Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет10/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85

30
Делдалдық кəсіпкерлік өзара мəміле жасауға мүдделі тараптарды біріктіруге
бағытталған  қызметте  көрініс  табады. Осындай  қызмет  көрсеткені  үшін,
кəсіпкер пайда көреді.
Сақтандыру  кəсіпкерлігі — бұл  кəсіпкердің  тек  сақтандыру  оқиғасы  орын
алған  жағдайда  ғана  төлемшіге  қайтарылып  беретін  сақтандыру  жарналарын
алатын  қаржы  кəсіпкерлігінің  ерекше  түрі. Жарналардың  қалған  бөлігі
кəсіпкерлік табысты қалыптастырады.
Кəсіпкерліктің  барлық  түрлері  табыс  алуға  бағытталған  жəне  кəсіпкердің
экономикалық тəуекелінің əртүрлі дəрежесімен байланысты.
2.4. Шағын кəсіпкерлік
Шағын  кəсіпкерлік  сипаттамасы. Шағын  кəсіпорындар  еліміздің
əлеуметтік-экономикалық  жүйесінің  ажырамас  бөлігі  болып  табылады.
Біріншіден, олар  нарықтық  қатынастардың  тұрақтылығын  қолдауға  септігін
тигізеді, себебі  халықтың  басым  бөлігі  осы  қатынастар  жүйесіне
қатыстырылады (шетелдік  ғалымдардың  пікірі  бойынша, жүйе  тұрақтылығы
азаматтардың 20-30%-ы  өз  жеке  ісін  ашқан  кезде  мүмкін  болады). Екіншіден,
олар  нарық  жағдайында  қажетті  өндіріс  мобильділігін, маманданудың
тереңденуін жəне өндіріс  кооперациясының кеңінен дамуын қамтамасыз етеді,
онысыз  олардың  жоғары  тиімді  болуы  мүмкін  емес. Сарп  еткенде, бұл
шаруашылық  дамудың  қарқындылығына  жəне  ұлттық  экономиканың  өсуіне
алып  келеді. Үшіншіден, шағын  кəсіпорындардың  ірі  жəне  орта
кəсіпорындардың қызметіндегі рөлі үнемі өсіп келеді. Шағын кəсіпорындардың
еңбек қолданылатын аяларды кеңейту, халықтың жұмысқа орналасуы үшін ғана
емес, ең  алдымен  оның  кəсіпкерлік  қызметі  үшін  жаңа  мүмкіндіктер  тудыру
жəне бос өндірістік қуаттарды пайдалану қабілетінің маңызы зор.
Қызметкерлердің орташа саны келесі шекті деңгейлерден аспауы тиіс:
• өнеркəсіпте, құрылыс пен көлікте — 100 адам;
• ғылыми-техникалық салада — 60 адам;
• көтерме саудада — 50 адам;
• бөлшек саудада жəне халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуде — 30 адам;
• басқа салаларда жəне басқа қызмет түрлерін жүзеге асыруда — 50 адам.
2.5 Қазақстан  Республикасында  шағын  кəсіпкерлікті  тиімді  дамытудың
макроэкономикалық алғышарттары
Қазақстан  Республикасында  жүзеге  асырылатын  экономикалық  реформалар
нарық  шаруашылығы  мен  еркін  кəсіпкерлікті  дамытуға  арналған  жаңа
перспективалардың  құрылуына  септігін  тигізді. Шағын  бизнесті  өнеркəсіптік
секторды əртараптандырумен  бірге  дамыту «Қазақстан-2030» Стратегиясының
негізгі бағыттарының бірін іске асыру болып табылады.
Дамыған  елдердің  тəжірибесі  нарықтық  экономиканың  тұрақты  дамуы
көбіне шағын бизнестің тиімді дамуымен анықталатындығын көрсетеді.


31
Шағын  кəсіпорындардың  санын  дамыған  елдердегі  ЖІӨ (ВВП) деңгейімен
салыстыру  шағын  кəсіпкерліктің  экономикадағы  атқаратын  маңызды  рөлінің
көрнекі  дəлелі  болып  табылады. БҰҰ  деректері  бойынша  əлем  халқының  тең
жартысы  шағын  кəсіпкерлікпен  айналысады. Əрине, бұның  елеулі  үлесі
мемлекетті  дамытуға  тиесілі. Шағын  кəсіпорындар  жалпы  ішкі  өнімнің 50%-
дан 70 %-на дейін береді, демек, елеулі дəрежеде мемлекеттік бюджеттің кіріс
бөлігін қалыптастырып, экономикалық белсенді халықты жұмыс орындарымен
қамтамасыз  етеді. Бұған  қоса, кейбір  елдерде (Қытай, Оңтүстік  Корея) шағын
бизнес  кəсіпорындары  барлық  экспорттық  тауарлардың  кемінде  жартысын
өндіреді. Шағын  кəсіпорындар  инновациялық  идеялар  мен  өнімдерді  жасауда,
ғылымды қажет ететін жəне жоғары технологиялық өндірістерді дамытуда көш
бастайды, бұл  олардың  дамуында  жаңа  қосымша  мүмкіндіктерді  ашады.
Сонымен  қатар, шағын  бизнестің  күшті  жақтары  қатарында  теңгерілген  даму
мен  жоғары  тиімділікті  атауға  болады. Өз  нарығында  сенімді  орнын  тауып,
оның  конъюнктурасының  өзгерістеріне  жедел  жауап  қайтара  отырып, шағын
кəсіпкерлік  бəсекеге  қабілетті  ортаны  қалыптастыруға  қатысады, сол  арқылы
нарықтық экономикаға қажетті иілімділік береді.
Соңғы 
жылдары 
Қазақстан 
Республикасында 
макроэкономикалық
жағдайдың  жақсаруы  байқалады. Осы  орайда 2002-2007 жылдары  жоғары
экономикалық  өсу  байқалған, ол  сыртқы  факторлардың (бірқатар  елдердің
экономикаларының жандануы жəне əлемдік тауар нарықтарында жағымды баға
шарттары) жəне  ішкі  факторлардың (өнеркəсіптік  өндіріс  көлемінің  ұлғаюы,
басқа  секторлар  дамуының  оң  динамикасының  сақталуы) əсері  есебінен
қамтамасыз етілген.
Шағын  кəсіпкерлік  ұлттық  өнім  өсіміне  қатысады. Еліміздегі  шағын
бизнестің  тиімді  дамуы  осының  дəлелі, оның  жұмысының  нəтижелері
Қазақстан  кəсіпкерлерінің  Конгресінде  атап  өтілді. Қазіргі  кезде  өнеркəсіптік
өнім  көлемінің 85% жеке  сектормен  өндіріледі. Елдің  ЖІӨ-дегі  шағын  жəне
орта  бизнестің  үлесі  əзірше  шамамен 25% құрайды, экономиканың  жеке
секторында  еңбекпен  қамтылған  халықтың 60%-нан  астамы  еңбек  етеді.
Дегенмен  қазақстандық  шағын  бизнес  кəсіпорындарындағы  өнімділік  деңгейі
əттеген-ай дерлік пікір қалдырады.
Сөзсіз, Қазақстан  Республикасындағы  шағын  кəсіпкерліктің  тиімді  дамуы
үшін сəйкес макроэкономикалық алғышарттар болуы тиіс.
Сондықтан Қазақстан  Республикасындағы  шағын  бизнесті  бəсекеге
қабілетті ортаның қалыптасып дамуына, инновациялық үдерістердің күшеюіне
жəне 
Қазақстан 
экономикасының 2003-2014 жылдарға 
арналған
индустриалдық-инновациялық  даму  стратегиясын  жүзеге  асыруға  септігін
тигізетін құрылымдаушы фактор ретінде қарастыру əбден орынды.
Мемлекеттік  бағдарламаларды  іске  асыру  шағын  кəсіпкерлікке  əсер  етіп,
республикада  тауарлар  мен  қызметтердің  бəсекеге  қабілетті  нарығын  құруға
мүмкіндік  берді. Мұны  шағын  кəсіпорындардың – акционерлік  қоғамдардың,
шаруашылық  серіктестіктер  мен  өндірістік  кооперативтердің  саны  қалай  өсіп
келе  жатқандығынан  байқауға  болады. Бүгінде  Қазақстан  Республикасының


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау