Академиялық еркіндік жəне мəдени іс-шаралар
Үкімет академиялық еркіндікке тұтас шек қоймайды, бірақ Президент пен оның отба-
сының абыройы мен ар-намысын даттауға тыйым салу сияқты жалпыға бірдей шектеулер
ғылыми қызметкерлерге де қатысты. Сол себепті көптеген ғалымдар өзін-өзі цензура-
лайды. Қаңтарда ғалымдар тобы ғылыми жұмыстарға гранттар бөлу кезінде сыбайлас
жемқорлықты жоюды сұрап президентке хат жолдады. Ғалымдар гранттарды бөлу
жөніндегі Ұлттық ғылыми кеңесті гранттарды əділетсіз бөлгені үшін сынға алды. Бұған
жауап ретінде Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті полицияға шағым түсірді,
Алматыдағы Астрофизика институтының ғалымы президентке хат жолдаған кезде жалған
қол жинады деген айыппен іс қозғады. Əрі қарайғы əрекет айтылған жоқ.
b. Бейбіт жиындар жəне қауымдастық еркіндігі
Бейбіт жиындар еркіндігі
Заңда жиналу еркіндігіне шектеу қойылған, алайда бұл заңға қатысты айтарлықтай шекте-
улер болды. Заң жиындар, қоғамдық митингілер, демонстрациялар, шерулер, пикеттер
мен ереуілдер əлеуметтік жəне саяси тұрақтылықты бұзып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп
төндірсе, оларды санкцияланбаған іс-шаралар деп белгілейді.
Заң бойынша, заңсыз жиналыстарды ұйымдастыруға немесе қатысуға, сондай-ақ
мүлікпен, байланыс құралдарымен, құрал-сайманмен жəне тасымал құралдарымен қамту
түрінде көмек көрсетуге, егер аталған көмек түрлері азаматтардың құқықтары мен
заңды мүдделеріне, ұйымдарға немесе қоғам жəне үкіметтің заңмен қорғалған мүдде-
леріне елеулі зиян келтірсе, айыппұл салынады.
Заңға сəйкес ұйымдар жергілікті билік органдарынан демонстрация немесе қоғамдық жи-
налыс өткізуге рұқсат алу үшін кем дегенде 10 күн бұрын өтініш жасаулары керек.
Оппозиция өкілдері мен адам құқықтарын қорғау бақылаушылары қоғамдық
жиналыс өткізу процедурасын күрделі жəне анық емес дейді жəне 10 күндік хабарлама
мерзімі адамдарға қоғамдық жиналыстар мен демонстрацияларды ұйымдастыруға
қиындық туғызады. Сондай-ақ жергілікті билік органдары демонстрация өткізу
бойынша көптеген өтініштерді қабылдамайды немесе қала орталығынан алыс жерде
өткізсін деген шартпен ғана рұқсат береді.
Алматыдағы белсенділер олимпиада жүлдегері Денис Теннің өлімінен кейін полиция ре-
формасын талап ету үшін 4 тамызда қоғамдық жиналыс өткізуге өтініш білдірді. Қала
əкімшілігі Алматыдағы қоғамдық іс-шараларға арналған жалғыз жерде басқа іс-шара
өтетінін айтып өтінішті қабылдамады. Астана қаласы əкімдігі де демонстрация өткізуге
өтінішті қабылдамады. Алматылық белсенділер кейіннен келесі айдың кез-келген күні жи-
налыс өткізуге 31 өтініш жіберді; қала əкімшілігі ешбірін қабылдамады.
10 мамырда бірнеше ондаған адам саяси тұтқындарды босату жəне азаптауларды тоқта-
туды талап ету үшін қашқын банкир, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ)
заңсыз қозғалысының басшысы Мұхтар Əблязовтың бастамасымен наразылық акциясына
шықты. Наразылық үкіметтің қолдауына ие болмады. Белсенділердің айтуынша, полиция
наразылық білдірушілерді таратып, бірнеше адамды, соның ішінде кездейсоқ жолаушылар
мен кəмелетке толмағандарды ұстады. Ұсталғандардың кейбіріне айыппұл салынды
немесе қысқа мерзімді əкімшілік қамауға алынды. Үкімет ұсталған немесе жазаланған
наразылық білдірушілердің саны туралы ешқандай ресми мəлімет бермеді.
23 маусымда ҚДТ тағы бір заңсыз митингі ұйымдастырды. Полиция наразылық акцияла-
рына қатысты деген күдікпен бірнеше адамды алдын-ала қамауға алды. Адам құқықтарын
қорғау жөніндегі ұйымдардың хабарлауынша, тұтқынға алынғандардың арасында
жолаушылар, қарт адамдар, жүкті əйелдер мен балалар болды. Бірнеше қалаларда іс-ша-
раны түсіріп-хабарлауға келген журналистер қысқа уақытқа ұсталды. Барлық ұсталғандар
полиция учаскелеріне жеткізіліп, бірнеше сағат бойы тамақсыз жəне сусыз қамауда ұста-
лынды. Адам құқықтарын бақылаушылар полицияның адамдарды негізсіз қамауда
ұстағанын жəне тұтқындарды қамауда ұстау барысында көптеген процедуралық заң
бұзушылықтар жібергенін сынға алды. Ұсталғандардың саны туралы ресми мəлімдемелер
жоқ. Құқық қорғаушылар Алматыда жүзден аса адам, Астанада отыз, ал Шымкентте
кемінде он адам ұсталғанын мəлімдеді. Кейбір қалаларда наразылық білдірушілер полици-
яның араласуынсыз тарап кетті.
Қауымдастық еркіндігі
Заң қауымдастықты шектеулі еркіндікпен қамтамасыз етеді, алайда аталмыш заңға
қатысты елеулі шектеулер қойды. Қоғамдық ұйымдар, діни топтар құрған жағдайда
Əділет Министрлігінде, сондай-ақ іс-шараның өту орнына байланысты əр өңірдің
жергілікті əділет басқармаларында тіркелуге тиіс. Заң қоғамдық немесе діни қауымда-
стықтан іс-шаралардың нақтылығын анықтауды талап етеді, ал талаптан тыс əрекет
жасайтын қауымдастыққа ескерту жасалады, айыппұл төлетеді, қызметі уақытша
тоқтатылады немесе тыйым салынады. Тіркелмеген қоғамдық ұйымдарға мүше
болу айыппұлдар, бас бостандығынан айырылу, ұйымның жабылуы немесе іс-шараларды
тоқтату сияқты əкімшілік немесе қылмыстық жаза түрлеріне кесіледі.
ҮЕҰ қоғамдық қауымдастықтарды тіркеуде бірнеше қиындықтардың болғанын
айтты. Үкіметтің мəліметіне сəйкес, ұсынылған құжаттарда сəйкессіздіктер болған.