Еңбек нарығы және оның Әлеуметтік мәселелері б. К. Сагинова



жүктеу 156,36 Kb.
Pdf просмотр
Дата28.12.2019
өлшемі156,36 Kb.
#25348


ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Б.К.Сагинова  

г.Уральск 

 

Нарықтық  жағдаят  жұмыс  күшінің  бағасына  және  құнына  әр  түрлі  ықпал  жасайды.  Ол  еңбектің 

бағасына тікелей сипатта әсер етсе, жұмыс күшінің құнына жанама түрде, яғни жалданушы қызметкердің 

тұтынатын тауар және қызметтерінің баға қозғалысы арқылы ықпал етеді. 

Баға өндіріс салаларының дамуының басты бағдары болып саналады, сонымен қатар, тауарлар мен 

қызметтерді  тұтынушы  мен  сатушы  арасында,  жұмыс  беруші  мен  жалданушы  жұмыскер  арасындағы 

қарым  қатынастарда  дәл  сол  функцияны  орындайды.  Жалданушы  қызметкерлер  жұмыс  орындарын 

олардың «бағасына» қарап таңдайды. Қызметкерлер өзінің жұмыс күшін, сол жұмыс күшіне неғұрлым мол 

ақы (баға) төлейтін жұмыс берушіге сатуға құқы бар. Егер  қызметкерлердің едәуір бөлігі бір уақытта өз 

жұмысын жоғары ақы төленетін басқа жұмысқа ауыстырғысы келген жағдайда, жұмыс берушілер оларды 

жалақы деңгейін арттыру арқылы өз кәсіпорынына тартып ала алады. Жалпы, біліктілік деңгейі жоғары 

қызметкерлер мол салаларда   жалақы деңгейі (еңбек бағасы) төмен болады. Яғни, сұраныс пен ұсыныс 

тауарлар, қызметтер және капитал нарығындағы қалай әсер ететін болса, жұмыс күші нарығында да дәл 

солай әсер ете алады. 

Еңбек  нарығы  нарықтық  сегменттің  ерекше  түрі  болып  саналады.  Еңбек  нарығының  құрамды 

элементі ретінде психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік, мәдени, діни, саяси қасиеттерге ие адамдар 

танылады. Бұл ерекшеліктер адамдардың қызығушылығына, мотивациясына, еңбек ету дәрежесіне және 

еңбек нарығындағы жағдайға ықпал етеді. 

Еңбек  нарығы  дегеніміз  жұмыс  күшін  тауар  ретінде  сату,  сатып  алу  туралы  экономикалық 

қатынастар  жүйесі.  Еңбек  нарығында  кәсіпкерлер  мен  еңбекке  қабілетті  адамдар  арасында  белгілі  бір 

қарым-қатынастар  орнатылады.  Сондықтан  еңбек  нарығы,  бұл  сұраныс  пен  ұсыныс  механизмі  арқылы 

белгілі  бір  жұмысбастылық  көлемі  мен  еңбек  ақы  деңгейі  анықталатын,  экономикалық  агенттер 

арасындағы  бәсеке  нәтижесінде  қалыптасқан  экономикалық  орта.  Жүйелік  тәсіл  тұрғысынан 

қарастырғанда,  еңбек  нарығы  -  жүйелер,  сегменттер,  секторлар  және  әр  түрлі  ішкі  және  сыртқы 

байланыстардан  тұратын,  қоғамдық  қатынастардың  күрделі  жүйесі  ретінде  қарастырылады.  Сонымен 

бірге, еңбек нарығы, интеграцияланған  немесе біртұтас өндірістік ресурстар нарығының қосалқы жүйесі 

болып  саналады.  Басқалай  өндірістік  ресурстарға  (құрал  жабдықтар,  жер  т.б.)  қарағанда    еңбек  өзгеше 

ресурс – өйткені ол сақтау заты бола алмайды, ол өндірістің субъективті секторларымен, қызметкерлердің 

құнды жеке сипаттамаларымен тығыз байланысты. 

Өндірістік  ресурстар  нарығында  еңбек  нарығы  ерекше,  айқын  орын  алады,  өйткені  еңбек 

нарығынсыз  өндіріс  үдерісі  болмайды,  ал  қоғам  адамдардың  еңбек  қызметінен  тыс  дұрыс  жұмыс  істей 

алмайды 


Еңбек нарығы - экономика жағдайын көрсетудің айнасы. Ол тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі 

мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша деңгейін, кәсіби-біліктілік, демографиялық және басқа 

да көрсеткіштердің құрылымын байқатады. 

Еңбек нарығының атқаратын қызметтері қоғамдағы еңбектің ролімен анықталады: 

Әлеуметтік  қызметі  –  адамдардың  қалыпты  табыс  деңгейі  мен  қолайлы  жағдайын  қамтамасыз 

етумен сипатталады. 

Экономикалық қызметі – адамдардың еңбегін тиімді пайдалану, бөлу, реттеумен сипатталады. 

Ынталандыру қызметі – еңбек нарығына қатысушылар арасында бәсеке қабілеттілікті ынталандыру, 

жоғары тиімді еңбекке қызығушылығын арттыру, адамдардың біліктілігін жоғарылатумен сипатталады. 

