Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет12/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85

34
бойынша  жабдықтар  мен  технологияларды  сатып  алу  жəне  франчайзингілік
қатынастарды  кеңінен  тарату  есебінен  жағдай  тудыру  қажеттілігі  туралы  айта
кеткен жөн.
Демек, индустриалдық-инновациялық 
даму 
стратегиясы 
тұтыну
тауарларының 
өндірісіне  Қазақстан 
экономикасы 
дамуының 
басым
бағыттарының  бірі  ретінде  қарауға  мүмкіндік  береді, онда  зерттеліп  отырған
жиһаз  жасаумен  жəне  киім  тігумен  айналысатын  шағын  кəсіпорындардың
өнімін де жатқызуға болады.
Республиканың  барлық  экономикалық  салалары  ішінде  нарықтық  жүйеде
жұмыс  істеуі  үшін  ең  қиын  жағдайда  қалған  тұтыну  тауарларының  өндірісі
оның даму мəселелерін қайта қарауды талап етеді.
2.5. Кəсіпкерлік тəуекел.
Кəсіпкерліктің  кез  келген  түрі  əдетте  шаруашылық  немесе  кəсіпкерлік  деп
аталатын  тəуекелмен  байланысты  болады.
Тəуекел — бұл  мүмкін  нұсқамен
салыстырғанда табыстың азаюы немесе шығындардың пайда болу мүмкіндігі.
Кəсіпкерлік тəуекелдің пайда болуының негізгі алғышарты ретінде кəсіпорын
дамуының, оның тиімді жұмыс істеуінің қандай да мəселелерін шешудің балама
нұсқалары  мен  бəсекелестіктің  болуы  саналады. Шаруашылық  немесе
кəсіпкерлік  тəуекелдердің  жіктелуі  көптеген  критерийлер  бойынша  жасалады
(2.1).
Глобальды (жалпы  мемлекеттік) жəне жергілікті (кəсіпорын  деңгейінде)
тəуекелдер  ажыратылады. Бұл  тəуекелдер  өзара  шартталған, бір-біріне  ықпал
етеді жəне сонымен қатар, автономды болып табылады. Мысалы, салық, несие-
қаржы  саясаты  тұрғысынан  мемлекет  деңгейінде  шешім  қабылдау  кəсіпорын
қызметіне тəуекел элементтерін енгізеді. Жəне керісінше, кəсіпорын деңгейінде
қабылданған  жеке  шешімдер, əсіресе  өндіріс  ассортименті  мен  көлемі,
технологиялық  үдерістерді  ендіру, əлеуметтік  бағдарламаларды  орындау  жəне
т.б. бойынша  шаралар  жалпы  мемлекеттік  мүдделерге  қарама-қайшы  келіп,
глобальды тəуекелдерге ілесуі мүмкін.
Кəсіпорын  тəуекелдері  ұзақмерзімді  жəне  қысқамерзімді  болып  бөлінеді.
Ұзақмерзімді  жергілікті  тəуекел кəсіпорынды  дамытудың  болашағымен
байланысты. Бұған  өндірістік  дамуға  бөлінетін  негізсіз  аз  аударымдарды,
кəсіпорынның кадрлық саясатының кемшіліктерін, жаңа бəсекеге қабілетті өнім
жасау  бойынша  жұмыстың  жүргізілмеуін  жəне  т.б. жатқызуға  болады.
Қысқамерзімді немесе конъюнктуралық  тəуекел  нарық  конъюнктурасының
талдауын  ұйымдастырудың  тиімсіз  түрлерін, жауапсыз  контрагентті жəне
т.б. таңдау барысында орын алуы мүмкін.
Ықпал ету дəрежесіне қарай, кəсіпкерлік тəуекелдің келесі түрлері белгілі:
• өндірістік;
• коммерциялық;
• қаржы;
• несиелік;
• пайыздық.


35
Өндірістік  тəуекел  өнім, тауар  жəне  қызмет  өндірумен, өндірістік
қызметтің кез келген түрін жүзеге асырумен байланысты. Мұндай тəуекелдің
пайда болу себептері арасында — өндіріс көлемдерінің азаюы, өнім сапасының
сұранысқа  сəйкес  келмеуі, материалдық  шығындардың  өсуі, жоғары
пайыздардың, аударым, салықтардың жəне т.б. төленуі.
Коммерцялық  тəуекел кəсіпкермен  өндірілген  немесе  сатып  алынған
тауарлар  мен  қызметтерді  өткізу  барысында  пайда  болады. Бұл  тəуекелдің
көздері — конъюнктураның  жағымсыз  өзгеруі  салдарынан  сату  көлемдерінің
азаюы  немесе  басқарушылық  қателер, тауарлардың  сатып  алу  құнының
қымбаттауы, сатып  алулар  көлемінің  күтпеген  азаюы, айналыс  барысындағы
тауар шығындары, айналыс шығындарының артуы.


