xxi
ҚОҚАО
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық орталықтар
ҚБ
Қатты бөлшектер
КС
Көмірсутектер
ТД
Тұрақты даму
ХФК
Хлорфторкөмірсутектер
ОАБ
Тұрақты даму жөніндегі Орталық-азиялық бастама
МДИ
Мыңжылдық Декларациясында тұжырымдалған даму мақсаттары
ҚОЭМО
Қоршаған ортаның экологиялық мониторингі орталығы
ЫДША
Ынтымақты дамыту жөніндегі Швейцария Агенттігі
ЭСКО
Энергиясервис компаниясы
ЭС
Экологиялық сараптама
ЮНЕП
Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған ортаның жөніндегі бағдарламасы
xxii
ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР МЕН ӨЛШЕУ БІРЛІКТЕРІ
..
деректер жоқ
- ноль немесе тым аз шама
, ондық болшектің белгісі
°С
Цельсий градусы
долл. США
АҚШ доллары
г
грамм
Гг
гигаграмм
ГВт
гигаватт
га
гектар
кБк
килобеккерель
кг
килограмм
км
километр
км/ч
сағатына километр
км
2
шаршы километр
кВт.ч
киловатт-сағат
м
метр
м
2
шаршы метр
м
3
текше метр
мг
миллиграмм
мг/м
3
текше метрге миллиграмм
Мтн.э.
мұнай баламасының мегатоннасы
МВт
мегаватт
т
тонна
тн.э
мұнай баламасының тоннасы
xxiii
ВАЛЮТА
Ақша бірлігі: Теңге
Жыл
Ақш.долл
2000
142,13
2001
146,74
2002
153,28
2003
149,58
2004
136,04
2005
132,88
2006
126,09
2007
122,55
Дерек көзі:Халықаралық Валюта қоры (ХВҚ)
Халықаралық қаржы статистикасы 2008
1
ТҮЙІНДЕМЕ
Қазақстанның экологиялық қызметінің нəтижелілігі туралы бiрiншi шолу 2000-жылы жасалды. Осы бір
екінші шолу сол алғашқы шолудан бері Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау ісінде қаншалықты алға
басқанын мөлшерлеп, табиғатты қорғау саласындағы келешек мəселелерді шеше білу қабілетіне баға беруді
мақсат тұтады.
ЖАЛПЫ АХУАЛ
Ішкі Жалпы Өнімі (ІЖӨ) жылына 10 пайыздан асатын қарқынмен өсіп, 2002-2006-жылдар
аралығында инфляция деңгейі 8 жəне 9 пайыз аралығында болған Қазақстанның экономикасы
2000-жылдан бері айтарлықтай дами түсті. Бұл жетістікке, бірінші кезекте, мұнай, минералдар
жəне басқа да өнімдердің өндірісі мен экспорты көлемінің ұлғайғаны себеп болды.
Кедейлік деңгейі едəуір төмендеп, 2000-2006-жылдар аралығында шамамен 20 пайызға азайды.
Дегенмен, жұмыссыздықтың ресми деңгейі əлі де жоғары жəне ІЖӨ-дегі «көлеңке
экономиканың» 30 пайыз құрайды деп есептелетін үлесі азаятын емес.
Қоршаған ортаны қорғау ісіне келсек, үміт ұялатарлық кейбір үрдістерге қарамастан
Қазақстанның алдында əлі қыруар жұмыс жатыр. Үкіметтің қоршаған ортаны қорғау
шараларына бөлген қаражаты (жалпы үкімет бюджетінің 0.5%-ы көлемінде) қоршаған орта
саласындағы шешімін күткен мəселелері елеулі əрі сан алуан болып келетін мемлекет үшін
тым мардымсыз. ІЖӨ-ге шаққандағы жылыжайлық газдың атмосфераға бөліну деңгейі
əлемдегі ең жоғарылардың бірі болып келетіні, Арал теңізі мен Балқаш көлінің ахуалы, Каспий
теңізіндегі бекіре балығының күрт азайып кеткендігі, жердің азып кеткені жəне шөлге
айналуы, өңделмеген өндірістік қоқыстың жиналуы, радиактивті улы заттар, өндірістік
ластаулар (əсіресе қазба жəне ауыр өндірістерден), су жəне қоқыстың қатты түрлеріне арналған
инфрақұрылымдардың жетіспеушілігі, міне, Қазақстандағы басты проблемалардың қатарында
осыларды атауға болады.
САЯСИ ШЕШІМДЕРДІ АЙҚЫНДАУ, ЖОСПАРЛАУ ЖƏНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Шешім қабылдау жүйесі жəне соның жүзеге асырылуы
Қазақстан
тұрақты дамуды басшылыққа
алды
..
.
2006-жылы Қазақстан 2007-2024-
жылдарға арналған Тұрақты Дамуға Көшу Тұжырымдамасын (ТДКТ) қабылдады. Ұзақ
мерзімді көру өрісі, нақты мақсаттары жəне іске асырылуын бағалау жүйесі əзірленіп,
бекітілуімен қатар, бұл тұжырымдамагың жүзеге асуына мұрындық болар Тұрақты Даму
жөніндегі Ұлттық Кеңес секілді ұйымдар құрылды.
… бірақ тұрақты дамуға қажетті нақты қадамдар қойылған мақсатқа жеткізбей келеді.
Басты назар экономикалық өсімге ауып кетіп, тұрақты дамудың маңызды əлеуметтік жəне
экологиялық қырларына тиісінше көңіл бөлінбей келеді. Тұжырымдама салааралық əдістемеге
қажетті тетіктерді ұсынбаған жəне қоршаған ортаны қорғау мəселесі энергетика, көлік жəне
ауыл шаруашылығы секілді салалармен ықпалдаса қойған жоқ. Қазына Тұрақты Даму Қоры
инвестиялық жобаларды тұрақты даму үрдісімен ұштастыру əлеуетіне ие. ДАлайда, Қор тек
экономикалық алуандылық пен бəсекелестікке шыдамдылық мəселелерімен ғана
айналысқандықтан, белгілі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі немесе тұрақты даму мəселесін
экологиялық түйіткілдермен ұштастыратын қандай да бір жобаларды қаржыландырумен
ешқашан айналысып көрген емес. Қазақстандағы кедейшіліктің айтарлықтай азайғаны шындық
болса да, қоршаған ортаны қорғау бағытында, əлеуметтік жағдайды жақсарту жəне жалпы
тұрмыс деңгейін, əсіресе ауылдық жерлерде көтеру мəселесін шешуде атқарылатын жұмыс көп
Достарыңызбен бөлісу: |