Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет23/36
Дата30.12.2019
өлшемі0,51 Mb.
#25492
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36

      Отбасыға жылына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге 
ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге есептелген сома шегінде меншікке тұрғын үйді
сатып алу үшін біржолғы төлем алдын ала сату-сатып алу шарты болған кезде жүзеге 
асырылады.
      Егер қабылдау өңірлерінде сатып алынатын тұрғын үйдің құны:
            1)  біржолғы  төлем  мөлшерінен  төмен  болса,  сомалар  айырмасы  Бағдарламаға 
қатысушыда қалады;
            2)  біржолғы  төлемнің  мөлшерінен  жоғары  болса,  құнының  айырмасын 
Бағдарламаға қатысушы өзінің ақшалай қаражаты есебінен өтейді.
            Өңіраралық  қоныс  аударуға  жәрдем  көрсететін  жұмыс  беруші  кемінде  бес 
Бағдарламаға  қатысушыны  жұмысқа  орналастыратын  болса,  оған  кемінде  үш  жыл 
мерзімге  тұрақты  жұмыс  орнына  қабылданған  әрбір  жұмыскер  үшін  450  АЕК 
мөлшерінде субсидия беріледі.
            Халықты  жұмыспен  қамту  орталығы,  қатысушы  және  жұмыс  беруші  арасында 
үшжақты әлеуметтік келісімшарт жасалады, онда жұмыс берушінің жұмыскердің көшуі
бойынша  шығыстарды  өтеуі,  жаңа  тұрғылықты  жерде  орнығуына  жәрдемақы  беруі, 
жұмыскерге  қызметтік  тұрғын  үй  беру  немесе  тұрғын  үйді  жалдау  бойынша 
шығыстарын  өтеуі,  жұмыскердің  тұрғын  үй  сатып  алуға  шығыстарын  ішінара  өтеуі, 
жұмыскердің  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарының  қызметіне  ақы  төлеу 
шығыстарын толықтай немесе ішінара өтеуі бойынша міндеттемелері көзделеді.
            Жұмыс  берушілер  қоныс  аударушылар  мен  оралмандарға  қолдау  көрсетудің 
қосымша шараларын белгілей алады, олар әлеуметтік келісімшартта көрсетіледі.
            Әлеуметтік  келісімшарт  талаптарының  орындалуын  халықты  жұмыспен  қамту 
орталығы бақылайды.


      Жұмыс берушіге субсидия берілген кезде Бағдарламаға қатысушыға көшуге және 
тұрғын үй жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар төленбейді.
            Жұмыс  берушілердің  және  ерікті  түрде  өңіраралық  қоныс  аударуға  қатысқысы 
келетін  адамдардың  Бағдарламаға  қатысу,  мемлекеттік  қолдауды  ұйымдастыру, 
қаржыландыру  және  оны  алу  тәртібі  халықты  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі 
уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті 
түрде қоныс аудару қағидаларында айқындалады.
      Шығу өңірінде тұрақты тіркелген, кемінде бір жыл тұрған және өңіраралық ерікті 
түрде  қоныс  аударуға  қатысқысы  келетін  Қазақстан  Республикасының  азаматтары 
қатарындағы үміткерлер шығу өңірлерінің тұрғылықты тұратын жерлеріндегі халықты 
жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.
      Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлерге Бағдарламаға қатысу тәртібі 
мен  шарттары  туралы  және  мемлекеттік  қолдау  шараларын  көрсету  туралы 
консультациялар береді.
      Шығу өңірінде тұратын үміткерлер халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі 
уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті 
қоныс  аударуы  қағидаларына  сәйкес  нысан  бойынша  халықты  жұмыспен  қамту 
орталығына өтініш береді және құжаттарды қоса береді.
            Шығу  өңірінің  халықты  жұмыспен  қамту  орталықтары  5  жұмыс  күні  ішінде 
Бағдарламаға  қатысушылардың  құрамына  қосу  туралы  ұсынысты  отбасы  құрамын, 
білімі,  кәсібі,  мамандығы  туралы  мәліметтерді  көрсете  отырып,  халықты  жұмыспен 
қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жинақтау үшін жібереді.
      Шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы 
қабылдау  өңірлерінің  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі  жергілікті  органына 
үміткерлердің жиынтық тізімін жолдайды.
            Қабылдау  өңірінің  халықты  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі  жергілікті 
органы  өңірлік  комиссияның  отырысында  үміткерлердің  тізімін  қарайды  және 


қоныстандыру үшін елді мекенді көрсете отырып, өңірлік квотаға қабылдау туралы не 
бас тарту себебін негіздей отырып, бас тарту туралы шешім шығарады.
            Қабылдау  өңірінің  халықты  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі  жергілікті 
органы  шешім  шығарылғаннан  кейін  3  жұмыс  күні  ішінде  шығу  өңірінің  халықты 
жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі  тиісті  жергілікті  органына  өңірлік  комиссия 
шешімінің көшірмесін жібереді.
      Шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы 5 
жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы өтініш берушілерді 
хабардар  етеді  және  қабылдау  өңірінің  өңірлік  комиссиясы  шешімінің  көшірмесін 
ұсынады.
      Үміткерде бірнеше қабылдау өңірінен өңірлік квотаға қосу туралы оң қорытынды 
болған жағдайда үміткер қабылдау өңірінің бірін өз бетінше таңдайды.
      Үміткердің таңдауы туралы қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі тиісті жергілікті органдары 3 жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
      Үміткерлер көшуді өздері жүзеге асырады.
            Оралмандарды  қабылдаудың  өңірлік  квотасына  енгізілген  оралмандар 
оралмандарды  қабылдаудың  өңірлік  квотасына  қосу  жөніндегі  комиссияның 
шешімімен қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді.
            Үміткерлер  көрсетілген  елді  мекендерге  келген  соң  қабылдау  өңірінің  халықты 
жұмыспен қамту орталықтары өз бетінше келгендерге Бағдарламаға қатысу тәртібі мен 
шарттары және мемлекеттік қолдау шаралары туралы консультациялар береді.
            Бағдарламаға  қатысушылар  халықты  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі 
уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті 


жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау