бар болса, білімі туралы құжаттың көшірмесін (аттестат, куәлік, диплом) және/
немесе оқу курстарынан өткенін растайтын басқа да құжаттарды (куәлік, сертификат)
қоса береді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына
қажеттілігін ескере отырып, өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың
құрамына қосу туралы шешім қабылдайды және оларды іске асырылып жатқан
инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына жұмысқа
орналасу үшін жібереді.
13) Бағдарламаға қатысушылар мен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға
қатысатын жұмыс берушілер туралы мәліметтер әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай
ақпараттық жүйесінде орналастырылады.
5.4. Төртінші бағыт: "Жастар – ел тірегі" жалпыұлттық жобасының кешенді
іс-шараларын іске асыру
Бағдарламаның төртінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
1) "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында
сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлау";
2) "Жас кәсіпкер" жобасы шеңберінде жастар кәсіпкерлігін дамыту.
Кадрлар даярлау, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
және кәсіпкерлікпен айналысуға тарту арқылы NEET санатындағы жастардың
экономикалық белсенділігін арттыру мақсатында аудандарда аудандық комиссияның
шешімімен мобильді топтар құрылатын болады.
Мобильді топтардың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) жастар кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау үшін үміткерлердің тізімін
қалыптастыру;
2) түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
3) коучинг жүргізу;
4) психологиялық қолдау көрсету;
5) кәсіптік бағдарлау тестін өткізу.
Мобильді топтардың құрамына білім беру, халықты жұмыспен қамту, кәсіпкерлік
саласындағы жергілікті атқарушы органдардың, өңірлік кәсіпкерлік палатасының,
жастарды қолдау орталықтарының өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс жөніндегі
ассистенттер қатысады.
Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген NEET санатындағы жастардың тізбесі
аудандық комиссияның шешімімен бекітіледі және халықты жұмыспен қамту
орталықтарына жіберіледі.
5.4.1. "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек
нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті мамандар даярлау"
Елдің экономикасы мен өнеркәсіпті дамыту білімі мен алдыңғы қатарлы
технологиялар бойынша және заманауи жабдықта жұмыс істеу дағдысы бар жоғары
білікті мамандарды талап етеді.
Білім беру ұйымдарында осындай технологиялар мен жабдықтардың болуы
бәсекеге қабілетті мамандарды оқытуға және шығаруға мүмкіндік береді. Білім беру
ұйымдарының өзекті проблемаларының бірі ағымдағы өндірістің талабына сәйкес
келмейтін ескірген оқу жабдықтары, сондай-ақ түлектер біліктілігінің халықаралық
стандарттарға сәйкес келмеуі болып табылады.
"Жас маман" жобасы оқу жабдықтарын жаңғыртуға және халықаралық салалық
стандарттар бойынша жоғары білікті мамандарды дайындауға жәрдемдеседі.
Жобаны іске асыру 2019 – 2021 жылдар аралығында жүреді.
"Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Жас маман" жобасы
операторының функцияларын жүзеге асырады.
100 сұранысқа ие және перспективалық кәсіптердің тізбесін өңірлер бөлісінде
олардың дамуын ескере отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті орган айқындайды.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган колледждерді, ЖОО-ларды, жабдықтарды,
оның ішінде кадрларды даярлау бейініне сәйкес шетелдік әріптестерді іріктеу үшін
мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар, жұмыс берушілер, салалық
қауымдастықтар және басқа да тараптар мамандарының қатарынан "Жас маман"
жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құрады.
Колледждер үшін жабдықтарды сатып алу республикалық бюджеттің есебінен,
ЖОО-лар үшін лизинг тетігі арқылы немесе ЖОО-лардың өз қаражаты есебінен жүзеге
асырылады.
Колледждер мен жоғары оқу орындарын, шетелдік әріптестерді, ұсынылатын
жабдықтардың тізбесін іріктеу шарттары мен тетіктері, "Жас маман" жобасын іске
асыруды қаржыландыру мен мониторингілеу мерзімдері "100/200" қағидаты бойынша "
Жас маман" жобасы шеңберінде білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін
Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік
оқытуды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша кадрлар
даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды
ұйымдастыру және қаржыландыру, еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар
даярлау, сондай-ақ колледждер мен ЖОО-ларда кәсіпкерлік негіздеріне оқыту
қағидаларында айқындалады.
Ерікті әлеуметтік бағдарланған, қоғамдық пайдалы қызметке тартылған жоғары оқу
орындары студенттерінің үлесін арттыру
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесінде әлеуметтік студенттік кредит
беру түрінде материалдық көтермелеу арқылы студенттерді қоғамдық пайдалы
қызметке тарту.
Қоғамдық пайдалы қызмет балалар үйлерінде, арнайы мектептерде,
медициналық-әлеуметтік мекемелерде, жастарға қызмет көрсету орталықтарында,
жастар сарайларында, қарттар үйлерінде, емханаларда, ЖОО-ларда, мектептерде,
колледждер мен басқа ұйымдарда жүзеге асырылатын болады.
Әлеуметтік студенттік кредит білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын
тәртіппен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесінде әлеуметтік бағытталған,
қоғамдық пайдалы қызметті жүзеге асыратын студенттерге мынадай түрлері бойынша
беріледі:
1) инклюзивті білім беру;
2) репетиторлық (қазақ тілі, ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылық);
3) девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмаған балалармен жұмыс;
4) аула және спорт клубтарын ұйымдастыру;
5) балалармен, қарт адамдармен және мүгедектермен әлеуметтік жұмыс;
Достарыңызбен бөлісу: |