Қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының даму мәселелері мен келешегі
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
48
сыпытқылары цехымен қоқыс сұрыптайтын желіні орнату бойынша жұмыстар
басталды.
2017 жылы облыс әкімдігі 73,78 млн. теңге сомасына тазарту
ғимараттарының кешенін жаңғыртудың ТЭН-ін әзірлеу аяқтады. 2018 жылы ЖСҚ
әзірлеу қарастырылады. Жоба биогаз алу үшін анаэробты қайта өңдеудің
биологиялық жүйесін пайдалану арқылы кәріздік тазарту ғимараттарында
метантенктерді салуды қарастырады.Объектінің құрылысын бастау мерзімі –
2019-2020 жылдар. Болжамды инвестициялар көлемі – 16,9 млрд теңге.
Алматы обласындатүзілген ҚТҚ көлемі 641,5 мың тоннаны, 2017 жылы –
629,0 мың тоннаны құрады. Қайта өңдеу үлесі (сұрыптауды қоса алғанда) 2016
жылы 2,15%, 2017 жылы – 24,77%-ды құрады.
ҚТҚ жинау, сұрыптау және қайта өңдеу бойынша қызметін жүзеге
асыратын 8 кәсіпорын қызмет етеді. Талдықорған қаласында макулатура-тоқыма,
пластик-шыны, басқа қалдықтар 3 фракциясы бойынша ҚТҚ бөлек жинауды
ендіру бойынша жұмыс жүргізілуде. ҚТҚ бөлек жинау үшін контейнерлері
бюджеттік ұйымдар, ірі сауда орталықтарын қоса алғанда, 25 контейнер
алаңдарында 100 контейнер орнатылды. 2017 жылы ӨКМ шеңберінде құрамында
сынап бар шамдарды жинау үшін орнатылды.
2015 жылдан бастап Талдықорған қаласында қатты және сұйық
қалдықтарды қайта өңдеу бойынша бірлескен қазақстандық-түркиялық
«ЭкосервисАрман» ЖШС қызмет етеді. Кәсіпорынның жобалық қуаты – тәулігіне
50 тонна (резеңке, пластик, пайдаланылған майлап, шиналар).
2016 жылы Талдықорған қаласында «Adal Damu Capital» ЖШС қуаты
жылына 120 мың тонна
қоқыс сұрыптайтын станция,
сондай-ақ қайталама шикізат
өндіру цехы іске қосты. 2018 жылы ҚТҚ органикалық фракцияларын қайта өңдеу
бойынга биогазды кешеннің құрылысы жоспарланып отыр. Құрылыс мерзімі – 18
ай. Өндіріс қуаты тәулігіне 5,0 мың м
3
дейін. Бұдан кейін органикалық
қалдықтардан биогумус өндірісі үшін вермифабрика құрылысы жоспарланып
отыр. Кешен құрылысы үшін ауданы 3,5 гектар жер телімі бөлінді.
Іле ауданы Өтеген батыр ауылында ҚТҚ полигонының аумағында 2017
жылы ауданы 2 га қоқыс сұрыптау станциясының құрылысы аяқталды.
Проектная мощность – 200,0 тыс. тонн в год. Жобалық қуаты – жылына 200,0 мың
тонна. Инвестициялар көлемі – 180 млн. теңге. Инвестор «Таза ЖерМПК» ЖШС.
Панфилов ауданының Жаркент қаласында 2017 жылғы мамырда «МПК
Аулет» ЖШС қуаттылығы жылына 10 мың тонна сұрыптау желісі бар пиролиз
әдісімен ҚТҚ өңдеу зауыты іске қосты. Инвестициялар көлемі –
150 млн.теңге.
Бұдан басқа, Алматы облысында шыны ыдысты өндіру арқылы шыныны
қайта өңдеу бойынша 2 кәсіпорын («САФ» ЖШС, «Алматы стекло» ЖШС),
аккумулятор өндіру арқылы пайдаланылған аккумуляторларды қайта өңдеу
бойынша 1 кәсіпорын («Кайнар АКБ» ЖШС), картон және қағаз өнімдерін алу
арқылы қағаз өнімдерін қайта өңдеу бойынша 1 кәсіпорын («Kagazy Recycling»
ЖШС, «Нұр Қағазы» ЖШС), сондай-ақ ПЭТ-түйіршік, ПЭТ-флекс, ПЭТ
ленталар және басқа бұйымдар алу арқылы пластик қалдықтарын қайта өңдеу
бойынша