Еңбек нарығының құрылымында бірнеше сегменттер бөлінеді: 

 

жоғары біліктілігі бар басқару жұмысшыларының тұрақты саны; 



 

кадрлық жоғары білікті жұмысшылар және қызметкерлер; 

 

құрылымдық өзгерістерге бейімделген өнеркәсіп салаларының жұмысшылары; 



 

қызметтер саласын қамтитын еңбек өнімділігінің төмен деңгейімен ерекшеленетін ауқымды еңбек 

ететін жұмысшылар; 

 

жұмысшылардың қорғалмаған категориялары: жастар, қарт адамдар, жұмыс табудан үмітін үзген 



адамдар. 

Еңбек  нарығы  экономиканың  жағдайын,  жұмыссыздықтың  деңгейін,  адамдардың  кәсіби 

біліктілігін,  елдегі  демографиялық  көрсеткіштердің  құрылымын  көрсетеді.  Еңбек  нарығының 

ерекшеліктері: бірыңғай ұлттық нарық ретінде қалыптасуы, еңбекке жалдаудың ерекше көрсеткіші ретінде 

қалыптасуы.  Еңбектің  тікелей  әсер  етуі  арқылы  жоғарғы  біліктілікті  еңбектің  дәрежесі  көтеріледі,  әрбір 

жұмыс  орнының  бағасы  өседі,  жұмыскерге  және  оның  еңбегіне  талап  күшейеді.  Еңбек  нарығында  өте 

қабілетті  және  іскер  жұмыскерлерге  қатаң  әрі  қатал  таңдау  жүргізіледі,  нарық  еңбекке  қабілетсіздерді, 

жалқау, әлсіздерді ешқашан аямайды. Бұл жағдай еңбектің шапшаңдығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен 




бастамашылдықты  ынталандырады. Еңбек  нарығындағы  тепе-теңдік еңбекке деген  сұраныс  пен ұсыныс 

көмегімен бекітіледі. 

Еңбекке сұраныс келесі факторларға байланысты: 

 

еңбектің шекті өнімділігі; 



 

басқа өндіріс факторларының ұсынысы. 

Еңбек ұсынысына келесі факторлар ықпал етеді: 

1. 


 халықтың жалпы саны; 

2. 


жұмыс істейтін белсенді халықтың үлес салмағы және оның өзгерісі; 

3. 


әрбір жеке жұмысшының жұмыс істеу мерзімі; 

4. 


қызметкердердің кәсіби дайындығы және мамандық дәрежесі. 

Еңбектің сұранысы мен ұсынысына әсер ететін әлеуметтік факторларға  ұсынылған еңбектің сапасы 

және қызметкердің біліктілігі, әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі, білім беру жүйесінің дамуы, кәсіподақ 

қозғалысының дамуы, денсаулық сақтау жүйесінің дамуы  және еңбек жағдайының өзгерісі енеді. 

Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә. Назарбаев  2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауында ең 

бірінші  мәселе  ретінде  қазақстандықтардың  еңбекпен  толық  қамтылуы  мәселесін  қарастырған.  Ол 

оқытудың  тиімді  жүйесін  қалыптастыра  отырып,  адамдарды  жұмысқа  орналастыруға  көмектесу  және 

еңбек  ресурстарының  мобильділігін  арттыруға  негізделген.  Мұның  өзі  2020жылы  1,5  миллион  адамды  

сапалы еңбекпен қамтамасыз етуге ықпал ететіндігін атап көрсеткен.   

Экономиканың  жандану  және  өрлеу  кезеңдерінде,  жоғарғы  деңгейдегі  нарықтық  жағдаяттың 

қалыптасуына  байланысты,  жаңа  кәсіпорындар  ашылады,  бұрыннан  жұмыс  істейтін  кәсіпорындар 

ұлғаяды,  және  соның  салдарынан  жаңа  жұмыс  орындары  ашылады  да  жұмыс  күшіне  деген  сұраныс 

артады.  Мұның  нәтижесінде  еңбектің.  бағасы  неғұрлым  өседі  де  халықтың  әлеуметтік  жағдайы 

жақсарады. 

Oxford  Economics  институтының  көмегімен  Ernst&  Young    компаниясының    жүргізген  «Шапшаң 

ілгерілейтін  нарықтар  дамуын  болжау»    зерттеулері  негізінде,  Қазақстан  соңғы  онжылдықта 

экономиканың даму қарқыны  бойынша алғашқы үш мемлекеттің арасына енген. Мұның өзі Қазақстанда 

әлеуметтік экономикалық жағдайдың ең жоғарғы деңгейде екендігінің көрнекті дәлелі болып саналады. 



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.  Социальная модернизация – новая социальная политика (Из послания Президента Республики 

Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана от 28 января 2011 года.) Труд в Казахстане №3 2011 

2.  Социально – экономическая модернизация – главный вектор развития Казахстана (Из послания 

Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана  январь 2012 года.) 

3.  Рынок труда. Учебник/ Под редакцией В.С.Буланова М.: Издательство «Экзамен» 2010. 480с. 

4.  Рынок труда в Республике Казахстан в 2009-2011 годах: состояние и тенденции развития/ 

Труд в Казахстане №10 2011.  

5.   Баға және баға белгілеу. Оқулық/ Б.К. Сагинова  Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011  

 

 



жүктеу 156,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау