Қазақстан 2018 адам қҰҚЫҚтары жөніндегі баяндама



жүктеу 3,91 Mb.
Pdf просмотр
бет12/19
Дата28.12.2019
өлшемі3,91 Mb.
#25282
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

 

 

 



 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

жылдар бойы елде тұрып  жатыр. Олардың  «уақытша тұратын  шетелдіктер» мəртебесі 



1951 жылғы  Конвенцияда  жəне  заңда  көрсетілген  құқықтардың  толық  кешеніне  қол  

жеткізуге кедергі   келтіреді.   Босқын   мəртебесі   бір   жылға   беріледі   жəне   жыл   сайын   

жаңарып  отырылуға  тиіс.  Биыл  босқындардың  жарамды  төлқұжаты  болған  жағдайда 

тұрақты тұруға өтініш беруге мүмкіндігі болды. Кейбір босқындар биыл тұрақты тұруға 

рұқсат  алды  жəне  олар  бес  жыл  өткеннен  кейін  Қазақстан  азаматы  бола  алады.  Заңда 

сондай-ақ, ерекше мұқтаждықтары бар босқындар мен пана сұраушы босқындарға жағдай 

жасау  туралы  ережелер  жоқ.  Босқындар  ел  азаматтары  сияқты  білім  алуға  жəне  денсау-

лығын күтуге құқылы, бірақ əлеуметтік жəрдемақылар мен жеңілдіктер ала алмайды. 

 

БҰҰ  БЖКБ  үкіметпен  босқындар  мен  баспана  іздеушілерге  көмек  көрсетуде шынайы 



қарым-қатынастар   орнатқанын   хабарлады.   Үкімет əдетте   БҰҰ   БЖКБ-ның тұтқын-

далған  шетелдіктерге  тиісті  түрде  қарауға  жəне  мəртебелерін    əділетті    анықтауға 

мүмкіндік берді. 

 

Үкімет жалпылай алғанда жергілікті босқындар топтарына сабырлықпен қарайды. 



 

Тəуелсіз     Мемлекеттер     Достастығы     (ТМД)     аумағында     Минск     көші-қон туралы 

конвенциясына сəйкес, үкімет шешендерді босқындар ретінде танымады. Шешен азамат-

тары кез-келген  ТМД  азаматтары  сияқты  180  күнге дейін  уақытша  тұрғын заңды  мəрте-

бесін  алады.  Бұл уақытша тіркеу ұзартылып тұрады, бірақ жергілікті көші-қон лауазымды 

тұлғалары уақытша тіркеудің ұзартылуын өз қалауымен жүргізеді. 

 

Үкімет  Қытаймен  бір  елдің  аумағында  басқа  елдің  этникалық  сепаратистерінің  болуына 



жол бермеу туралы келісімге қол қойды. БҰҰ БЖКБ мəліметі бойынша, жылдың бірінші 

тоғыз айы ішінде үш ұйғыр босқын мəртебесін алды. 

 

Азаматтығы жоқ адамдар 

 

Конституция мен заң азаматтығы жоқ адамдармен қарым-қатынас жасау жолдарын ұсы-



нады  жəне      мемлекет      жалпылай      алғанда,      елдегі      азаматтығы      жоқ      адамдардың   

ауыртпалығын  елеулі    түрде    жеңілдету    жөнінде    өз    міндеттемелерін    қабылдады.  

Қыркүйектегі  жағдай бойынша,  шамамен  6900  адам  ресми  түрде  азаматтығы  жоқ  адам 

ретінде  тіркелді.  Елде азаматтығы  анықталмаған,  нақты  азаматтығы  жоқ  немесе  аза-

маттығын  жоғалту  қаупі  бар азаматтардың  басым  көпшілігінің  жеке  басын  куəланды-

ратын    құжаттары    жоқ,    ТМД    елдерінде  берілген  жеке  куəліктері  бар  немесе  кеңес 

дəуіріндегі  паспорттары  бар.  Бұл  адамдар  əдетте  шалғай  жерлерде  ресми  құжаттарсыз 

тұрып жатты.  

 

2017 жылдың шілдесінде Президент Үкіметке ауыр терроризм жəне экстремизммен байла-



нысты қылмыстары   үшін   сотталған   адамдарды,   соның   ішінде   «мемлекеттің   мүдде-

леріне   зиян келтіргені үшін» Қазақстан азаматтығынан айыруға мүмкіндік беретін заңға 

қол қойды. 



 

 

 



 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

 



БҰҰ БЖКБ-ның деректері бойынша, заңда азаматтығы жоқ адамдар деп танылған адам-

дарға бірқатар  құқықтар  қарастырылған.  Ресми   түрде  тіркелген   азаматтығы  жоқ  адам-

дардың құқықтық  мəртебесі  құжатталған  жəне  азаматтығы  жоқ  адамның  куəлігі  түрінде  

10  жылға тұрақты  тұру  құқығына  ие  болып  саналады.  Заңға  сəйкес,  елде  бес  жыл  

тұрғаннан  кейін азаматтығы  жоқ  адамдар  азаматтық  алуға  өтініш  бере  алады.  Тұрақты  

тұратын    жері    бар,  бірақ  ресми  түрде  азаматтығы  жоқ  деп  танылған  адамдардың  елде 

туылған  балалары  азаматтар  деп  танылады.  Елде    жақын    туыстары    бар    этникалық  

қазақтар  үшін,  сондай-ақ  келісімге  сəйкес, Украина, Беларусь, Ресей жəне Қырғызстан 

азаматтары үшін құқықтық процедура бар. Заң Үкіметке   азаматтық   алу   өтінішін   қара-

уға   алты   ай   уақыт   береді.   Кейбір   үміткерлер бюрократиялық  үдерістің  ұзаққа  

созылуы    себебінен    азаматтықты    алу    созылып  кететініне  шағымданды.  Қысқаша 

айтқанда,  заңда  азаматтығы  жоқ  адамдарға  жеңілдетілген  азаматтық  құқық  беру  рəсімі    

көзделмеген.    Қолданыстағы    заңнама бойынша,   ата-аналардың    жеке    басын куəлан-

дыратын  құжаттары  жоқ  болса,  балаларының  туу  туралы  куəліктерін  ала  алмайды,  бұл 

олардың  білім  алуға,  тегін  медициналық  көмекке  жəне  жүріп-тұру  еркіндігіне  кедергі 

келтіреді. 

 

Өтініштері  қабылданбаған  немесе  азаматтығы    жоқ  адамдардың    мəртебесі  кері  қайта-



рылған жағдайда шешімге шағымдануы мүмкін, бірақ мұндай өтініштерді қарау ұзаққа со-

зылады. 


 

Ресми  түрде  азаматтығы  жоқ  адамдар шетелдіктер сияқты  тегін медициналық көмекке 

қол жеткізе алады, бірақ бұл Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму  министрлігі  бекіткен  

тізім  бойынша,  жедел    көмек  алумен  жəне    21    жұқпалы    ауруды  емдеумен    шектелген.  

Ресми  түрде  азаматтығы  жоқ  адамдар  мемлекеттік  лауазымдардан басқа  жұмысқа  ор-

наласуға  құқылы.  Еңбек  келісімшарттарын  жасау  кезінде  қиындықтар туындауы мүмкін. 

Өйткені болжалды жұмыс берушілер бұл заңды құқықты түсінбеуі не одан хабарсыз болуы 

мүмкін. 


 

БҰҰ   БЖКБ   мəлімдегендей, жеке   басын   куəландыратын   құжаттарсыз   азаматтығы   

жоқ адамдар   заңды   жұмыс   істей   алмайды, ал   бұл   заңсыз   еңбек   миграциясы,   

сыбайлас жемқорлықтың өсуіне жəне жұмыс берушілер арасында билікті асыра пайдала-

нуына əкеліп соқтыруы мүмкін. Азаматтығы жоқ адамдардың балалары да азаматтығы жоқ 

деп танылады. 

 

3-бөлім. Саяси процеске қатысу еркіндігі 

 

Конституция   мен   заң   азаматтарға   өз  үкіметін   жасырын   дауыс   беру   арқылы 



жалпыға  бірдей  жəне  тең  сайлау  құқығы  негізінде  өткізілетін  еркін  жəне əділ  сайлауда  

таңдауға  мүмкіндік  береді,  бірақ  үкімет  бұл  құқықты  қолдануды қатаң шектейді. 

 



жүктеу 3,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау