Қазақстан 2018 адам қҰҚЫҚтары жөніндегі баяндама



жүктеу 3,91 Mb.
Pdf просмотр
бет10/19
Дата28.12.2019
өлшемі3,91 Mb.
#25282
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

 

 

 



 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

Бөлек заңнамада  қамтылған  діни  топтардан басқа мүшелік ұйымдар жергілікті деңгейде 



кемінде  10  мүшеге  дейін  тіркеуі  керек  жəне  мемлекеттік  тіркеу  үшін  елдің  үштен  бір 

бөлігінен астам өңірлерінде бөлімшелері болуға тиіс. Үкімет саяси партиялар мен   кəсіпо-

дақ   ұйымдарын   мүшелік   ұйымдар   ретінде  қарастырды, алайда саяси партиялардан 

тіркелуге 40 000 қол талап етті. Егер басқарма органдары жүйесіз қол қою туралы шағым-

данса,  тіркеу  үдерісі  қолдың  жалпы  саны  қажетті  төменгі  саннан  асқан  жағдайда  ғана 

жалғасуы  мүмкін.  Заң  этникалық,  жыныстық  немесе  діни  негізде  құрылған  партияларға 

тыйым салады. Заң сондай-ақ, Қарулы Күштердің мүшелеріне, құқық қорғау органдары-

ның   қызметкерлеріне   жəне   ұлттық   қауіпсіздіктің   басқа   ұйымдарына, сонымен қатар 

судьяларға кəсіподақ ұйымдары мен саяси партияларға мүше болуға тыйым салады.  

 

2015  жылы  Қазақстанға  іссапармен  келген  БҰҰ  арнайы  баяндамашысы  Майна  Киаидің 



пікірінше,  саяси  партиялар  құруды  реттейтін  заңнама  мəселелерге  толы,  себебі  тіркеуге  

дейінгі    қиындық    келтіретін    міндеттемелерді    жүктейді.    Қиындықтардың    қатарына 

мүшелікке  қойылатын  жоғары  талап,  уақыт  пен  біршама  қаражатты  талап  ететін  толық 

құжаттама  жинап  тапсыру  кіреді.  Мұндай  талаппен  кішігірім  партиялардың  ашылуы 

мүмкін емес.   Майна   Киаи   сондай-ақ   ұсынылған   партиялардың   тіркелуіне   жауапты   

лауазымды тұлғаларға берілген өкілеттілікке, тіркеу үдерісінің  ашық өтпегеніне, үкіметтің  

құжаттарды қарау уақытын мерзімсіз ұзартуына қатысты алаңдаушылық білдірді. 

 

ҮЕҰ  2015  жылғы  қаржы  заңына  сəйкес,  барлық  «үкіметтік  емес  ұйымдар,  еншілес 



компаниялар    жəне    шетелдік, халықаралық    коммерциялық    емес    ұйымдардың 

өкілдіктерінен» «іс-шаралар, оның ішінде құрылтайшылар, активтер, қорлардың көзі ту-

ралы ақпарат  жəне  жұмсалған   қаражат   туралы   есеп»   беру   талап   етіледі.   «Уəкілетті   

орган» бұқаралық  ақпарат  құралдары  тарапынан  жарияланған  баяндамалардың, жеке 

жəне заңды тұлғалардан немесе басқа адамдардан келіп түскен шағымдардың «растығын» 

тексеруге  құқылы.  Растау  барысында  есепте  мезгілсіз  не  күмəнді  ақпарат  анықталған  

жағдайда,  бұл əкімшілік  құқық  бұзушылық  саналады  жəне  53  025  теңге  (159  АҚШ 

доллары)  көлемінде  айыппұл  салынады немесе  бір  жыл  ішінде  заң  бұзушылық  түзетіл-

месе немесе  қайталанса,  үш  ай  мерзімге  дейін  қызметі  тоқтатылып əкімшілік  жазаға 

тартылады.   Төтенше   жағдайларда   үлкен   айыппұлға, ұйымның   қызметінің тоқтаты-

луына немесе жабылуына əкелетін қылмыстық жаза қолдануға болады. 

 

Заң  қоғамдық  қауымдастық  мүшелері  үкімет  жұмысына  заңсыз  араласқан  жағдайда  636 



300 теңге (1 910  АҚШ  доллары)  көлемінде  айыппұл  төлетеді  немесе  75  күнге  дейінгі  

мерзімге  бас бостандығынан  айыру  жазасына кеседі.  Егер заң  бұзушылық  ұйым  же-

текшісінің тарапынан  жасалса,  1,06  миллион  теңге  (3 180  АҚШ  доллары)  көлемінде  

айыппұл  төлеу немесе  90  күннен  аспайтын  мерзімге  бас  бостандығынан  айыру  жазасы  

беріледі.  Заңда «заңсыз араласу» анық жазылмаған. 

