Қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының даму мәселелері мен келешегі
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
50
мәселелер пысықталуда. ҚТҚ бөлек жинау үшін кәсіпорындарды тарту бойынша
жұмыстар жүргізілуде.
2016 жылғы мамырда «Хазипов» ЖК қуаты жылына 100 мың тонна бар
қоқыс сұрыптайтын желі іске қосылды. Қағаз, шыны, полиэтилен, металл
сұрыпталады.
Өскемен және Семей қалаларында қоқысты қайта өңдеу зауыттарының
құрылысы мәселесі пысықталуда. Өскемен қаласы үшін ҚТҚ полигонның және
қоқыс қайта өңдеу зауытының құрылысы үшін жер учаскесі (30 га) бөлінді.
Жамбыл облысында 2016 жылы ҚТҚ түзілу көлемі 60,2 мың тоннаны, 2017
жылы – 74,9 тоннаны құрады. Қайта өңдеу үлесі (сұрыптауды қоса алғанда) 2016
жылы 0,6%-ды, 2017 жылы – 3,47%-ды құрады.
Облыста ҚТҚ бөлек жинау кезеңмен ендіріліп жатыр. Тараз қаласында «Eco
Control» ЖШС полиэтилен, пластик, шыны қалдықтарын бөлек жинау үшін 250
торлы контейнер орнатты, тағы 350 ұқсас контейнер орнату жоспарланып отыр.
Құрамында сынап бар шамдар мен жабдықтарды жинау және демеркуризациялау
бойынша «Алди и К» ЖШС кәсіпорны құрылды. 2017 жылы ӨКМ шеңберінде
құрамында сынап бар шамдар мен жабдықтарды бөлек жинау үшін 106 контейнер
орнатылды, оның 30-ы – Тараз қаласында.
Тараз қаласында пластмасса, қағаз, пайдаланылған майлар, электр
жабдықтары қалдықтарын қайта өңдеу бойынша 7 кәсіпорын қызмет етеді
(«Шахристан» ЖК, «Долина» ЖК, «Хастал оглы П.М.» ЖК и «Таразтехноресурс»
ЖШС). Облыстың Байзақ ауданында «Алди и К» ЖШС медициналық
қалдықтарды, құрамында сынап бар шамдарды кәдеге жаратуды, макулатура,
шыны және полиэтилен қалдықтарын жинауды жүзеге асырады.
Тараз қаласында «SaTa Элит Азия» компаниясы қалалық ҚТҚ полигоны
аумағында қайталама шикізат прессі бар сұрыптау станциясын орнату бойынша
жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруда. ПЭТ қалдықтарды одан әрі қайта
өңдеу үшін қайталама шикізатты уақтау бойынша зауыт құрылысы жоспарланып
отыр. Болжамды инвестициялар көлему 79,0 млн. теңгені құрайды. Бүгінгі күні
объект құрылысы үшін қалалық ҚТҚ полигоны аумағында ауданы 3 га жер
учаскесін жалға алу мәселелесі шешілуде.
Тараз қаласы әкімдігі және VecoPolyEnergy польшалық компаниясы
арасында «Redwave Waste GmbH» (Германия) компаниясының неміс
технологиялары бойынша ҚТҚ кешенді қайта өңдеу зауытының құрылысы
туралы келісім жасалды. Жобада, бұған дейін полигондар мен қоқыс
үйінділерінде көмілген ҚТҚ биогаз алу арқылы қайта өңдеу. Зауыттың жобалық
қуаты жылына 150 мың тонна, қалдықтарды сұрыптау тереңдігі 98%.
Инвесторлар – «QKB» банкі (Австрия), «Invest Corporation OPIC» (АҚШ).
Батыс Қазақстан облысында 2016 жылы 108,9 мың тонна ҚТҚ, 2017
жылы – 105,0 мың тонна түзілді, оның 2016 жылы 1,6%-ы, 2017 жылы – 2,17%.
ҚТҚ бөлек жинау кезеңмен ендіріліп жатыр. Қалаларда және аудан
орталықтарында пластикті, картонды, қағазды, шиналарды қабылдау бекеттері
ұйымдастырылған.
Орал қаласы бойынша «Гамма Реал» ЖШС пластик бөтелкелерді жинау
үшін 767 контейнер, облыстың 12 ауданында – қалдықтарды бөлек жинау үшін