116
5.2-сурет. Қызметтік тежелу кезіндегі ауа
таратқыштың әрекеті
(белгілерді 5.1-суреттің жазбаларында қараңыз)
Қ ы з м е т т і к т е ж е л у ( 5.2-сурет). Тежеу магистралін бәсеңдеткен
кезде қызметтік тежеудің 0,3 кгс/см
2
және одан доғары қарқынмен ауа
бөлгіштің магисральді камерасындағы қысым құлайды.Қосымша
сұйыққоманың ЗР тарапынан үлкен қысыммен магистральді поршень
қақпақ жағына жылжиды, өзінің тығыздандыру сақинасымен ЗР1
саңылауын жабады және қосымша сұйыққоманы тежеу магистралімен
ажыратады. Поршенмен бірге айырғыш бөліп таратқыш та жылжиды,
ол қосымша бәсеңдету камерасын атмосферамен ажыратады, оны
магистральді камерамен байланыстырады және басты бөліп
таратқыштың жоғарғы айнасында ЗР4 каналын ашады. Магистральдік
камераның қосымша камераға М2, К1 камералары және бөліп
таратқыш ойықтары бойынша 0,2 кгс/см
2
қосымша бәсеңдетуі орын
алады. Магистральді камераның шұғыл қосымша бәсеңдеуіне қарай
117
магистральді поршень тағы да қақпақ жаққа жылжиды және бас бөліп
таратқышты ЗР4 каналы тежеуіш цилиндрінің Т1 каналымен сәйкес
келетіндей жылжытады. Тежеуіш магистралінің
бас бөліп таратқышпен
қосымша бәсеңдетілуі тоқтатылады.
Сығылған ауа қосымша сұйыққоймадан ЗР3, ЗР4, Т1 каналдары
бойынша тежеуіш цилиндрге келіп түседі. Магистральді поршень
айырғыш бөліп таратқышпен ЗР4 каналын, қосымша сұйыққойма
тежеуіш цилиндрге тежеу магистралінің бәсеңдету қарқынына тең
болатындай ашады. Тежелудің қажетті сатысын ала отырып,
машинист пойыздық кранның тұтқасын қайта жабу қалпына
ауыстырады және тежеумагистралінің бәсеңдетуін тоқтатады.
Қосымша сұйыққойма, тежеумагистраліндегі қысымға қарағанда
0,1...0,2 кгс/см
2
төмен қысымға дейін бәсеңдейді, магистральді
поршень айырғыш бөліп таратқышпен бірге тежеуіш цилиндрінің
жағына жылжиды және қосымшарезервуардың тежеуіш цилиндрге
бәсеңдетуін тоқтатады, себебі бас бөліп таратқыштың жоғарғы
айнасындағы ЗР4 каналы жабылатын болады. Тежеу магистралінің
қайталай бәсеңдетуінде магистральді поршень тежеуіш қалыпқа тек
айырғыш бөліп таратқышты ғана жылжытады және қосымша
сұйыққойманы тежеуіш цилиндрге тежеумагистралінің қысымына тең
мәнге дейін бәсеңдетеді. Осыдан кейін поршень тағы да қайта жабу
қалпына ауысады. Себебі қызметтік тежелу сатылары пайда болады.
Тежелу, қосымша сұйыққоймадағы және тежелу цилиндріндегі
қысымның мәні теңескенше сатылап жалғаса алады. Тежеуіш
цилиндрдегі қысым тежеуіш цилиндрдің диаметріне және тежеуіш
цилиндрі поршенінің жүріс ұзындығына, яғни соңғысының көлеміне
байланысты болады.
Қайта жабу қалпында ауа таратқыш ТЦ кеткен жылыстауларды
толықтырмайды.
Б о с а т у . Тежеу
магистраліндегі
қысым
қосымша
сұйыққоймадағыға қарағанда 0,2...0,3 кгс/см
2
жоғары көтерілген кезде,
магистральді поршень босату қалпына жылжиды. Бөліп таратушылар
қосымша бәсеңдету камерасын және тежеуіш цилиндрін атмосферамен
байланыстырады. Тежеуіш цилиндріндегі ауа атмосфераға ауыстырып
қосу тығыны арқылы шығады, яғни, тежеуіш цилиндрінен ауаның
шығу уақыты ауабөлгіштің жұмыс режиміне байланысты болады. К
режимінде (5.1-суретті қара) өту каналдары кеңірек болады, сол
себептен тежеуіш цилиндрі Д және УВ режимдеріне қарағанда
жылдамырақ босайды (К режимінде 9.12 с ішінде, Д және УВ
режимдерінде 19.24 с ішінде). Қосымша сұйыққойманы және бөліп
тарату камерасын зарядтау босатумен бірге болады.
Ш ұ ғ ы л т е ж е у (5.3-сурет). Тежеу магистраліндегі қысым шұғыл
тежеу қарқынымен шұғыл төмендеген кезде, магистральді поршень
тежеу қалпына төсемеге тірелгенше, буферлік құрылғының 2
серіппесін қыса және буферлік өзекшені батыра отырып жылдам
ауысады. Дәл осылай жылдам бас бөліп таратушы да лақтырылады.