 

Заңға  сəйкес,  қоғамдық  қауымдастықтың  басшылары  мен  мүшелеріне  жарғыдан  тыс  



іс-шаралар  ұйымдастырғандары  үшін  айыппұл  салынуы  мүмкін.  ҮЕҰ  мүшелерінің  


 

 

 



 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

ұйымға немесе   жеке   өзіне   байланысты   іс-əрекеттері   арасындағы   айырмашылық   



заңда   айқын көрсетілмеген. 

 

Заң  бойынша  чектер  мен  шетелдік  қорлардың  шығындары,  активтері  жайлы  толық  есеп 



беру міндетті;  сонымен   қатар  шетелдік  қорлардың   көмегімен   жарыққа  шыққан   бар-

лық  жарияланымдарды  белгілеу  міндетті.  Егер  осы  талаптар  орындалмаса,  заң  бойынша 

əкімшілік жəне қылмыстық жауапкершілікке тартылады,   сондай-ақ   шетелдік  қорлармен 

ұйымдастырылған  кездесулер,  наразылықтар,  жəне  осыған  ұқсас  іс-шаралар  өткізуге  

қатаң тыйым салынады. 

 

c. Дін таңдау еркіндігі 

 

АҚШ      Халықаралық      дін таңдау      еркіндігі      есебін      мына      сілтемеден      көруге      



болады 

www.state.gov/religiousfreedomreport/

 

 



d. Жүріп-тұру еркіндігі 

Ел ішінде  жүріп-тұру  еркіндігі  шетелге  баруға,  эмиграцияға  жəне  Отанына  оралуға  

еркіндік  береді. Кейбір  заңды  шектеулерге  қарамастан,  үкімет  бұл  құқықтарға   құр-

метпен  қарайды.  Үкімет мемлекет  ішінде  қоныс  аударған  адамдарды,  босқындарды,  

баспана  сұраған  адамдарды, азаматтығы жоқ адамдарды жəне басқа да тұлғаларды қорғау 

мен көмек көрсету үшін БҰҰ Босқындар    істері    жөніндегі    Жоғарғы    комиссарының    

басқармасымен    жəне  басқа гуманитарлық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды. 

 

Мигранттарды, босқындар мен азаматтығы жоқ адамдарды қорлау: Құқық  қорғаушы  бел-



сенділер  еңбек  мигранттарының,  əсіресе,  реттелмейтін  мигранттардың қыруар   құқық  

бұзушылықтарын   атап   өтті.  БҰҰ   Халықаралық   көші-қон   ұйымы  (ХКҰ) Ресейге 

қайта  келуге  тыйым  салғандықтан  Қазақстанда  қалуды  жөн  көрген  адамдар  саны  артып   

келетінін   баса   айтты.   Үкіметтің   этникалық   қазақ   репатриантарды (оралмандар) 

қоспағанда, мигранттардың   бірігуіне қатысты  арнайы   заңдылық   жоқ.   Көршілес   Ор-

талық   Азия елдерінен  келген  еңбек  мигранттарының  біліктілігі  көбінесе  төмен  жəне  

олар  қол  күші жұмысын    іздейді.    Оларды    қауіпті    жұмыстарға    жұмылдырып,    

көбіне    қысым көрді.   Мигранттардың   құқықтық   мəртебесі реттелмегендіктен олардың 

жағдайы нашар: жұмысшылар өз құқықтарын, халықаралық еңбек ұйымы мен көші-қон  

туралы  заңнаманы,    жергілікті    мəдениетті    немесе    тілді    білмейді.     

 

Белсенділер мигранттардың құқықтарын бұзудың негізгі түрлеріне еңбек келісімшартта-



рының жоқтығы, жұмыс жағдайының нашарлығы, ұзақ жұмыс уақыты, айлықтың төмен-

дігі, айлықты бермеу не кешіктіру, сондай-ақ тиісті баспананың болмауы туралы айтқан. 

Мигрант жұмысшылар адам саудасы  мен  мəжбүрлі  еңбектің  құрбаны  болу қаупіне  ұшы-

рады,    ал    Халықаралық    еңбек  ұйымы  мигранттардың  сот  жүйесіне,  əлеуметтік  көмек 

немесе алғашқы медициналық көмек алуға шектеулі қолжетімділігі мен қолжетімсіздігін 



жүктеу 3,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау