Қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының даму мәселелері мен келешегі
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
46
ортада оңай ыдырайтын өнімге алмастыру арқылы кезеңмен шектеу бойынша
мәселе қарастырылып жатыр.
ҚТҚ бөлек жинауды сәтті ендірудегі маңызды рөлді халықтың
экологиялық санасы мен мәдениеті атқарады. Контейнерлерді орнату бойынша
жүргізіліп жатқан іс-шараларға және түсіндіру және басқа ақпараттық
жұмыстарды өткізуге қарамастан, бүгінгі күні өндірістің және тұтынудың жоғары
деңгейі кезінде халықтың экологиялық мәдениеті, қоршаған ортаға ұқыпты қарау
мәдениеті жоғары емес деңгейде қалып отыр.
Қалдықтарды бөлек жинау ендіріліп жатқан аймақтарда хаылқты бөлек
жинауға үгіттеу, ақпараттық жұмыс белсенді атқарылып жатыр. Мысалы,
Қарағанды қаласындағы «ГорКомТранс города Караганды» ЖШС «құрғақ»
қалдықтарды бөлек жинау, халықпен 1,5 жыл белсенді жұмыс нәтижесінде 1 млн.
АҚШ доллардан астам сомаға қайталама шикізат сатты.
2017 жылдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында қалдықтарды
сұрыптайтын және қайта өңдейтін, өнімнің 20-дан астам түрін: пластик, металл,
ағаш, шыны, қағаз, резеңке қиқым бұйымдарын және резеңкетехникалық
бұйымдарды шығаратын 130 астам кәсіпорын қызмет етеді. Кәсіпорындар
санының артуы байқалады, мысалы 2016 жылы шиналарды қайта өңдейтін және
кәдеге жарататын кәсіпорындар саны 5-тен 13-ке, пайдаланылған майларды 2-ден
8-ге дейін артты. 2017 жылдан бастап ӨКМ орамаға және ЭЖ енгізілгенін ескере
отырып, оларды қайта өңдейтін кәсіпорындардың артуы күтіледі.
Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнаманы жетілдіру, ӨКМ енгізу,
Жол карталарын жүзеге асыру бөліміндегі іске асырылған шаралар қалдықтарды
бөлек жинауды, сұрыптауды және қайта өңдеуді кезеңмен ендіруге және 2017
жылы ҚТҚ қайта өңдеу үлесін 2016 жылдағы 2,6%-дан 9%-ға дейін жеткізуге
мүмкіндік берді.
Тұжырымдама мақсаттарына жету, 2019 жылдан бастап полигондарда
қалдықтардың кейбір түрлерін, соның ішінде тамақ қалдықтарын көмуге тыйым
салуды қарастыратын экологиялық заңнама нормаларын жүзеге асыру бойынша
шараларды қабылдау, Жол карталарының шараларын жүзеге асыру мақсатында
аймақтарда келесідей жұмыстар атқарылып жатыр.
Ақмола облысында 2016 жылы 281,5 мың тонна ҚТҚ түзілді, 2017 жылы –
234,0 мың тонна. 2016 жылы ҚТҚ 1,02%- сұрыпталды, 2017 жылы– 2,11%.
Бөлек жинауды 2 кәсіпорын жүзеге асырады: «LS Kokshetau» және
«ЭкоСервисБурабай» ЖШС. Көкшетау қаласында «LS Kokshetau» ЖШС 35
металды жабық контейнер орнатылды, қайталама шикізаттың барлық түрін
қабылдайтын екі қабылдау бекеті құрылды. 2017 жылы сұрыпталған қайталама
шикізат көлемі 2,0 мың тоннаны құрады.
Шучье қаласында және Бурабай ауылында «ЭкоСервисБурабай» ЖШС ТҚҚ
бөлек жинау үшін 200 металды жабық және пластикалық және шыны ыдысты
жинау үшін 30 торлы контейнер орнатты. 2017 жылы сұрыпталған қайталама
шикізат көлемі 2,9 мың тоннаны құрады. Аршалы ауданында қалдықтарды (қағаз,
шыны, пластик) бөлек жинау үшін 4, Целиноград ауданында – 21 (қағаз, шыны,
пластик, металл сынығы) контейнер орнатылды.– 21 (бумага, стекло, пластик,
металлолом).
Қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының даму мәселелері мен келешегі
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
47
2017 жылы ӨКМ шеңберінде құрамында сынап бар шамдарды және
құрылғыларды жинау үшін 254 дана контейнер алынды және орнатылды.
2016 жылы Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылында ҚТҚ
және ауыл шаруашылық өндірісі қалдықтарын «жасыл» энергия және тыңайтқыш
алу арқылы қайта өңдеу бойынша зауыт құрылысы басталды. Жоба шетел
инвесторы
есебінен,
Қазақстан-Германдық
«Econep»
кәсіпорнының
сүйемелдеуімен бірлесе жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні ауданы 10 га жер учаскесі
рәсімделді, қазақстандық және герман тараптары арасында инвестициялық
келісімшартқа қол қойылды, ЖСҚ әзірленіп жатыр. Жоба құны – 13,2 млн. теңге.
Инвестор - «Wsk eco gmbh» (Германия). Кешен биогаз кондырғысынан,
органикалық қалдықтар қайта өңдеу және сұрыптау желісі үшін алаңнан, компост
орналастыру үшін аумақтан тұратын болады. Жоба қуаты – жылына 60 мың
тонна.
Көкшетау қаласында қуаты жылына 60 мың тонна сұрыптау желісі және
қайталама шикізат үшін қойма бар жаңа ҚТҚ полигонының құрылысы
жоспарланып отыр. Облыс әкімдігімен ауданы 40,0 га. жер учаскесі бөлінді.
Жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Полигон аумағында қалдықтарды қайта
өңдеу бойынша цех құрылысы үшін 6,0 га учаске қарастырылды. Құрылыстың
болжамдық құны – 2,2 млрд. теңге. Объектінің құрылысын бастау – 2020 жылдға
жоспарланып отыр.
Ақтөбе облысында 2016 жылы түзілген ҚТҚ көлемі 348,0 мың тоннаны,
2017 жылы – 300,0 мың тоннаны құрады, оның қайта өңдеу (сұрыптауды қоса
алғанда) 2016 жылы 1,5%-ды, 2017 жылы – 3,51%-ды құрады.
Облыста ҚҚ жинайтын, сұрыптайтын, қайта өңдейтін 16 кәсіпорын қызмет
етеді. Ақтөбе қаласында 2016 жылы 234 евроконтейнер, 1 063 стандартты
контейнер, пластикті, қағазды және шыныны бөлек жинау үшін 88 дана 3-
секциялы урна, пластикті жинау үшін 409 торлы контейнер орнатылды. 2017
жылы макулатураны жинау үшін 33, пластик ыдысты бөлек жинау үшін 409
торлы контейнер, ӨКМ шеңберінде халықтан құрамында сынап бар шамдарды
және құрылғыларды жинау үшін 133 контейнер орнатылды.
Облыстың ауылдық елді мекендерінде бөлек жинау кезеңмен ендіріліп
жатыр.Шұбарқұдық ауылында пластик және картон қалдықтарын үшін
контейнерлер орнатылды. Алға қаласында 2016 жылы 600,0 мың теңге сомасына
36 урна, 32 қоқыс контейнерлер орнатылды.
Ақтөбе қаласында 2017 жылғы мамырда «Союз Гранд» ЖШС қуаты
жылына 200 мың тонна қоқыс сұрыптайтын кешені іске қосылды. Инвестициялар
көлемі 500,0 млн. теңгені құрады. Кешен Ақтөбе қаласының ҚТҚ қабылдауды
және сұрыптауды жүзеге асырады, бұл облыс бойынша ҚТҚ көлемінің 40%-ға
көлемін құрайды. Сұрыпталған қайталама шикізат (пластик, қағаз, шыны және
металл) қайта өңдеу үшін өзге ұйымдарға беріледі. Сұрыпталған пластик және
полиэтилен қалдықтары «Тенуса» ЖШС-не кәріздік люктерді өндіру үшін
жолданады.
Ақтөбе облысының Ембі қаласында «Болат» ЖШС қалдықтардың пресс-
орамасымен, шыныны уақтау цехымен, қағаздан эковата дайындаумен, аула
Достарыңызбен бөлісу: |