36
2.1-сурет. Тəуекелдердің жіктелуі
Қаржы  тəуекелдері — бұл  кəсіпорынның  банк  жəне  басқа  да  қаржы
институттарымен  қатынастары  саласында  пайда  болатын  көбіне  алып-
сатарлық тəуекелдер. Қаржы тəуекелдері екі түрге бөлінеді:


37
• ақшаның сатып алу қабілетімен байланысты тəуекелдер;
• капитал салумен байланысты тəуекелдер (инвестициялық тəуекелдер).
ақшаның  сатып  алу  қабілетімен  байланысты  тəуекелдерге  инфляциялық
жəне  дефляциялық  тəуекелдер, валюталық  тəуекелдер, өтімділік  тəуекелі
жатқызылады.
Инфляция  ақшаның  құнсыздануын  жəне  сəйкесінше  бағаның  өсуін
білдіреді. Дефляция — бағаның төмендеуі мен ақшаның сатып алу қабілетінің
артуында көрініс табатын инфляцияға кері үдеріс. Инфляциялық тəуекел — бұл
инфляцияның өсуі барысында алынатын ақшалай табыстың шынайы сатып алу
қабілеті  тұрғысынан  өсуден  көрі  жылдамырақ  құнсыздануының  тəуекелі. Бұл
жағдайда  кəсіпкер  шынайы  шығын  көреді. Дефляциялық  тəуекел — бұл
дефляция  өсуі  барысында  баға  деңгейінің  құлдырауы, кəсіпкерліктің
экономикалық  шарттарының  нашарлауы  жəне  табыстар  мен  тауарлардың
тұтыну құнының төмендеуі орын алуының қаупі.
Валюталық  тəуекелдер сыртқы  экономикалық, несиелік  жəне  басқа  да
валюталық  операцияларды  өткізу  барысында  бір  шетел  валютасының
екіншісіне  қатысты  бағамының  өзгеруімен  байланысты  валюталық  шығындар
қаупін  білдіреді. Өтімділік  тəуекелі — бұл  сапасының  бағалауының  өзгеруі
салдарынан құнды қағаздарды немесе басқа тауарларды сату барысында шығын
болуы мүмкіндігімен байланысты тəуекел. Инвестициялық тəуекелдер ұтылған
пайда  тəуекелін, табыстылықтың  төмендеу  тəуекелін  жəне  тікелей  қаржы
шығындарының  тəуекелін қамтиды. Ұтылған пайда тəуекелі — бұл  қандай да
шараның (мысалы, сақтандыру, хеджерлеу, инвестициялау  жəне  т.б.) жүзеге
асырылмауы  нəтижесінде  жанама (қосалқы) қаржы  шығынының (алынбаған
пайда) орын  алу  тəуекелі. Табыстылықтың  төмендеу  тəуекелі портфельдік
инвестициялар, салымдар 
мен 
несиелер 
бойынша 
пайыздар 
мен
дивиденділердің  көлемін  азайту  нəтижесінде  пайда  болуы  мүмкін. Ол
пайыздық  тəуекелдер  мен  несиелік  тəуекелдерді  қамтиды. Тікелей  қаржы
шығындарының тəуекелі инвестициялық жобаның жүзеге асырылмауы (немесе
ішінара асырылуы) нəтижесінде пайда болады.
Несиелік  тəуекел — борышкердің  негізгі  қарызды  жəне  несиегерге  тиесілі
пайыздардың  төленбеу  қаупі.
Пайыздық  тəуекелдерге
коммерциялық
банктердің, несиелік мекемелердің, инвестициялық  институттардың тартылған
қаражаттар бойынша төлейтін пайыздық мөлшерлемелерінің берілген несиелер
бойынша  мөлшерлемелерінен  артуы  нəтижесінде  көретін  шығындарының
тəуекелі  жатады. Пайыздық  тəуекелдерге  инвесторлардың  акциялар  бойынша
дивиденділердің, облигация, сертификат  жəне  басқа  да  құнды  қағаздар
бойынша нарықтағы пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне байланысты көруі
мүмкін шығын тəуекелдері жатқызылады.
Пайыздың  нарықтық  мөлшерлемесінің  өсуі  құнды  қағаздардың, əсіресе
пайызы  бекітілген  облигациялардың  бағамдық  құнының  төмендеуіне  алып
келеді. Пайыз  көтерілген  кезде, неғұрлым  төмен  бекітілген  пайызбен  жəне
эмитентпен  мерзімінен  бұрын  қайта  қабылданатын  шығарылымдардың
шарттары  бойынша  айналысқа  шығарылған  құнды  қағаздардың  нарыққа


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау