
7) құрылатын жұмыс орындарының саны және ұсынылған жобалар
бойынша есептелген орташа айлық жалақының мөлшері;
8) жобаларды іске асыруға әсер ететін өңірдің табиғи климаттық
жағдайлары және басқа да ерекшеліктері негізінде дербес жүзеге асырады.
11. Халықты жұмыспен қамту орталықтары осы ауданда (қалада)
тұратын, уақытша тіркелген адамдарды қоса алғанда, Бағдарламаға
қатысушыларды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын жұмыс беруші-
мердігерлерге жібереді.
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тетігі.
12. Жергілікті атқарушы органдар денсаулық сақтау және әлеуметтік-
еңбек саласындағы орталық уәкілетті органға (бұдан әрі – Бағдарлама
операторы)
–
фельдшерлік-акушерлік
пункттердің,
дәрігерлік
амбулаториялардың құрылысы бойынша жобаларды, өңірлік даму мәселелері
жөніндегі орталық уәкілетті органға Бағдарлама шеңберінде іске асыру
ұсынылатын инфрақұрылымдық жобаларды, қолданыстағы заңнамада талап
етілетін техникалық құжаттаманы, жобаны таңдауды, құрылатын жұмыс
орындары мен орташа айлық жалақы көрсеткіштерін негіздей отырып, жыл
сайын 15 сәуірден кешіктірмей ұсынады.
Тиісті техникалық құжаттамасыз және жобаның таңдалуы, құрылатын
жұмыс орындарының саны мен орташа айлық жалақының көрсеткіштері
негізделмей ұсынылған, сондай-ақ құны 3 млн. теңгеден асатын жұмыс
орындарын құруды көздейтін жобалар қаралмайды.
13.
Жобаларды қарау барысында өңірлік даму мәселелері жөніндегі
орталық уәкілетті орган жобалардың осы Бағдарламаның 8-тармағының 1), 2),
3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген жұмыс түрлері мен объектілерге,
денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласындағы орталық уәкілетті орган
– 8-тармақтың 4) тармақшасына сәйкестігін тексереді.
14. Жобалар осы Бағдарламаның 8-тармағына сәйкес келмеген кезде
өңірлік даму мәселелері жөніндегі, денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек
саласындағы орталық уәкілетті органдар жергілікті атқарушы органдарға бас
тарту себептері көрсетілген уәждемелі жауап жібереді.
Осы Бағдарламаның 8-тармағына сәйкес келетін жобалардың тізбесін
өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады
және қаржыландыру көлемдерін, құрылатын жұмыс орындары санының және